Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

Мен мультфильмді өте жақсы көремін. Мүмкін біреулер мультфильм кішкентайлар үшін деп айтар… Бірақ мен сонда да мультфильмді жақсы көремін ©
Өткен жылы кинодан гөрі мультфильмді көп көрдім. Менің кино көретін уақытым жоқ. Бірақ мультфильмді көруге қашанда уақыт табамын  
Бүгінгі постымда 2013 жылы шыққан мультфильмдерден алған әсерлерім жайында жазбақпын.
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
2013 жыл мультфильм үшін жемісті жыл болды. Өзім өткен жылы біраз мультфильм көрмейтін адамдардың мультфильмге деген көзқарастарын өзгерткеніме мәзбін
Бұрыңғы мультфильмдер мүмкін кішкентайлар үшін болған шығар… Бірақ «Том и Джерридің» фанаттарын да көргенмін үлкендерден  
Бүгінгі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек
Бүгінгі мультфильмдер 3 D ғана емес «3 в 1». Өйткені мульфильмге көбіне кішкентай бала ата-анасымен, не міндетті түрде үлкен адаммен баратын болғаннан соң. Олар:
— Кішкентай балаларды өзіне тартып алатын түрлі-түсті және сүйкімдііі
— Қыздардың (ана, әпке...) көңілінен шығатын Love story болады міндетті түрде
— Жігіттердің (әке, аға...) көңілінен шығатын приколдарға толы болады.

Бұл идиальный мультфильмнің құрылымы деп білемін. Егер ол осы үш адамның біреуін өзіне тарта алмаса оның кемшілігі бар деген сөз
Енді өткен жылы шыққан және мен көрген мультфильмдерге тоқталсақ
2013 жылдың мультфильмдерін мен Шымкентте бастадым. BlogCamp-2013 басталуға бірнеше күн қалған кезде Zilola , ruben , blackbeard , Абзал бесеуміз кезекті жиыннан соң, Мақпал екеуіміздің ұсынысымызбен "Семейка Крудсқа" бардық.
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

«Семейка Круд» мультфильмін дүниеге алып келген «Шрек», «Мадагаскар», «Кунг-фу панда», «Как приручить дракона» сынды сүйкімді мультиктерді шығарған Dream Works Animation киностудиясы.
Мультфильм үңгірді мекендейтін ежелгі адамдар туралы. Мұнда бірінші орында отбасы. Мультфильмнің желісі әкесі мен бойжеткен қызының арасындағы қарым-қатынас арқылы өрбиді. «Все новое это беда, поэтому бойся всегда!» ежелгілердің әкесі Гругтің ұранымен үңгірден шықпайтын отбасы, біртіндеп басталып келе жатқан құрлықтардың бөлінуінің салдарынан үңгірлері бұзылып, жаңа үй іздеуге аттанады. Күлкілі, бірақ соны қалай аяқталатынын басынан біліп отырасың.
Менің бағам 8/10*
Әр мультфильмде бір сүйкімдііі кейіпкер болатының білетін шығарсыздар. «Семейка Крудстың» сондай сүйкімді персонажы Малойдың досы, аспазы, навигаторы және белдігі — Кушак. Дададададаааддададададааааааа…
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Керек дерек: «Семейка Крудс» DreamWorks студиясының алғашқы 3D мультфильмі.
P.S. Бұл мультфильмге Рубен «Ой, мен ешқашан мультфильмге барып көрмегеееем» деп барды, Абзал «Барсақ барайық кеттік!» деп барды, бірақ мультфильмді шыққан күні көріп қойған екен , Ал Қарасақал «Аааал кеттік көруге» деді. Общым Мақпал екеуіміз (таңдаған екеуміз ғо  ) және Қарасақал (кішкентай Жасминмен бірге мультфильм көріп үйреніп қалса керек) мәәәәз боп бардық. Мультфильм біткеннен соң бәрімізге ұнап, бәәәріміз мәз болып шықтық. Тіпті мультфильмге барып көрмеген Рубен де  

Келесі мультфильм «Облачно… 2: Месть ГМО».
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

