Макроэкономика және білім беру

Блог - bake: Макроэкономика және білім беру
Макроэкономика оқулығында: жапондық компьютерлік фирма, құны қамтамасыздандырмаған акциялар шығару арқылы өндірістеріне қосымша қаражат тауып, оны кеңейтіп, акцияларын ақшалай қамтамасыздандырып, үлкен кәсіпорынға айналғанын мысалға келтіріліпті.
Экономикадағы «көзбояушылық» түбінде жеміске немесе дефолтқа әкеледі. Дефолтқа әкелмей –ақ қойсын. Батыл қадам жемісін берсін. Қазақстанда білім беруде өзгерістері аз, көп болсын бар. Өзгерістердің қайсысы жақсы, жаман әсерін тигізді? Өте көп сөз.
Оқушы болған кезімізде алғашқы рет білім беруде өзгерісті он бір жыл оқытуға көшуден байқадым. Он екі жылдық оқытуға көшетіміз анық. Осы екі арада, жиырма жылдан артық уақытта, білім жүйесі тәжірибелі кезеңнен өтті.
Тәжірибелі кезең экономикалық өзгерістерге сай келіп, дұрыс өтуіне қиындықтар туғызды.
Тоқсаныншы жылдардың ортасында ақша құнсызданды. Жекелей тауар түрлеріне баға он, жүз емес мыңға дейін қымбаттады. Екі мыңшы жылдың бірінші үш-төрт жылына дейін экономикамыз әне –міне деп тұрды. Ақша құнсызданған секілді мектепте оқушыға қоятын баға да құнсызданды.
Жиырма, жиырма бес жыл бұрынғы мектеп журналдарындағы төрт пен бестің проценттік қатынасын есептейік. Осыдан жиырма жыл бұрын төрт пен бестің проценттік қатынасы 20-60 болса, қазір 60-90 арасында. Ол білім деңгейін көтерілгенін көрсете ме?
Қазір мектепте оқыған қызық: жаңа пәндер көп, техникалық қамту жоғары және мектептердің түрі көп.
Бірақ та білім жүйесінде ата-ана деген инертті бөлігі бар. Оның көбісі «жеке тұлға» деген тәжірибелі кезеңнің мектеп түлектері. Мұғалім «тұлғасы» жөнінде айта кету керек. Мұғалімдерге де адами мінездер жат емес. Оларда қоғамнан шыққан. Түбінде оқушы және мұғалім жағы бейімделуден өтті. Нәтижесі, 60-90 проценттік «жалған» сапалық көрсеткіш! Оқушы жеке тұлға, мұғалім болса, оқушы бетіне қарап отыруға бейімделіп алды.
Қазір экономикалық батыл қадамдар жасалып, қандай да болсын ресурстар табылып, дефолтқа ұшыраған жоқпыз. Яғни, макроэкономикалық жағдайымыз жақсарып келеді. Экономикадағы жағдайымызға сай -оқушы білімі 60-90 проценттік «нағыз» сапаны көрсетсін. Он екі жылдық мектептен осындай өзгерісті күтемін.

Сурет алынған жер

13.01.14 20:15 өзгеріс енгізілді (сөздердің аяғы жөнделді)
Бөлісу:

