Тек келбеті сәл келсе болғаны
Жиырма жастағы Руфина күйеуге шықты. Күйеуіне тұрмысқа шықпай тұрып оның нашаға әуестігін байқамапты, күйеудің туыстары да білдірмеді.
Денесіне тиген соққылар ауыр тигенімен, ештеңе сезбейді, барлық нерв талшықтары үзілгендей. Көзі қарауытып кетіп барады. Күйеуінің ащы дауысы бәсеңдей –бәсеңдей жаңғырық болып қайталанады:
— Қайда, қайда жібердің? Тап! Тап! — соққыдан қарақұсымен қабырғаға соғылды. Жүрегі айнып, лоқсып, құсық тамағында, бұлшық еттері босап, сылқ етіп құлап түсті.
Біраз уақыттан соң.
Көзін ашты, дүние тоқсан градусқа төңкеріліп түскендей. Бөлменің едені тік тұрған қабырға секілді. Ішінен ойлайды:
— Орындық тұр төмен құламай. Үстел, тоңазытқыш бәрі төмен сырғып түсіп құлау керек қой?
Бел тұсынан ер адам силуэті жақындағанда, тас еденнің суығы өне бойына бір-ақ енді.
— Жақындады, жақындай түсті, — деген ойдан әйелдің көзі бұлдырлап, азаптаушысын көргісі келмеді.
Денесінің сыртынан қаптап, еденге бекітіп қойған көрінбейтін қалыпты бұзып, атып тұрмақшы, тізерлеуге ғана шамасы жетті. Қол созар жерде тұрған орындықты ұстай алғанда, орындық ауып, онымен бірге өзі жығылды. Бауырымен жорғаламақшы, осы кезде шашынан жоғары тартып, қабырғаға сүйеп жатқандай сезді. Ойы:
— Қазір тамағынан алып тұншықтырады.
Ауаны тіліп қозғалған қолдарының епсіз қимылы, қорғаныс емес, қорғанысқа әрекеті ғана. Жауының шабуылына тоқтарына еш сеп тигізбейді. Қолға түскенін сезгенде, қолымен сермегенін қойды. Азаптаушыға қарсылық көрсетер шама жоқ, қалғаны бар болса, қазір көзіне тіке қарағанға жұмсалып, таусылып барады. Ащы дауыс:
— Қайда?..
Әйел көзін жұмып алып, бар дауысымен бақырып жіберді де, тістерімен иығынан тіреп тұрған қолға қырш-қырш тісін батырды.
Учаскелік полицейдің қолын жедел-жәрдем дәрігері танып берді. Осыдан бір-екі минут бұрын. Учаскелік полицейге түскен хабар бойынша анық-қанығын білу үшін есігі шалқасынан ашық жатқан пәтерге кірген. Еденнен тұруға шамасы жетпей құлаған әйел затын көріп, көмекке келген. Бірақ та соққылардан әлі есін жимаған әйел одан қорғанамын деп, жарақаттап тастады.
Жәбірленушіні зембілге жатқызып, жедел –жәрдеммен ауруханаға жөнелтілді. Бір жыл ішінде бір-екі ауруханадан емделген соң, психиатрлық диспансерге жарты жылға емделуге жіберілді.
Руфинаны апайы қолына шығарып алды. Дәрігер емханадан шығарар кезде апайына сіңлісінің мінезінде айрықша өзгерістер байқалса, қаралуға әкелуін сұрады және белгісіз мерзімге дейін диспансер бақылауындағы пациент есебінде есепке алынғанын ескертті.
Апайы екеуі тұра бастады. Күндіз үйде, сыртқа тек апайымен бірге шығады.
Қыста апайы еңбек демалысына шықты. Соны пайдаланып, сіңлісін көбірек қоғамдық жерде жүріп, өмірге жақындатпақшы болды. Қашанға дейін қамалып отырады. Дәрігердің кеңесін ескеріп, өте көп адам шоғырланбаған жерлерді таңдап жүрді. Автобус болса, ішінде көп жолаушысы жоғына отыруға тырысты.