«Облачно: возможны осадки в виде фрикаделек» деген бірінші бөлімі аса ұнамаған еді. Содан екінші бөлімді көруге аса «желание» болмады. Бірақ бір күні інім екеуміздің ішіміз пысқаны соооонша «Көретін дым жоқ» деп осы мультфильмге отырдық. Басында ұнамады. Дым ұнамады… Бірақ мультфильмнің әдеміііі «сочный» персонжадары өзіне тартты. Тіріліп кеткен тамақтар: өрмекшібургер, шаурмадилдерді көріп құсқым келіп отырды «Енді фаст-фуд жемииииим» деп  .Бірақ бір уақытта Сэм ару басты кейіпкерлер мен тағамдарды жек көріп отырған көрермендердің көзін ашып, ГМО сапиенстердің соншалықты жаман емес екендіктеріне көздерін жеткізеді. Общым мультфильм өте ұнады. Бірақ бургер мен шауырма бәрібір жемиииим!
Менің бағам 9/10*
Сүйкімдіііі кейіпкері — көзі бақырайған Құлпынай:
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Қосымша дерек:
  • Cloudy 2: Revenge of the Leftovers 2014 жылдың ақпан айында шығуы керек болған, алайды түсірілімнің ерте бітуіне байланысты 2013 жылы күзде көпшілік қауымның назарына ұсынылады.
  • Мульфильмдегі миллиардер-инноватор Честер Виді Стив Джобстың мінезіне келеке ете отырып жасаған екен.
"Университет монстров" мультфильмін кіммен көргенім есімде жоқ. Бірақ көргем. Ұнады.
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

Менің ойымша бұл мульфильмді «Корпорация Монстровты» көрген адамдардың барлығы көру керек немесе «Университет монстровты» көрген адамдардың барлығы міндетті түрде «Корпорация Монстровты» көруі керек  .
Менің бағам 8/10*
Сүйкімді кейіпкер… Негізі сүйкімді кейіпкерлер кіп-кішкентай, топ-томпақ болып, ерекше ойыңда қалады ғой. Бұл мультфильмде сүйкімді кейіпкерлер көп. Алдыңғы бөлімінде кішкентай Бу еді ғой, мұда тіпті кімді атарымды білми отырғаным… Осы кішкентай торай Арчи кішкентай және күлкілі кейіпкер ретінде есте қалды. Түрі брррррр…
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Қызық дерек:
  • Бас кейіпкер Майк студент кезінде қандай болатындығын ойластырғанда фильмді дүниеге алып келген Рики Ниерва, Джейсон Димер бастаған суретшілер тобы құрбақаның қартаю процессін бақылаған екен.
  • «Корпорация монстровтың» бірінші бөлімі 2001 жылы шыққан. Екінші бөлімі араға 12 жыл салып шығып отыр.
«Epic»- бұны да кіммен көргенім белгісіз… Ұнамады
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

Эпик менің ұзақтааан күткен мультфильмім еді. Оның алғашқы трейлерін 2012 жылы «Франкенвиниді» көруге барғанда 3D экраннан көрген болатынмын. Эффекттері деген енді күүүшті еді. Қашан шығады екен деп қатты күттім. Әйтеуір соны көрудің сәті түспеді. Сөйтіп жүріп прокаттан түсіп қалғаннан кейін бірақ көрдім. Бірақ муьтфильмін көрген кезде көңілімнен уаааааще шықпады. Шынымды айтсам көріп жатыр ұйықтап қалыппын. Соңы не болып аяқталғанын да білмеймін. «Артур и минипутыдың» өзгертіле салған түріне ұқсаттым. Аздап, сәл-сәл ғана приколдары бар.
Менің бағам 3/10*
Сүйкімді кейіпкер — хмммм… кім??? Дұрыс көрмеген соң білмим да… Осы слизняк Маб қой деймін.
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Қосымша дерек: Мультфильм балалар жазушысы Уильяма Джойстың «Лифмендер мен батыр қоңыздар» кітабының желісімен түсірілген.
"Монстры на острове" — бұл менің 36 жасар ағам мен 35 жасар әпкемді, 20 — 9 — 7 жасар сіңілілерім, 16 жасар және 3 жасар інілерімді жылатқан мультфильм екен *(. Мен әлі көрмедім
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

Мультфильмді көргендер күштііііі деп жатыр, бірақ енді білмим. Бәәәрі жылапты. Не үшін екенін де айтпай жатыр. Енді көрем… Мүмкін бүгін… «Жыламайм!» деп отырм
Сүйкімді кейіпкер — кішкентай Наки ути-пути
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
"Индюки назад в будущее" — ініммен көргем. Хммм… сөзім жоқ бұл мультфильмге.
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

10 максимум 15 минут қана қызығы, әрі қаратай қууууып кетеді. Ұнамады.
Менің бағам 2/10*
Сүйкімді кейіпкерАҚШ Президентінің қызы
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Өткен жылдың ең үздік мультфильмі «Гадкий Я». Бір үлкен кісіні қоймай осы мультфильмді көруге алып барған болатынмын.
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

