Бұл қай керекші?

Блог - Ispek92: Бұл қай керекші?
Уа, барша Будда дінінің қадірменді христиандары, бүгін кезекті бір эстафетаның шетін(соңы болуы да мүмкін) шығарғым келіп отыр. Бір кісіге сұрақтар қойған(мүмкін жазған немесе терген) едім, жауаптары осылай болды. Хуинтуиция мен логикаңызға, болмаса қаззақтарға жат емес менмендігіңізге сүйкене отырып(тұрып тұрсаңызда болады) жауап беріңіз, жауапты мектептегідей екі рет берем десеңіз, қатты қателесесіз, әр адамнан универдің емтиханындағыдай бір ғана жауап қабылдаймын. Сонымен, тұрыста ұрыс жоқ дей отырып:

1. Керекте сіз үшін кімнің пікірлері орындылығымен, құндылығымен ерекшеленіп тұрады?
Кен, Назгүл, Алдекендердің пікірлері құнды, себебі біріншісі, Кен-өте тапқыр, бір сөзбен біраз аумақты қамтитын, ойландыратын пікір жазады… Ал Назгүлден өнеге алар қырлар көп, оның бір басындағы қаншама проблемаға қарамай позитивті адам болып жүргенінің өзі қандай?! Әрі жақсы кеңесші… Ал, Алдекең ацтқанда-жаман айтады… Т.е. ары қарай сенің пікіріңді ақтаймын деп шаппатауға шамаң қалмайды, өте ударный, четкий, конкретный пікірдердің иесі…

2. Егер жақын адамыңыз, досыңыз, туысыңыз сізді ренжітті делік, ренішіңізді ұмыту үшін қанша уақыт жұмсайсыз?
Жалпы, кім және не үшін?-екендігі маңызды. Негізі, тез ренжігішпін,,,, мойындаймын, жеңіл-желпі нәрсе болса ұзамай ұмытып кетем, ал егер серьезный ренжітсе (алдаса, сыртымнан маған сатқындық жасаса (ондай әлі болмапты) кешірмейтін сияқтымын. Жоқ, кешірмеймін. Кек аламын.

3. Керекте қай тақырыпта жазылған жазбаларды оқымайсыз немесе ашып қарамайсыз?
Саясатқа қатты жақындағым келмейді… Айналып өткенді дұрыс санаймын. Ешкімге кері пікір айтып та таласқым келмейді. Бұл тақырып маған жат.

4. Джеки Чанның қай киносын Оскарға ұсынар едіңіз, не үшін?
Сорри, Джекки!!! Мен «Кто Я»-ны ұсынар едім… Неге десеңіз, балалықтың бал күндерін еске салатын фильм… Видеокассетасын 20 қайтара қойған киномыз шығар… Ағам достарын ертіп әкеп, платно көрсететінбіз ғой, мен есіктің аузында ақша жинап тұрам… Ех, ақшадан таршылық көріп өстік қой сол кездер үшін ұсынар едім…

5. Саясатта ойып алар орныңыз бар делік, халыққа пайдалы қандай әрекет жасар едіңіз?
Алдымен жетім балаларға барар едім.

6. Микробтар бір-бірін көреді деп ойлайсыз ба? Және неге олай ойлайсыз?
Керемет сұрақ! Әркім өз теңін көреді ғой. Бір кісінің ақыл-есі кемдеу бір баласы бопты. Біраз жасқа келгенінде соны үйленіпті дегенді естіген біреу әкесіне құтты болсын айтып отырып сұраған екен:-Қалай енді, балаңыздың халі бізге аян, келін қандай екен?- дегенде.- Ей, шырағым, қандай дерің бар ма, бір боққа бір боқ былш етті ғой!-деген екен. Сол сияқты микробтар боқ құрлы бар шығар…

7. Сүйікті анекдотыңыз?
Сүйікті дей алмаймын, бірақ рахаттана күлгенім рас. Ұятсыз ғой Е! Бір еркекке әйелі тіптен бермей қойыпты, еркек емшіге кеп шағымын айтыпты. Ол оны 2 жылдық жаяу баратын алыс жолға жіберіпті, онда 1 шөп өсетінін, соны жаяу алып келу керектігін айтыпты. Байғұс еркек жолға шығыпты. Екі жыл дегенде арып-ашып әлгі аталмыш шөпті емшіге әкеп берген екен. Емші: ЕНді бұл шөпті үйге апарып қайнатасың, Суығанда сүзіп, диванның аяқ жағына жерге қойып қоясың депті. Түнде әйелің «су әкелші» дегенде, анау жерде тұр өзің ал де! Алайын деп еңкейген кезде бар да кіріп кет!-деген екен… ақымақ анекдот дерсіздер, мейлі, өзім күлдім, соңғы естігенім де осы, жалпы…