Қаланы тез қараңғы басты. Оның есесіне лезде әртүрлі шамдар жанып, қаланы безендіре түсті.
Автобус ішінде бос орындар көп. Апайы терезеге қарап, көше шамдарының әдемілігін сипаттап:
— Мына жерде күшті, — деп айтып қояды. Кезекті аялдамада екі жас жігіт бос орын іздеп, дәл Руфина мен апайы отырған орындардың артына жайғасты. Бір-бірімен көп уақыттан кейін кездескен жігіттер өткен — кеткеннен естеріне түскен әңгімелерін айтып, күліп қояды. Күлген дауыстары қатты шықты ма, сөздері әсер етті ме, белгісіз, қай қылықтары Руфинаға тиіп кеткені? Орнынан атып тұрып, жігіттердің бетіне тіке қарап:
— Сөйлеме, жап аузыңды! Сөйлеме! — деді.
Екі қолын артқа керіп, бастаған шабуылды апайы тоқтатты. Кенеттен сіңлісінің оң қолында маникюр қайшысының пайда болғанын байқап, арқа жағынан келіп, құшақтай алды да:
-Руфина, Руфина отыр, отыр. Ешкім саған тиісейін деп тұрған жоқ.
Руфина болса өзінің азаптағышынан кек алуды ойынан бір мезетке де шығарған емес. Тек келбеті сәл келсе болғаны.
превьюге сурет алынды мына жерден
Текстегі қателер 19/01/14 жылы сағат, 19:15 түзетілді. 19/01/04 20:47 диалогтарға өзгеріс енгізілді

неге оларды ұрады?
Алла басқа бермесін(
п.с. Менің атым Мерей.
олар өзін әлсіз деп есептемейді! әлсіз бірақ!
… сол қол көтеруге дейін жеткізбей-ақ қоюға болмайды ма? Айтшы, бір моментте үндемей қойса, конфликті аяқтауға болатын ба еді?
сол той кездегі сезім қазір түсінісіз ғой, келмеске кеткен…
Жиырма жастағы Руфина күйеуге шықты. Күйеуіне тұрмысқа шықпай тұрып оның нашаға әуестігін байқамапты, күйеудің туыстары да білдірмеді.
Денесіне тиген соққылар ауыр тигенімен, ештеңе сезбейді, барлық жүйке талшықтары үзілгендей. Көзі қарауытып кетіп барады. Күйеуінің ащы дауысы бәсеңдей-бәсеңдей жаңғырық болып қайталанады:
– Қайда, қайда жібердің? Тап! Тап! – соққыдан қарақұсымен қабырғаға соғылды. Жүрегі айнып, лоқсып, құсық тамағында, бұлшық еттері босап, сылқ етіп құлап түсті.
Біраз уақыттан соң.
Көзін ашты, дүние тоқсан градусқа төңкеріліп түскендей. Бөлменің едені тік тұрған қабырға тәрізді. Ішінен ойлайды:
– Орындық тұр төмен құламай. Үстел, тоңазытқыш бәрі төмен сырғып түсіп құлау керек қой?
Көзіне бұлдыр-бұлдыр анық көрінбей бел тұсынан ер адам сұлбасы жақындағанда тас еденнің суығы өне бойына бір-ақ өте шықты. Ішінен:
– Жақындады, жақындады, – әйелдің көзі бұлдырлағаны азаптаушысының көргісі келмегендігінде.
Денесінің сыртынан қаптап, еденге бекітіп қойған көрінбейтін қалыпты бұзып, атып тұрмақшы. Тізерлеуге ғана шамасы жетті. Қол созар жерде тұрған орындықты ұстай алғанда, орындық ауып, онымен бірге өзі де жығылды. Бауырымен жорғаламақшы, осы кезде оны әлдекім шашынан жоғары тартып, қабырғаға сүйеп жатқандай сезді. Ойы:
– Қазір тамағымнан алып тұншықтырады. Көзімнің жұмғанын қалайды.