Аталмыш мультфильмнің екінші бөлімінде әлемдегі нөмірі бірінші зұлым Грю әке атанып, үйде қыздарының қасында үлгілі де өнегелі, тәрбиелі істерімен көрінеді. Зұлым Грю өз махаббатын кездестіреді. Мультфильм өте сапалы графикасы, қызықты саундтрегімен есте қалады.
Менің берген бағам 10/10*
Сүйкімдііііі кішкентайлар — бұл мультфильмде кішкентай сүйкімді біреу емес екеу. Бірі Грюдің қызы Агнес, екіншісі сол баяғы сап-сары миньондар
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Қызық дерек:
  • Грю жертөледегі миниондардың шеберханасына кірген уақытында жоғарыда бірнеше миньонның тамақтанып отырғандығын байқауға болады. Ол 1932 жылы Чарльз Клайдтың әйгілі "Обед на небоскребе" фототуындысына негізделе отырып жасалған.
  • Миньондардың тілі — француз, үнді, ағылшын, испан, итальян және т.б тілдердің қосындысы. Ал миньондардың дауыстарын мультфильмнің оригиналында туындының режиссерлері Пьер Коффен и Крис Рено дыбыстаған.
P.S. Бұл мультфильм кинотеатрда ұйықтап қалатын адамды 1,30 сағат өзіне қаратып отырған бірінші мультфильм  
Биылғы жылды қорытындылаған Walt Disney Animation студиясының 53-ші анимациялық толық метражды мультфильмі «Холодное сердце».
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

«Холодное сердце» барлығымызға кішкентайымыздан таныс Ханс Кристан Андерсеннің «Снежная королева» ертегісінің желісімен түсірілген. Бұл мультфильм бірінші рет «Снежная королеваны» көрермендеріне ұнамды кейіпкер ретінде көрсетті.
Мультфильм аққала Олафтың қызықты іс-әрекеттерімен, Принц Ханстың әдемііі дауысымен (Орысша дубляжнда оның даусын Дима Билан дыбыстаған ) және Принцесса Эльзаның күүүүшті көйлегімен есте қалды.
Менің бағам — 10/10*
Сүйкімдііі кейіпкер — аққала Олаф
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Қызық дерек:
  • «Холодное сердце» Disney студиясының ең ұзақ толықметражды мультфильмі.
  • Мултфильмдегі ханзада Ханс, Анна мен Кристофтың есімдері Ханс Кристиан Андерсеннің құрметіне қойылған.
  • Эльзаның таққа отыру рәсімінде қонақтардың арасынан «Рапунцель: запутанная история» мультфилімінің басты кейіпкерлері Рапунцель мен Флин Райдерді көруге болады.
  • Мультфильмде Анна «Ведь сегодня в этот вечер» атты әнін айтып жатқанда Жан Оноре Фрагонардың «Качели» атты туындысындағы қыздың бейнесі келтіріледі.
P.S. Бұл мультфильмге де былайғы өмірде серьезный, мультфильм көрмейтін адамдармен бардым. Оларға қатты ұнады
P.S.S. Менің тізіміме кірмеген 2013 жылы шыққан мультфильмдер:
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
«Ер Төстік және Айдаһар» отандық туынды!

P.S.S.S. Тағы айтарым бар еді… Бір постқа 15 000 таңба ғана жазуға болады екен сыймай қалД
Бөлісу:

