Бұл қай керекші? #5 (Эстафета)
Кезекті керектің қаһарманын тауып көріңіз, бірден айтып қойсам, бұл Sashok емес
Данияр брат секілді шәйнәәәәп бергім келмейд, табуға тырысайық, табылмаса эстафетаның күні қараң болғаны да енД, шамалы пәдіскәзкі: бұл кісіміз көп сөйлемейд ken байқаған шығарсыз, жауаптары нақты әрі қысқа, ал сәттілік керекшілер !!!
1. Керекинфодағы сіздің ойыңызша ең қызықты қауымдастық?
«Менде бір керемет сюжет бар», сосын "үлкендердің әңгімесі" деп ойлаймын.
2. Қолыңызда сиқырлы таяқ, керекке қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
Кей қолданушылардың бас сұқпай кеткені болмаса қалғанының бәрі көңілімнен шығады.
3. Троллингті қаншалықты жақсы көресіз? Керектегі кімді(Сатекемізден басқа) керемет тролль санайсыз?
Керекинфоға келгендердің көбі тролль боп кетіп жатады. Біреуді мазақ қылған реалда да қызық қой. Ең мықты тролльдердің бірі Гастарбайтер шығар.
4. Жалпы сіздің ойыңызша PatriotKZ деген кім? Асқан ұлтшылдықпен жазған пікірлерін бәріміз көріп жүрміз, сіздің ойыңызша ол кісінің көздегені не?
Кім екеніне бас ауыртпаппын. Көздегені қазақ ұлтын түзеу шығар.
5. Футболдағы оффсайдты жалпы әйел қауымы түсіну қиын, сіз оларға қалай түсіндіріп берер едіңіз?
Бетпе-бет отырсақ түсіндіріп бере алар едім. Ал былай жазғанға түсіне қоймайтын шығар.
6. «Көкжалдар мекені» сериалындағы сүйікті кейіпкеріңіз?
Фанаты емеспін. Муро мен қасындағы көмекшісінің арасындағы диалогтары қызық еді
7. Әлемдік кинотуындылардан қай тарихи фильмді қайта-қайта қарай беруден жалықпар едіңіз және не себепті?
Тарихи фильмдерді бір көргенім жетіп жатыр. Гладиатор, Троя, Соңғы самурай, Александрлар ұнады. Осылады қайталап көруге болады
8. 2050 жылы Қазақстандықтардың саны шамамен қанша болады деп ойлайсыз?
30 млн. шамасында болатын шығар.
9. Тұрақты сұрақ, сүйікті әнегіңізді айтып берсеңіз?
Қожанасыр көршісіне
— Ұят болды, масқара ұят болды
— Оу, Қожеке, неден ұялып тұрсың
— Кеше үйге ұры түсіп еді. Үйде ұрлайтын дым жоқ. Ұят болды
П.С: Сыйлық үшін рахмет
апкеша тегтерді оқымадызба, сізге бұтақты сатам деп отырғо. Сатып
болсада алынызсай , сіздің сұрақтарыңыз қызыыыық болатын сияқты
шееее
ілмекке жазқойыпсың?жеке куәлігіңнің ксерокопиясын жекемен жібер. егер кәмелетке толған болсаң, міндетті түрде қосады