Офистан: Сұрақтарым күлкілі болса, жайырақ күлсеңіздер деген өтініш-тілегім бар. Сонымен бұл кім деп ойлайсыз?
Бөлісу:

170 пікір

Ispek92
Ал, кеттік, тауып көріңдер. Оңай болуы мүмкін, тапқанға дым да жоқ
ken
МамаАя ғой
MamaAya
әй, еркек деп жатса, МамаАя, МамаАя, МамаАйяның күні болды ғой бүгін, масқара!
ken
Бір кісіге сұрақтар қойған(мүмкін жазған немесе терген) едім
хехе, еркек деп осыны айтып отырсаң керек. осыдан басқа еш жерінде еркек екенін меңзейтін жазу көріп тұрғам жоқ. қазір қалай екенін білмеймін, бірақ бұрын шымда жүргенімде «кісі» деп ерлерге ғана айтатынбыз.
сосын дәл сол жері есіңде сақталып қалғанынына қарағанда

бірақ, кім біліпті…
MamaAya
өте ......-сың, Кен!
bizbike
Ақтөбе жақта да ерлерді ғана кісі дейді, сонда әйел кісі емес емес пе, қызық ә?
Adiletshu
Бұрынғы еркектерді әйел адам ба, адам емес па, оның жаны бар ма, жоқ па деген сұрақтар мазалаған екен.
bizbike
Христиандарды әлі күнге дейін мазалайтынын білемін ол сұрақтың.
Daniar-Alan
әйел адам ба, әйел ДЕ адам ба
ken
«Сыртта бір адам келіп тұр» десе қазақтар ер адамды елестетеді.
«Там у входа один человек стоит» десе орыстар да ер адамды елестетеді.
Адам мен еркек деген сөздер ағылшын тілінде man болады.
Еркек — адам.
Соңғы түзету:
Ispek92
Кісі деп кез-келген үлкендеу адамға сырттай айта береді екенмін, әйел затына да еркек қауымына да бірдей айтылады емес пе негізі, жалпылама түрде
MamaAya
мен де даже кейде балаларым туралы айтқанда старший кісі, младший кісі деп балаларымды да атай берем сырттай, КІСІ болсыншы деген негізде айтыла маааа, әйтеуір солай ұнайды!
Adiletshu
Эстафета сенде. Тезірек біреуді жасыр
Ispek92
Бұтақ сенде екен ендігі, тездетерсің бырат…
MamaAya
ха, 5 сұрақтың 4-і Мама Айя туралы болмақ десенш.... ол сашокка барса тіптен керемеееет! жду, не дождусь...
Ispek92
Мен Сәшөкті оңай таувалам
MamaAya
бұтақты қайта алам десенш
Adiletshu
Сұрақтарды ауыстыруға бола ма?
Ispek92
Әрине, қалаған сұрағыңды қоя бер. Тек адамды сол сұрақ арқылы тануға тырыссақ дегенім ғой, сосын Жалғас Ертай топас сұрақтар деп айтады бәрібір
Ispek92
Жазыңдар, жазыңдар 1 вәриәнттан, кім екенін ертең болмаса кешке айтамын. Тапқан адам басқа керекшіні жасырады, сұрақтарын дайындай берсін.
Adiletshu
Жақсы бастама екен. Таңқалдырдың.