13 пікір

MamaAya
Мықты мәселені қозғапсыз, Бәке, как всегда… қазір мектептердің оқыту программаларын қиындаған, ауыр, жаман деп жатады, білмеймін әлі баламыз бара қоймады. Бірақ бақшаның өзінде олар бізге бөтен программада үйретіп жатыр, олай дейтінім, біз мысал есептер, мәнін табу, салыстыру өткенбіз бастапқыда, ал бұларда логикалық тапсырмар да қосылған… Ойлануды қажет етеді, остроумный болып шығуына мүмкіндік зор, мысалы мындай тапсырма беріліпті,,,, адам кездесіп, амандасты, сол жерде неше (рукопожатие) қол алысу болды? Балам әбден ойланды даже, папасы екеуміз де,,, қағазға 4 адамды белгілеп, оларды амандасқандарын стрелкамен көрсетіп отырып, жауабын айтуды өзіне қалдырдық, сенесіз бе, ол шығарды… Демек, алда осы қалпында сақтап, дамыта алсақ сапа болатынына дәметіп қалдық…
bake
Комплиментіңізге ризамын, жақсы сөздер естіген кімге болсын стимул береді. Білім министрілігінің тірек мектептерінде қандай тәжірибе жасамады десеңші.
Бес балдық жүйені он балдық жүйеге айырбастап та көрді. Төртінші класс оқушыларына логорифмдерді түсіндірді, Абай жолының томдарын оқуға үйге тапсырма ретінде берді.
Ең бастысы үзік-үзік оқытуды тоқтатсын. Мысалы маятникті алайық. Маятникті бірден математикаға, физикаға, астрономияға және техникаға қатысты тұстарын үзбей бір-ақ қарау қажет. Алда-жалда:
— Синус деген не? Неліктен мына математикалық модельде оны қолданды, — десең жүзден біреуі ғана жауап беретін шығар. Қызығы, мектепте синус және косинусі бар жүздеген есептер шығара отырып жауабын бермейді.
Дәл солай ағылшын тілі, бастауыштан оқытады, жоғарғы класта өз бетімен бірде-бір ағылшын тілінде әдеби шығарманы оқи алмайды.
Ана тілінде күрделі электрондық, механикалық т. с. с. білім саласы бойынша білгендерін қысылмай жеткізе бермейді. Терминдерді орнымен пайдаланбайды. Осындай олқылықтар жойылса жақсы болар еді.
Сіздің балаңыз өскенге дейін жасөспірімдер оқитын заманына сай фантастикалық, фэнтазии, ғылыми-танымдық мақаларды толықтыру қажет. Қазақ тіліндегі фантастика жөнінде Abilakim -мен сөз қозғанбыз. Бізде бәрі жартылай бір жағынан жанр бар, екінші жағынан жоқ.
Соңғы түзету:
MamaAya
енді,,, уақытысында көрерміз… а ағылшынды да өтіп жатыр, әзірге беталысымыз жаман емес…

бұл өте жақсы тақырып екені жай ғана комплимент емес…
bake
Бәрін мектепте қарастыру мүмкін емес, сондықтан ғылыми-танымдық әдебиетті молайту қажет
bake
қате кетіп қалыпты, түзетіп қояйық Abilakim -мен сөз қозғағанбыз.

Өз тәжірибемнен айта аламын, кезінде өз бетімен 10-16 жасқа дейін «Солнечное вещество», «Занимательная кибернетика», «Опыты без взрывов», «Космос у тебя дома» т.с.с. кітаптарды оқымасам. Радиоконструктор «Свет и тень», «Экон-2» т. с. с. қолыммен ұстап, құрастырмасам. Ауылда жүріп батпырауық ұшырмасам, қазіргі көзқарасым қандай болар еді?
Соңғы түзету:
bake
өз бетімен -өз беттіммен…
Қате жазғым келмейді… Бірақ әзірше қолдан келмей жатқаны…
MamaAya
4 адам кездесіп, амандасты, сол жерде неше (рукопожатие) қол алысу болды?
ken
алтау ма?
MamaAya
красавчиксің ғой
ken
негізі осыған ұқсас сұрақты біреу жаысрған бұрын. онда он адам кездескен.
Соңғы түзету:
MamaAya
балабақшаға 10 туралы ауыр ғой,,, ондыққа енді жетті.
bake
1+2+3+4+5+6+7+8+9=45 математика

Қателеспесем осылай болады. Балаңыз бірінші класқа барғанда қайтадан шығартып көріңіз. 4 адам амандасады, сосын 5 адам деп. Егер заңдылығын тауып алса, математикаға бейім болғаны
Соңғы түзету: