2014 жылға қысқа астрономиялық болжам
Сурет 1-Күн тәжісі (сурет күнделікті жаңартылады)
Күн
«Күн белсенділігі» оның бетіндегі қара дақтардың санына байланысты анықталады. 1749 жылдан бастап күн дақтарына бақылау жүргізіліп, ай сайын «күн белседілігінің санын» анықталып кестеге толтырылады (1 кестені қара). Бақылаулар нәтижесінде күннің белсенділігінің өзгеру заңдылығы байқалды, қазір ол заңдылық «күннің 11 жылдық циклы» атымен белгілі. 2012-14 жылдары «күн белсенділігінің» ең шарықтау шегіне жететін көрінеді.
Кесте 1-Күн дақтарына 2005 жылдың тоғыз айында жүргізілген бақылаулар.
Әлемде екі ұйым: Бельгияның Sunspot Index Data Center және АҚШ-тың National Oceanic and Atmospheric Administration орталығы күннің белсенділігіне байқау жүргізеді.
Күндегі ауа-райының жердегі құбылыстарға байланысы: Күн белсенділігі шарықтауына жеткенде, жер сілкіністері молая түседі -мыс (нақты деректер кездестірген жоқпын және жер сілкінісі қай жерде және қашан болатынын ешкім анық айта алмайды).
Жыл бойындағы ай фазалары
Айды бақылағанда әртүрлі көруіне байланысты 7 фаза, көрінбей тұрғандағысын қосса 8 фазаны ажыратады.
Ай фазалары адамға келесідей әсер етеді деп есептелінеді -мыс:
Ай толық кезінде көптеген адамдардың ой, күш-қуатының артады. Ескі ай кішірейіп, жоқ боларда және жаңа ай туғанша адамдардың көңіл –күйі төмендейді. Интеллектуалды өрлеу, шарықтау айдың 1/4 бөлігінен толық айға айналғанға дейін артады (бұның бәрі -болжам).
Ай фазалары нақты анықталған.
Сурет -2. 2014 -жылдың ай фазалары
Аспанымызда ай мен күн өз орнында табылып, космостық пәле –жаладан аман есен болайық.
Күнтізбе
28 жыл сайын күнтізбе қайталанып отырады. 1986 жылғы (желтоқсан оқиғаларымен Қазақстан тарихында қалған) күнтізбе биылғы күнтізбе сәйкес келеді. Жыл аптаның сәрсенбі күнінен бастап жылдың ең соңғы сәрсенбісімен аяқталады. 1986 және 2014 жылдағы күн белсенділігі әртүрлі. Яғни астрономиялық тұрғыдан 2014 жыл 1986 жылды қайталамайды.
P.S.: Жаңа туған айға қарап жатып-өзіне жайлы, елге жайсыз, -дегенді естігенмін. Айдың шалқайып немесе тік туатынын әбден болжауға болады. Айтайын дегенім, техникалық, ғылыми жетістікті ескермей «айта салған» сөздер азаятынына сенемін.
Интернет беттеріндегі ақпарат және келесі дерек көзі қолданылды.
Жазбаға 6 қаңтар күні сағат 16-45 өзгерістер енгізілді
атасын ойнап ауызға алғанын «жетіскендік» қой өзің білесің енді
Кино атауларын жуықтап аудардым