Түсінісу заңы

ТҮСІНІСУ ЗАҢЫ

Елесі сыйлағанда қиялға үміт,
Қайрады батылдығын ұяң жігіт.
Кездесті сәті түсіп ғашығымен,
Алатауда жүргенде мұнар қуып.

— Бойжеткен!
Мен сені сүйетін едім,
Сезбеп пе ең?!
Сенетін едім.
Не айтсаң да көнетін едім,
Тек сенен бақытымды көретін едім!


Қыз күлді,
Аспан да ашылды жарқырап,
Кейде соның барлығы артық-ақ.
Үмітін жігіттің селге кетірердей үн қатты,
Батылдық ұшты жартылап.
– Жігіттер,
Алдайсыңдар!
Сендер сондайсыңдар.
Тұтанасыңдар, жанбайсыңдар,
Бірақ,
Сонда да қоймайсыңдар!

Жігіттің намысы жанды,
Бәрін елемей,
Айтты ойларын шегелей.

– Жоқ,
Олай емес,
Қыздар!
Қызықсыңдар,
Кейде тұнықсыңдар,
Кейде бұзықсыңдар.

Кейде сенбейсіңдер,
Көре тұрып көрмейсіңдер.
Сезе тұрып сезбейсіңдер,
Көне тұрып көнбейсіңдер,
Шын уәде бермейсіңдер,
Қыздар,
Сонда не дейсіңдер?

Мөлдіреген жанарына нұр тұнып,
Қалды ғажап бір сезімге тұншығып.
Тілі бұлқынып,
Жауап қатты іркіліп.
–Тез жанғасын,
Тез өшеме деп қорқамыз да,
Талқыға саламыз ортамызда.
Жігіттер бір кемшілік бар баршаңызда.
Біз сендер қорғайды десек,
Жүргілерің келеді қалқамызда.
Ұмытасыңдар кейде бізді,
Жан бақты деп біздің арқамызда.

Жігіт қарады сезгендей ұятты,
Бұзып мұнарды тіл қатты.

–Қыздар,
Түсіну керек адамға,
Сендерді бағу оңай дейсіңдер ме
Мына заманда,
Толып жатыр бас ауыртар іс қоғамда.
Панамыз деп,
Баламыз, шағамыз деп,
Жұмыс істеп шабамыз кеп,
Кездесеміз жақсыға да, жаманға да,
Көнеміз ғой оған да.
Еркелетуге мүрсәт таппаймыз, әманда.

Мейірім керек маған да.
Соны түсінбейсіңдер,
Сосын түсін дейсіңдер,
Бұларың дұрыс болар ма?!

Қыз шаттана
Қымсына қарап, әлденеге ойлана,
Сөз бастады жайлана.
— Иә, түсінемін,
Алшы сен де түсініп.
Болмау үшін түсінбестік,
Алған жөн ғой барлық істі пісіріп.
Билесе де екеумізді тіршілік,
Қалмау үшін бұл өмірде өкініп,
Қалмау үшін күрсініп,
Болу керек түсінік.

Жігіт тұрды жанарына нұр ойнап,
Атып келе жатқандай таң арайлап.
Сұлу қыздың бұрымынан сипады,
Тіл қатты әрі қарайлап.
–Рахмет!
Үмітімді тұтаттың,
Дұрыс астың асуынан сынақтың.
Лайланбайтын,
Лайлауға да болмайтын,
Шөліркеген жан ішетін бұлақсың!
Түсіндің де,
Мені сондай қуанттың,
Сені сосын ұнаттым,
Тілегімді қабыл алшы!?
Қымбаттым!

–Мен де айтамын бақытымды таптым деп,
Жігітке тән мінезіңмен жақтың деп.
Сеніменен жалғасса екен арманым,
Саған ғана арналады ақ тілек.
Сен деп соққан пәк жүрек!
–Жықпау үшін ақ отаудың діңгегін,
Сені мәңгі бақытты етем, сүйгенім!
Қинаса да тірліктің күйбеңі,
Қуартпаймын махаббаттың гүлдерін!
Ұрласа да төзімімді күндерім,
Ренжітпеуге,
Ренжімеуге серт етем!
–Ақылымды,
Түсінуді,
Махаббаттың,
Өмірімнің көркі етем!!!
Мәңгі бірге болуға,
Мәңгі бірге жануға,
Серт етейік, кел, Еркем
–Сер етейік, Қымбаттым!!!
(Т.Ақниет)Блог - AknietTanirbergenkyzy: Түсінісу заңы
Бөлісу:

18 пікір

Ispek92
Ақниет ханым жақсы жазады екенсің, пападес, сенен бірдеңе шығады
Соңғы түзету:
Adiletshu
Баяғыда бізбен оқыған оралман бала «Пилпагтың пербашкалары ғой» деп еді бір қыздарды. Пилпагтасың ба
AknietTanirbergenkyzy
Иә, бірақ мен пербашка емеспін ғой!!!
VKM
күүүшті!
AknietTanirbergenkyzy
Көңіліңізге ризашылығымды білдіремін!!!))
bizbike
Тастама тек, жалғастыра бер! Сосын жазғандарыңды сақтап қой, жыртып, жағып жіберуші болма!
Armanjan
Ақниет нешінші сыныпта оқисың?
Aldeken
Ақниет нешінші сыныпта оқисың?
Арманжан, алыстан бастапсың ғо, әңгімені...
Ақниет, сақ бол…
AknietTanirbergenkyzy
Ескерткеніңізге рахмет!!!))
AknietTanirbergenkyzy
Мен мектеп оқымаймын, әлі садикте оқимын!!!!!))
Armanjan
Айналайын Ақниетжан балабақшада қалай бәрі жақсы ма, тәрбиешілерің ұрыспай ма? нөмірі нешінші бақшадасың, барып қолыңа кәмпит ұстатып кетейін дегем, сосын өлең жайлы айтатын болсақ сен асықпа жарай ма, мектеп қабырғасын аттағасын, 9-10-сыныптарға таман жеткесін ептеп қолыңа аларсың жарай ма!
AknietTanirbergenkyzy
Сіздің кәмпитіңіздің маған керегі жоқ!!! Ал өлеңге келетін болсам, маған жаз, жазба деп айтатын адам сіз емес!!! Адамды шағып сөйлегенді ұнататын секілдісіз?! Құдай қаласа, биыл (сіздікінше балабақшаның) университеттің 4 курсын бітіремін!!!
Armanjan
Ақниет не ғо, «нешінші сыныпта оқисың» деген сөздің астарында — өлең саған қол емес, прозаны бір байқап көр деген ой жатыр. Әйтпесе мұндай «ботқаларды» мектепте 5-7-сынып оқушылары мектепішілік конкурстарда шимайлап жіберіп жарысып жататын. Ал төртінші курстың студенті кішкене алды-артына қараушы еді…
AknietTanirbergenkyzy
Сізге тағы да қайталап жазамын, маған өлеңді жаз, жазба деп айтатын адам сіз емес!!!
Ұнамаса өлеңім,
Оқымай-ақ қой, мейлің!
Жазба, жаз деп өлеңді,
Айтатұғын сен бе едің?!
Ұнатқандар бағасын,
Береді деп сенемін.
Мен жазбаймын өлеңді,
Жүрек жазад көңілмен!
Соңғы түзету:
Olzhass
өлеңің ұнады Ақниет) көзімізді осылай қуанта бер