Бәйке из склепа - 5. Кванттық редактор

Менде бір керемет сюжет бар...: Бәйке из склепа - 5. Кванттық редактор

«Бора-Бора тынысының» самаладай жарық редакциясына имене кірдім. Әйт десе зытқалы тұрмын. Сұрастырып жүріп, редактордың бөлмесін тауып алдым. Білә, хатшы қыз*: "қолы бос, кіре бер!" дегені! Ұлылық қарапайымдылықта деген осы екен ғой деп, көтіме жас үйірілді.

Редактор көзілдірігінің астынан табалдырықта тұрған маған бір қарап:

— Кірген екенсің — бірден төрлет! — деді.

Өзімсіп сөйлегені шамалы батылдық берді.
— Қолжазбамды қарап жіберсеңіз...-деп, қағазымды создым.

— Несі бар, охуйық! — деді редактор ешқандай рәсімсіз. Тіпті қоқиланып, маңғазданып-маңызданған да жоқ, руымды да сұрамады! «Білә, қаззақ баспасындағы соны көрініс екен мынау!» деп таң қалдым ішімнен.

Редактор оқуға кірісіп кетті. Арасында: «охх, ананы қара сен!», «тап енеңңді, тігіп қана жіберген екенсің, жарайсың!», «поролонмен бауыздауын қара мұның!» деп міңгірлеп отырды. Шынын айтқанда, мынадай белді газеттің редакторына бірінші рет кіре сала мұндай баға күтпеп едім. Редактор "… екінші бетке кететіні анық, ең жоғары ставкамен төлейміз..." деген жерінде шыдамадым:

— Аға, алғашқы жазбам сыйлық болсын, тегін-ақ жариялаңызшы! — деп саңқ еттім.

Редактор маған алая қарады.

— Сен кімсің өзі?

— Қалай мен кім… Қолыңыздағы қолжазбаның иесімін ғой… Осы тұрғанда кірген ше?

— Мына жерге шолжиып отырып алыпсың ғой тіптен?

— Өзіңіз төрлет дегесін…

Редактор тасын қасып аз-мұз ойланып тұрды да:

— Еее, сен білмеуші ме едің! Мен бір уақытта қырық қолжазба оқимын ғой! — деп, жұлын тұсынан «Intel» деген жазбасы бар платаны суырып алып көрсетті, — сенің қолжазбаңды оқып отырғаныммен, кешегі бір шығармаға баға беріп отырмын. Ал төрлет деген сөзді ертең түсте келетін ұлыма дайындап қойғанмын. Сенің бағаңды арғыкүні беріп қалармын, стектер босаса. Бірақ босамайтын шығар: әйгілі Оңдасын Аквинский «Жолдауға қолдау» деген мақаласын жіберіпті. Ендеше келесі дүйсенбі кел.

… Мипалап отырып, білдірмей тігіп кеткен газет түйетін жіп кәдеге асты: редакция ауласындағы зәулім теректердің біріне асыла салдым…



Хатшы қыз* — білә, редактордың басып жүргені көрініп тұр, былай ыңғайын тауып, айдавалуға болатын сияқты. Беред, беред, шын айтам.
Бөлісу:

2 пікір

Adiletshu
Бәйке из склепа 1,2,3,4 дегендер қайда?
Daniar-Alan
былай ыңғайын тауып, айдавалуға болатын сияқты. Беред, беред, шын айтам.