Эстафета: Биылғы жыл қалай өтті?
..2013 жаңа кірді…
Үйде қарсы алдым да, түнгі 1-лерде asaubota -ның үйіне бардым құттықтауға. 3-терде бірақ қайттым. Осылай басталды жаңа жыл.
Жаңа жылдың алдында басқа жұмысқа ауыссам қалай болады деген ой келді басыма… Сәл уайымдап жүрдім… Бір жағынан үйреніп қалған жер… Бірақ өміріме өзгерістер алып келгім келді… Сөйттім де
Жаңа жұмыстан тек ұсыныс қана түскеніне қарамастан, алдыңғы жұмысыммен чаоластық Қызығы, ол жұмыс болмай қалды. Әлбетте желінгенім жоқ, келісім-шарт бойынша 1 айдай ғана істедім. Сонан кейін…
Сонан кейін басқа жұмыс іздедім. Жәй ғана интернетте резюме тастай салғам, 15-20 ұсыныс келді. Отырып алып үйіме жақын, айлығы көптерді іздедім 2-вариантты таңдап алып, біріншісіне бардым (ең жақыны сол болды, үйіме небәрі 1-ақ аялдама жерде орналасқан). Барсам бастығы қазақ (шалақазақ қой енД), замдары орыс… орысқол офис екен. Үлкен объемдармен жұмыс істейтіні көрініп тұр, алайда… Анда-санда қырсығып қалатыным бар Орысша сөйлемедім. Жөндеп түсінбейді сөздерімді, бір-біріне қарайды, мен қазақша сөйлеп отырмын Соңында замы орысша сөйлей алмауыма байланысты түсінісуіміз қиын болатынын айтып шығарып салды
Екінші вариантым оған қарағанда тәуірірек екен. 60 пайызы қазақша түсінеді… Айтпақшы резюмені таза қазақ тілінде салғам ғой, барсам, бастығым айтады: «Сен не, нациксің ба не?»,-деп, қазақша резюме, қазақша сөйлеп отырсың",-дейді. Орысша ойымды анық жеткізе алмайтынымды айттым. Айлық мәселесі де оңынан шешілді де сол күні жұмысқа кірісіп кеттім. Газет болатын. Ашылғанына көп бола қоймаған жарнамалық газет. Осылай «Баспана»-лық өмірім басталды…
«Баспаналық» өмір
Өте қызықты жұмыс болды. Жарнамалық газет болған соң, менеджер қыздардың әдемі, жасырағын жұмысқа алады Жастар көп. «Газетный день»-дерде түнгі 1-2 лерге дейін қаламыз, оның өзін жұмысты сыралатып отырып істейміз Бастықтар кетіп қалады. Түнгі-гүжбан басталады сомен.
Ақпан айында блогшылармен отырғанда блогқұрылтай туралы әңгімелестік. Нұрғиса, Алдан, Аршат очм, блогшы-ақсақалдар алаңдаулы екенін, Шымкентте ұйымдастыра алатын әлеует әлі қалыптасып үлгермегенін айтты. Мен барам дедім Дайындыққа 1-ақ апта кетті. «Баспана»-дағы бастығыма сырттан жұмыс істейтін болып келістім (риза болдым азаматтығына) де туған күнімді өткізе салып тартып отырдым Шымкентке Ақпанның 21-і мен наурыздың 24-і аралығында 1-ай сонда болдым. Өйтіп-бүйтіп жүріп, абыроймен өткіздік блогқұрылтайды.
Келе салып жұмысыма бардым. Бастық кабинетіне шақырып алып, редактор боласың, айлығыңды көбейтемін деді. 2 апта келіспей жүрдім. Қорқып. 2 аптадан соң алатын айлығымды ойлап келісім бердім Бұл жұмыс тіпті рахат. Әлгі менеджерлердің көзқарастары басқа. 1-2-еуін жұмыстан шығарып басқаларын алдым Өзімді бастық сезініп. Дизайнды да өзім жасадым әрине. 2-айдан соң газет жабылды очм. Қаржылық қиындықтар мен ұзақ мерзімді бизнес екенін түсінген бастығым солай шешті. Онан соң «Нұрмедиа» дәуірі басталды.
