Ауылдағы триллер. "Ұрлық түбі - қамау"
«Егер Шиваны күлдіргің келсе, оған болашақ жоспарың жайлы айтып бер ©»
Күз мезгілі. Шамамен біздің заманымыздың XXI ғасыры енді еніп келе жатқан кез. Қазалыдағы ең жаңа мектептің бірі № 59 мектептің есігінен түс уақытында алтыншы сыныпта оқитын бір топ оқушы шығып келе жатты. Жүрістері жайбарақат, ешқайда асықпайды. Түрлерінен ешқандай суықтық байқалмайды. Қайтар жолды тарам-тарам тармаққа бөлетін жолайрыққа келген соң оқушалар бөліне бастады.
Ең шеткі жолмен бала кезден бірге жүретін алты дос(
Алайда бұл жоспарымызға қарағанда Каспий банкінен несие алу оңай екенін сол кезде бала жүрек(мүмкін өкпе?) сезбеген екен. Қажетті жерге бұға отырып, тасаны пайдалана отырып жеттік. Көз алдыңызға елестетіңіз, бақшаға ұрлыққа мектеп формасымен(туфли, ақ көйлек, арқада сумка) де түсуге болады екен. Сонымен, тасалау жерге жеттік, құрамымыз алты ұры, сөмкелерімізді бір жерге жинап, жанына қарауыл қойылды, қарауыл ретінде бұрын еш жерде жұмыс істемеген, жүгіруге онша емес, әрі артық салмағы бар, денесін май басқан(Aldeken -мен шатастырмаңыз) Жәнібекті тағайындадық. Қалғандарымыз бақша ішіне кезекпен түсе бастадық, әркім өз қалағанын алу қажет, тек бастысы сақ болуымыз тиіс. Бақша иесінің үйі 200 метр жерде екенін кейін білдік, әкессстіңңң.
Алғашқы болып кішкене қауыныммен мен шықтым бақшадан, қалғандары әлі тойымсыздық танытып жатты. Қарауыл досыммен жарып ауыз тиген соң, қызығып бақшаға қайта түстім. Көздеген мақсатым, қияр мен қызанақ болды, осы кезде бақшаның қоршауына жан ұшыра секіріп бара жатқан түрі таныс екі ұры досымды көзім шалды. Мен осы сәтте көздеген қызанағым мен қиярыма жеткен едім, алайда аяғымды кеш сермеппін. Сол жолы Исажар болмай, бақша иесінің қолына түстім, қашып үлгермедім. Артыма қарағанда ұққаным, бақша егесінің інісі менің екі кластасымды желкелеп ұстап алған, ауық-ауық көттен теуіп қояды. Менің желкемде ірі жауырынды қол иесі тұрды.
Артынан түсінгеніміз, алты ұрының 3-еуі сөмкелерін алып қашып үлгерді, жаңағы қарауылымыз Болттан кем жүгірмейтінін сол жолы көрсетті. Алайда біздің ойымыз басқа да еді, бізді не күтіп тұр? Енді не болады? Осы сұрақтар маза бермеді. Жаңағы кісілер желкелеп отырып үй жағына әкелді де, орташалау келген бір сарайға үшеуімізді қамап қойды. Кәдімгідей қорқыныш сезімі баурап алған, үшеуіміз әңгімені соға бастадық. Қашып кеткен үш досымыздың сатқындығын әңгіме қыламыз, ертең не болатыны жорамалдаймыз, әке-шешемізге айтса не деп ақталатынымызды ойлап бас қатырамыз. Бақша иесі(бұдан әрі түрме бастығы) ауық-ауық келіп кетеді, ертең мектептеріңе апарам сендерді, ата-аналарыңды біліп, бәрін айтамын дегендей қорқытулар жасап кетіп тұрды.
Сонда біз сол сарайда сағат кешке дейін отырыппыз, түрме иесі мейірімділік танытып, көттен екі теуіп енді көрсем оңбайтынымызды айтып жібере салмаған да не болары бір Шиваға аян еді. Кешке үйге шамамен сегіз жарымдарды басымыз салбырап жеттік, ендігі уайым үйге кешігуіміздің себебін айту болды. Өтірік айтудан сайыс бола қалса алдына Zhan салмайтын қаззақ емеспіз бе, кезекті өтіріктің басын, сосын аяғын шығардық. Кей кездері сол өтірігімізге өзіміз сеніп қала жаздадық.
Ертеңгі күні мектепте кешегі шынайы әрі өтірік достарымызды көріп қауышып, әңгіме соқтық. Ештеңе болмағандай жүруге тырыссақта түрме иесі сыныпқа кіріп келердей есік ашылған сайын алаңдаумен болдық. Үш күн өтпей бәрі ұмыттық, бүгін есіме қайта түскен екен алайда. Ұрлық түбі — қамау депті ғой атам француз.
Оқиға үйрек қалпында жеткізілді, егер сіздің басыңыздан да өткен болса кездейсоқтық деп ұғарсыз...
Орбитада бұрын алма бақ болатын, немістер күтетін оны. Соның алмасы піспей жатып, көккімбек кезінде соған түсетінбіз. Онда қарауылшы тұзбен ататын. Тұз тимепті, бірақ көк шикі алманы жегеніміз есімде ))))))))