Жасырған адамың әйел жынысты. Әйел бола тұра әлгіндей әнек айтса ұятсыз екен. Мамая шығар
Соңғы түзету:
Adiletshu
Сонда келесі адам дәл осы сұрақтарды қоюы керек па?
bizbike
MamaAya
Ех, ақшадан таршылық көріп өстік қой сол кездер үшін ұсынар едім…
деп жазбас деп ойлаймын, жазбаларына қарағанда таршылық көрмегенге ұқсайды.
Adiletshu
90 жылдардың басында барлығы таршылық көрген
bizbike
Бастықтардың балалары да ма? Менің есімде біз таршылық көргеніміз, босаған шөлмек жуып, оны тапсыратын едік, әке-шешелерімізбен базарға шығатынбыз сауда жасауға.
Adiletshu
Таршылық көріп жүрген адамдарда видек түгілі телевизор болмайтын. Сұхбат берген адам қарапайым өлімділерге қарағанда жағдайы жақсы болған
Соңғы түзету:
asaubota
бұл еркек. және ken Aldeken dark_nazgul емес
zholantai
еркек болса, таппадым
Aldeken
және ken Aldeken dark_nazgul емес
рахмет, КЭП…
MamaAya
кім де болса мықты екен! жұмбақ, мен мұнда 6-7 ақ адамды жақсылау танимын олар дейін десем, бәрі пікір жазып жатыр, демек, таппадым!
MamaAya
кім де болса «менің байым болса ғой» деп армандайтындай еркек екен жауаптары...
Ispek92
Тағы, тағы варианттар айтамыз. Ертең айтайын, сосын тапқан қолданушы сұрақтарын дайындай берсін, егер қоямын десе(әрине сұрақтарды), қалаған сұрағын қойсын, тек қызықтылау, адамды тани алатын сұрақтардан болса деген өтініш бар.
Korkem
СұХыбатты өз-өзіңнен алдың ғо димін!?
Ispek92
Бұл өз вариантыңыз ба? Түртіп қояйын, Пуароның стилінде екен
Korkem
Шын, кімге ұқсатарымды білмей отырым, шамасы мен білмесем керек оны немесе «Данияр Алан ғо!» дегім кеп тұр, қимадым…
Ispek92
Қай жеріне қимадың, мына жері емес шығар:
Жоқ, кешірмеймін. Кек аламын.
Korkem
Сіз-сіз дегеніне қарап, сосын
Сорри, Джекки!!!
дегені әйелдерский варинат қо, дя?
Ispek92
Сізге айтарым бір қолданушыны атап кетсеңіз, әйтпесе мына түріңізбен Марпл ханымды ұялтарсыз
MamaAya
ия, Данияр Алан тоже  жігіт… әттең студент кезде таныспағанымыз-аййййй … қаз бірге мықты «бір жақ» болар едік…
MamaAya
Джон Сакен!
Korkem
тоқсанекінің балапанымен сіз деп сызылмаса керек еді ол! қыз ғо дим
Ispek92
тоқсанекінің балапанымен
Мына жері жеско кетті, қашан қораз болып жүреміз сонда, примерьно айта салсаң
Korkem
Көп рахмет! Біреулерге сөй десең, әйби тауық деп шығат  бізге қашан да балапан бов қаласың ғо, дос
Adiletshu
Келесі эстафетанық бұтағын әлгі белгісіз адам алсын. Жауабын дұрыс тапқан бірнеше адам болып, бұтақты таласып қалар
Ispek92
Бұтақты шыбығымен қосып алғашқы тапқан адамға береміз ғой
Adiletshu
Осы айтылғандардың ішінде бар болса ұзаққа созбай айта салшы. Жоқ болса таппадыңдар деп айт. Ең құрмағанда басқа қолданушылар іздеп көрсін
araika
Данияр Алан
Daniar-Alan
мен емес  Эльф ол. Әйелдің сөздері секілді
Blogshy
Сәшөк деген кім деген ілмек тұрғанына байланысты логикам Sashok болар деп отыр
dark_nazgul
Мына Піспек жүгермек қайда жүр екен, адамның ішін кептіріп?
MamaAya
 жалпы, сіз кім деп ойлайсыз? пікіріңіз бәріне ұнайтынына таласым жоқ, мен де сізді таңдар ем … Айқаракөзден басқа версияңыз жоқ па?
dark_nazgul
Басқа дажы вариант жоқ… сен дер едім (сен дей берсем болады ғой?) бірақ өзің мен емес дедің
danakyz