«Нұрмедиа»
Бұл мекемеде Шымкентте жүргенімде жұмыс істеу туралы тіпті армандағам да жоқ… Кіру қиын жұмыс секілді көрінетін… Бірақ, нәсіп етіп осында орналастық. Келгенімде әлі қалыптасып үлгермеген, енді құрылып жатқан басқармада тіпті компьютер жоқ-тін. Бастығым — asaubota . 2 аптадай үйде жатып істедім 2 аптадан соң тіпті ворд докмуенттердің өзін әрең ашатын компьютер тауып алып, жөндеп алып сонымен 2-3 ай істеуге тура келді Бірден алуға госзакупы бар анауы бар мынауы бар…
Ал қазір теледидармен бірдей монитор мен бүкіл Нұрмедиа бойынша ең мықты компьютер менде
Оқу
Магистратураға түстім. Өзімді жас сезініп, реалда қыздармен қалжыңдасып… соо… Сабақ оқып кәдімгідей…
Ұлттық интернет ассоциациясы/Интернет форум
Шатаспасам жаздың ортасында бір жиналғанбыз. Сол жерде құрылтай кезінде әңгіме болған ассоциация туралы сөйлестік. Нұр-астана мешітінің жанындағы аллеяда Серікқазы аға, Аршат Оразов, Тимур Бектұр, Нұрлан Құлымбетов, Садық Шерімбек, Ильяс Бұрханов, Нұрғиса Асылбектер бар жігіттер болып ат таңдадық, бағытын айқындадық. Сомен бастап жіберді жұмысты Серікқазы аға. Қыркүйекте дайын болды. Ұйымға тіркелдік Сол ұйымның ұйымдастыруымен «Астана интернет форумы» өтті. Ол туралы айту қажеті жоқ шығар, жақында өткен шара… Әлі ешкімнің есінен шығып кетпеген болар
Керектің 10 жылдығы
Жыл шарасы деп атар едім. Осы әрқайсымыз осы арқылы танылып, танысып жүрген сайтымызға 10 жыл толды.
Жыл танысуы
Javaтарова. Бұл кісі «Блогерлер» бағдарламасын енді жүргізе бастағанда, біраз тролить еттім кейін дос болып кеттік. Шын мәніндегі мықты әйел.
Азаматхан Әміртай. Қазақстан софтверлік компаниялар қауымдастығының президенті. Аршатқа форум кезінде сыйлығын ұсынды. Таң қалдым… Танымайтын адам келіп, сый ұсынып жатса… АйтпақЧ, жақында ҰИА осы компаниямен серіктестік орнатты…
Таныстықтар көп қой… ерекше таныстық деп осыларды айтар едім…
Домбыра пати
Бұл жеке әңгіме. Былтыр салыстырмалы түрде белгілі бір аймақтарда ғана өткен шарамыз биыл шарықтады енД… Шет елдерде тартылды домбыра. Фейсбукты жарды Жақында орыстілділерді мойындатты…
Жалпы есіме түскендері осы екен… Жемісті жыл болды. Келесі жыл бұдан да жемісті һәм жеңісті боларын қазір ақ көріп отырмыз. 2014 — біздің жыл!
Барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтай отырып: еркін форматта эстафета жасайық деп ұсыныс тастағым келіп отыр. Егер жазуды қаламасаңыз, басқа біреуге жылжытуыңызға болады. Эстафета бұтағы: — asaubota -да.
ЖақС гөрем сендерД
Жаңа Жылды бірге өткізгесін екен ғой осы жылы жұбымыз жазылмағаны
тіпті dark_nazgul айтқандай ұқсап бара жатырмыз ба?
Ты че, Айым, аузың аңқайып?!-дер еді мені біреу көрсе қазір…
сенің түрің өте таныс...
kerekinfo.kz/blog/11922.html
Жылқы да сөйтсін, тұщымды есеп.