Ауаны тіліп қозғалған қолдары –епсіз қимыл, қорғанудың әрекеті ғана. Жауынан қорғануға еш себін тигізбейді. Жауының қолына түсті. Соны сезіп білгенде қолымен сермеп қарсыласуын қойды. Қарсылық көрсетер шама жоқ, бар болса, көзіне тіке қарап қалуға жұмсар еді. Күш қуаты кетіп барады. Құлағы еркектің ащы дауыс:
– Қайда?..
Осы кезде әйел бойындағы барлық күшін бастың жағына жинап, оны иығынан қабырға тіреп ұстап үлгерген еркектің қолына тісін қырш-қырш батырды. Осы әрекетін істемес бұрын күш жинағы келді ме бар дауысыммен шыңғырып жіберді. Көзін қабағымен қатты қысып-жауып, тістерге түсетін күшті ауырлатты ма? Жасар әрекетіне осылай барды.
Учаскелік полицейдің қолын жедел жәрдем дәрігері таңып берді. Ол осыдан бір-екі минут бұрын есігі шалқасынан ашық жатқан пәтерге келіп түскен оперативті ақпарттың растығын немесе жоқтығын білу үшін кірген болатын. Пәтерге кіре сала еденде сұлап жатқан әйел затын көріп, оған көмек көрсетпек болады. Бірақ та оның алдындағы еркектің соққыларынан есін жинап үлгермеген әйел оны сонымен шатастырып, одан қорғанбақ болып, участкелік полицейді жарақаттап тастайды.
Жәбірленуші әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтіледі. Денсаулығының қалыпқа түсуі ұзақ уақыт және жеңіл болмады. Бір жыл ішінде бірнеше ауруханада емделген соң психиатрлық диспансерге жарты жылға емделуге жіберіледі.
Руфинаны апайы қолына шығарып алды. Емханадан шығарар кезде дәрігер апайына сіңлісінің мінезінде айрықша өзгерістер байқалса, қаралуға әкелуін сұрады және белгісіз мерзімге дейін диспансер бақылауындағы пациент ретінде есепке алынғанын ескертті…
Апайы екеуі тұра бастады. Күндіз үйде, сыртқа тек апайымен бірге шығады.
Қыста апайы еңбек демалысына шықты. Соны пайдаланып сіңлісін көбірек қоғамдық жерлерге шығарып, нақты өмірге жақындатпақ. Қашанға дейін сіңілісі қамалып отырады? Жап-жас. Мүмкін оны қоғам қабылдайтын шығар, ол қоғамды қабылдайтын шығар. Жақсы ниетті адамдар бұл өмірде көбірек. Ниеті түзу жан ғана ғана сіңілісінің алдынан шығу тиіс. Тағы да өмір мүмкіндік беру керек, жамандығын көрді, жақсылығында көруі қажет.
Өмірін ретке келтіруге тиіс. Апайы болып оны қанша туыстық сүйнішпеншілікпен сүйсе де әйел бақытын оған сыйламайды. Сіңілісін өмірге жақындатудың алғашқы қадамы төрт жыл көрмеген қаланы аралатып қайта таныстыру. Мұнлай қадамға бармас бұрын дәрігердің кеңесін ескеріп, серуендеу үшін өте көп адам шоғырланбаған жерлерді таңдады. Қала ішімен әрі-бері жүргенге жолаушылар саны аз маршруттық автобусқа отыруға тырысты.
Күн жарқырап тұрғанмен аязды күн. Қала ортасынан өткен Ертіс өзені қыста қатпайтын. Бір-екі өзен үстімен ұшып суға қонды. Руфина үйректерден көз алмай көп қарады, Сіңілісі табиғатты сүйетін. Жағалау бойымен өетін үйлердің бірінде орналасқан кафэге кіріп жылынып отырды. Апайы сақтық сақтап сіңілісінен бұрын кафэге кіріп ішін бақылап үлгерді. Кафэ ішінде үстел басында отырған екі жасты ескермегенде өзге келіп-кетушілері жоқтығын көрген соң ішіне сіңілісін кіргізді,
Қыстың кеші тез өтті, қараңғы басты. Электр шам жарығы жетпеген тұс қара-көкке боянып қара түске боянып жоғалды. Оның есесін қаланы безендірген әр түсті электр шамдар жарқылы жалт-жұлт ете ойнай көзге ойындарын сыйлады.