мен емес десе сене беретін адалдығыңызға тәнті боп отырм)
30% сенсеңде, 70% күдік болсын деушед Сатекеңбаа умытып турм…
dark_nazgul
САтекең опшым ешкімге сенбейді ғой
danakyz
  сенгіштігіңізден айналдым
danakyz
мен мысалыға МамаАяның
жалпы, сіз кім деп ойлайсыз?
дегенімен Піспектің
Сонымен бұл кім деп ойлайсыз?
дегендерінің сайма сай келуіне байланысты күмәнданар едім… күдік…
MamaAya
қап мына Иіспек қайда ииии?
dark_nazgul
Енді екеуі бір адам емес пе екен деген күдік пайда болды…
MamaAya
өз өзіне сұрақ қойып паааа? тож жақсы вариант
dark_nazgul
а чо, ондайлар да бар.  мен таним.
MamaAya
обал обал
dark_nazgul
дым да. нормальный адамдар.  (ЦТ-да, Аффторда отырғанда мен де сөйтетінмін)
Соңғы түзету:
MamaAya
бәрібір жааалко
Daniar-Alan
дым да  адамдардың үстінен прикол ұстайсың  меңкіне тіпті Сат алданған
MamaAya
қайда енді ол туынды?
Daniar-Alan
көрсете алмайм бро. Бір күні шығады ол
Korkem
Мен дәл осылай күдіктенгем негізі
danakyz
күдік жанымызды жегідей жеп барад… жүгермектің поштасының жауыры шықсын, жаза берейік, келіп қалар…
Daniar-Alan
 істегем олай, қиындау  бірақ, Іспек жастау… ол емес
Ispek92
 сілтеме бар ма брат?
Daniar-Alan
кетнақ
Korkem
 идея пайда болған сияқТ ғо ода
Ispek92
 әттең клавамды кеш сермедім
Ispek92
Кім екенін айтатын уақыт болған секілді, бұл кейіпкеріміз соңғы уақыттағы Керекинфоның жұлдызына айналып(айланып емес) үлгерген MamaAya ханым еді. Алғашқы болып еш логикасыз тауып алған ken брат болды. Сонымен эстафета таяқшасы(бұтағы, шыбығы, ағашы, діңі, дажы тамыры) сол кісінің алақанында, 1 тәуліктен қалдырмай кезекті қолданушыны жасырсын деген тілек бар.
Daniar-Alan
MamaAya ханым еді. Алғашқы болып еш логикасыз тауып алған ken брат болды.
danakyz
ай тегін күдік емес ед)))))))))) ап кетті бұтақты…
Daniar-Alan
ап кетті бұтақты…
бұтақты
дәмеңіз болып па еді?
MamaAya
дана сенде Бұтақ бар ма нееее?
danakyz
іспектегі бұтақты айтам
Adiletshu
Дұрысы Испектің бұтағы болады, сіңілім
Ispek92
 ұжс емес © мен
MamaAya
 УААААААААААААХАХАААА! бәсе шошыттың ғой!!! Данақыз с Бұтақом елестеп кетті ғоооо
dark_nazgul
Лібәәә… сен осыдан кейін адамдарға…
danakyz
аңғалдығымыз ай) Сатекеңнен үйрену керек…
Korkem
аааааааа ужыс Мамая оңбайсың
MamaAya
тапсырма солай болды ғой, мен айтып қойсам несі жұмбақ!!! жалпы мықты адамдармен шатастырғаны мен үшін мықты авторитеееет. Мысалы Данияр Алан деп ырза ғып қойған дей ме?
Daniar-Alan
сені ұстау маған уже қызық болып кетті
MamaAya
мен сені басында ақ ұстап қойғам...
Daniar-Alan
сен мағынасын ауыстырып жібердің…
MamaAya
мен бір жақты ғана қабылдап, бір жақты ғана жұмыс жасайтын жанмын сорри!
danakyz
МамаАя көзіңді сүзбееее, жібі үзіліп кетсе жаман болад…
Daniar-Alan
такс, былай ғо очм… деп галстукты әңгіме бастап кетсең
жібі үзіліп кетсе жаман болад…
көргендей айттың ғо
danakyz
жалпы бұқалар қауымы жөнінде айттым ғой Даке
MamaAya
үзілмейді екен ол басқа мағынада екен ғой, біз байғұс дәметкен әруақ құсап басқа мағынаға кетіп қаппын ғооой
Adiletshu
Кен, Алдекен, Назгүлдің пікірі құнды деген бірінші сөйлемінен-ақ кімін екенін сезіп қойдым
dark_nazgul
Бұтақтарыңдысссссссс
MamaAya