21 пікір

Sikosha
Мультик деген жақсы ғой)))
MamaAya
ия, мультикті ересектердден мен-ақ жақсы көрем деп ойласаң, қатты қателесесің. Біраз адамдарды білемін, өзім де жақсы көремін, алайда бәрін емес, маған "Ральф"," Иван Царевич и серый волк", «Холодное сердце», «Ледниковый период 4»-тер қатты ұнады, ал мына сен көрсеткендердің бәрін қарамадым,,, жалпы көңілге онша қонбады…
rakisheva
Иә, сіз айтқан мультиктер де өте керемет туындылар. Әсіресе «Ральфтың» сюжеті кәдімгі мультфильмдерден ерекше ғой  Менің бұл жазбамда тек 2013 жылы шыққан мультиктерге комментарий жазып шыққаным ғой. Басқа-басқа бірақ «Гадкий Я»-ның екі бөлімін де көріп шығуға кеңес бере едім. Ұнайтынына сенімдімін
ken
мен де мульт жақсы көрем. бірақ бұрынғыларын. қазіргілері тым ұзақ болады, сосын сөйлей береді. басты ауыртып жіберед.
мынадай мульттар ұнайды:
MamaAya
 бұл енді қайталанбас дүниелер ғой! тойсам менде «Щас спою!» деген прикол бар!
rakisheva
Хехе, есімде бұл естен кетпес мультиктер  Кішкентай кезімізде мультиктер қазіргідей көп емес еді. Каналдарды аңғып отырып көретін едік қой осыларды. Ол кезде интернет, спутник деген жооооқ. Тіпті сенбі жексенбі күндері 1 апта жұмыстан соң бір демалып 10-ға таяу тұрайық дейтін үлкендерге қарамай, «обычный» күндері 8,30-да мектепке бару үшін тұрғың келмей жататын бала, демалыста 8,30-дан басталатын мультиктерді көруге елден ерте тұрып алып хехехе
dindar
Үлкендер сөзі үшін де қарайды емес пе. Дүниежүзілік деңгейдегі мультфильмдердің сценаристері мен керемет шедеврларды түсіретін студияларға мыңда бір алғысымды білдіремін. Жоғарыдағы мультфильмдерді жалықпай бірнеше рет көре аламын.
bizbike
Мен де былтыр көп мультик көрген сияқтымын: Ральф (қызыма ұнады), Самолеты (нашар), Рио (әлі күнге дейін қарап аламыз ноуттан), Гадкий Я (қызым көрген болып шықты), Джастин и рыцари доблести (қызыма ұнамады), Прогулки с динозаврами (жұ байымның іші пысып кетті), Тарзан (қызыма ұнады). Есіме түсіп отырғаны осылар.
MamaAya
жалпы, 3 богатыря және соның жалғастары қатты ұнайды, приколдары да ЖЫНДЫ!
rakisheva
Мультиктердің барлығы жалпы көрермендерге арналғанымен Самолеты, Тачки, Джастин и рыцари доблести, Прогулки с динозаврами, Турбо деген сынды мультиктерге ұл баланы алып барған дұрыс деп ойлаймын. Бірақ мен жоғарыда айтып өткен мультфильм құрылымына сәйкес келмейтін мультиктер осы. Дұрыс мультфильм баланы ұл, қыз деп бөлмей екеуін де қызықтыра білуі тиіс. Ал бұларды мақтаған адамдарды\жазбаларды әлі көрмеді
Daniar-Alan
әәә осы ма қанша күн айтып жүрген постың
пысы: ағаң кеше мас болД
Dpolimer
Шетелдіктер мультфильмдерді біздің кинотүсірушілерден жақсы жасайды.
rakisheva
Иә, сонымен қатар орыстар да соңғы кездері үлкен экранға шығаратын мультфильмдер мен киноларды жақсы түсіруді үйреніп келеді. Біздің көпшілік қауымның назарына шыққан бірден-бір муьтфильміміз Ертөстік еді ғой. Өзім «ваааау ұнайд» деп ваще айта алмайм!
Соңғы түзету:
dindar
Мұның бәрі қаржыға келіп тірелгендіктен…
MickThatsMyNick
Осыдан 3-4 жыл бұрын мультик көру ересек адам үшін ұят еді, қазір оларды барлығы қарайды. Біздің мультиктерде кейіпкерлердің эмоциялары жетіспейді. Ал шетелдік мультиктерге қызығатынымыз ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, әзілдері де өтіп жатады.)
KONILDI
Қошқар мен текені ұсынамын, сүйкімді кейіпкерім "қасқыр", әсерлі сәті: "қасқырлардың көздері жыпылықтаған" сәт
MamaAya
маған текенің сөздері күлкілі «романтика» туралы...
MickThatsMyNick
Кәшөк қошқардың қасқырлармен төбелескен жері ұнады, Матрицадағыдай
Ispek92
Гадкий Я-ны ғана көрген екенмін, былай адамды күлдіретін мультик қарағанды ұнатамын. Ал, Нарутоны әлі күнге көремін, Гаара ең жақсы көретін кейіпкерім, ал пост мықты
rakisheva
Рахмееет  Ой, Нарутоны кезінде менде көрген едім. Шегі жоқ мультик қой әйтеуір. Өте қызық мультик. Әсіресе бірінші сезонында, бала кездерін де ше күлкілі сәттері жеетеді ғой. Қайта-қайта айналдырып көріп әбдан күлуші едік. Ал Гаараны менде жақсы көремін

P.S. Інім әлі күнге дейін бір сериасын қалдырмай қарап жүр екен. Ал мен анда-санда қолым босағанда One Piece қарап қоямын

P.S.S. Айтпақшы Саске ана бәле Оручомаруды өлтірген сериасыммен біткен шығар деген едім. Сол жерімен бітіргем өзім. Қайда тірілтіп алыпты дейме
dark_nazgul
Өткен жылы кинодан гөрі мультфильмді көп көрдім. Менің кино көретін уақытым жоқ. Бірақ мультфильмді көруге қашанда уақыт табамын

дәл солай. Турбо мен Самолеты ғана көрмедік, басқасының бәріне бардық.