Бірнеше қыс, жаз өткізіп Руфина апайының арқасында алғашқы рет қалаға қыдырып шығып серуендеді. Күн сәтті аяқталды. Апайы іштей ойлаған жоспары іске асқанына қуанышты. Екеуі маршруттық автобус аялдамасында тұр. Жолаушылары толық бір-екі автобусты өткізді. Тағы да бір автобус келіп тоқтады. Автобус ішінде бос орындар көп. Сіңілісін қолтығынан ұстап автобусқа отырды. Соңғы қатарлардағы орындықтар бос. Соңғы орындықтарға үш қатар жетпей орналасқан қосорындықты орындықты орынды таңдады. Терезе жақтағы орынға апайы, сосын сіңілісі отырды. Апайының терезе жаққа отырғаны қате болды, біраздан соң оған көзі жеттеді. Әзірше.
Апайы терезеге қарап:
– Мына жер күшті, төбеден ылғида төгіліп тұрған жаңбырдың тамшыларындай, ана талда қонған ақшақарлар жанып-сөніп тұрғандай -деп терезеден көзді қуантар қызықты қарайлап отырды. Кезекті аялдамадан кірген екі жас жігіт бос орын іздеп, дәл Руфина мен апайы отырған орындардың артына жайғасты. Апайы бұл сәтті өткізіп алды. Бір-бірімен көп уақыттан кейін кездескен жігіттер өткен-кеткеннен естеріне түскен әңгімелерін айтып, күліп қояды. Күлген дауыстары қатты шықты ма, сөздері әсер етті ме, қай қылықтары Руфинаға тиіп кеткені белгісіз? Пәтерден шықпас бұрын пальто қалтасына жасырып бірге ала шыққан тырнақ алатын манюкюр қайшысын саусақтарымен іздеп тауып жұдырығына қысты. Апайы ойластырған ісіне кедергі емес, терезе жақта отыр. Ол болса шеткі орында. Лезде отырған жерінен атып тұрып, жігіттерге тіке қарап:
– Сөйлеме, жап аузыңды! Сөйлеме! – деп оң қолындағы маникюр қайшысын жігіттерге қарсы бір рет сілтеп үлгерді. Апайы орынан түрегіліп сіңілісін артынан бас салып құшақтап алды:
– Руфина, Руфина, отыр, отыр. Ешкім саған тиісейін деп тұрған жоқ.
Руфина болса өзінің азаптағышынан кек алуды ойынан бір мезетке де шығарған емес-ті. Тек сәл келбеті келсе болғаны.
Орын алған оқиғаны дұрыс түсінген жігіттер бірден орындарынан тұрып автобус салонның алдыңғы жағына кетіп қалды. Апайы Руфинаны терезе жаққа отырғызды.
Апайы терезеге қарап түнгі қала қызығын тамашалап сіңілісіне жеткізбек болғанда екі жас жігіт автобус ішіне кіріп, қастарынан өтіеді. Олар орындықтарына жайғасып үлгергенше Руфина желкесіне тиген жұдырықты сезеді, негізінде ешқандай жұдырық оның желкесіне тимеген болатын, бұл қираған сананың себеп-салдарды. Әрі қарай естелікпен нақты өмір шатасып құлағына:
-Құс, құс ішкен тамағынды, -деген таныс ащы дауыс жақын ести сала.
Осы жолы Руфина өзін қорлауға бермейді.
Қосағы түсірген дақ сырт көзге кеткенімен іште кетпейді. Руфина өмірінің соңында дейін қираған сана астында қамалып, қамауда отырады. Ей! Кім жауабын береді, тағдырды кім жазады!