Назгүл, ренжімеңізші! Шын сіз менің ең ЕҢ мықты керектегі улгі тұтатын Тұлғамсыз!!! Артық кетсем, ренжімеңіз, ренжіткім келмеген....
MamaAya
Интересно, Кен кімді таңдар еекееееен?!
MamaAya
басқа да сұрақтар бар еді ғой, неге олар жарияланбаған, Исабек?
Daniar-Alan
Исабек
Исабеекк???
MamaAya
басқа мет?
Daniar-Alan
Жоқ қайдан білесің барлығының аттарын?
danakyz
тағы бір күдік құйрығын шығаруда
Daniar-Alan
құйрығын
сіз қандай… андай едіңіз
danakyz
 ееей ондай сіз ойлағандай уятсыз құйрық емееес
Ispek92
 ана посттағыдай құйрық емес енД
MamaAya
маған сенің бір жерің ұнайды… «авторы Асаубота»
MamaAya
тамаққа қосатын құйрық десенш
мәәәә, неме мәз боп отырм, үй бардак
MamaAya
күдіктеріңдіССССн бар ғой!  немене сонша үрке бересіңдер?
MamaAya
сен мені осында баяғыдан жүрген біреу деп ойлайсың ия?? Мен тез сіҢемін, керек адамдар туралы жан жақты зерттеймін… я вся такая… секая…
Korkem
Піспек еді ғо
Ispek92
Піспек деп жазғанша Испек деп жазған оңайлау болады енді, Испек деген балапандарға онша қолайлы ат деп ойламайсыз ба әлде ас-мәзірінің Шымкенттік сұлу ханымы(онша шықпады-ау)
Korkem
Піспек деген таза қазақша секілді
Соңғы түзету:
Ispek92
Олай болса Піс дегенді ас мәзірінен алынды деп цүне берсем бола ма
Korkem
Назғұл әпЩемнен алдым негізі)
MamaAya
түүүүй Кен де мені таңдаса ғой
Korkem
Ол мені таңдайды деееп осы бастан күдік ұялатып қоймасам
Daniar-Alan
неге тек әйел жыныстыны таңдау керек?
Korkem
ужыс))) әркім қарама-қарсы жыныстыға қызықса керек еді)
MamaAya
сұрақ қиындаса көмектесем ғой,,, если че....
Korkem
неа, мен болмайм бәрібір
MamaAya
дееееп ломаться етіп отыр дей ма?
Ispek92
 сәвсем зәзвездился
MamaAya
 армандауға болми ма?
e_zhalgas
топас сұрақтар.
MamaAya
ойбай, селк ете қалдым ғой…
Daniar-Alan
да лан, жұрттарға стресстен шығуға, жәй көңіл көтеруге, қууға мүмкіндік бершиш
dark_nazgul
Админ шырақ қайда жүр өзі. Мына каментке баға беруді теріс істеп қойып, қаншама жауһардың обалына қалғанын біле ме екен?
MamaAya
маған орнын бере салса ғой, ақыры постоянно осындамын…  или замы ғып паааа?
dark_nazgul
кхе кхе… Сатыбалдының өзі осы сайттың модераторы деген қызметті бірнеше жыл тынымсыз еңбек етіп жүріп алған.
ken
негізі кеше Іспектің жекеге жазғанына былай жауап жазғанмын «бұтақты басқа біреуге бере сал, мен қандай сұрақ қоярымды білмеймін» деп.
сөйтсем ол әлі ешкімге бермеген сияқты былай жауап жазып жібергеніне қарағанда «ана жазбаға жаза салшы, не маған не басқаға берерсің, себебінде айта саларсың.».

сондықтан бұтақты Әділетшуға ұстаттым.
Соңғы түзету:
araika
Тезірек жалғастырыңдар енді
ken
иә, кешіктіріп жатыр
araika
Кешігуіне кінәлі сенсің ғой. Әлі ӘділетШуға таяқ тимеген сияқты, қайтып ал да бастай бер)
ken
Мен емес. Мен бірден ескерткенмін. Жоғарыда жаздым))

Таяқ Әділетшуға жеткен. Мына жерден бастап оқы
Korkem
Айттым ғо Кен алмайды деп
MamaAya
өйткені мен жауап беріп қойдым ғой
Ispek92
Күдік… Күдік. Екеулерің бір адам емес пе деген
Korkem
Екеулерің
кім екеуміз?
edige
Екеулерің
Ех, жазалансашы…
Ispek92
 айланып емес қанша қарасамда, қай стәтія бойынша Шоушенкке жібермексіз сонда
Соңғы түзету:
ken
Әділетшудың бүйтерін білгенімде таяқты басқаға берер едім.