Биле, маймыл, биле

Дыбыстап аударған: Жалғас Ертай

Ғаламда миллиардтаған галактика болса, оның әрқайсында миллиардтаған жұлдыз бар. Сол галактикалардың бірінде, бір жұлдыздың айналасында, кішкентай көкпеңбек планета тұр. Ол планетаны маймылдардың тобыры билейді. Маймылдар өздерін маймылмыз деп есептемейді. Олар өздерін жануармыз деп те ойламайды. Шынын айтса, олар жануарлардан ерекше тұстарын тізімдейді, онысын мақтанып жүреді тағы: бас бармақтарын, өздерін анализдеуі, Homo Erectus не Australopithecus деген сөздерді айтуы. Біреу томат деп айтады, екіншісі — томат дейді. Бәрібір жануарлар ғой, солай ма. Олар маймылдар. Жоғары жылдамдықты сандық технологиясы бар маймылдар. Не десең де — маймылдар. Айтқым келгені, олар ақылды. Жасыратыны жоқ. Пирамидалар, аспанға шаншылған ғимараттар, көрінбей ұшатын ұшақтар, ұлы қытай қорғаны. Бұлардың бәрі таңданарлықтай әдемі, нақ… маймылдардың тобыры үшін. Маймылдардың милары эволюцияланып кеткені сонша, өздерін басқара алмай қалды. Маймыл үшін өзін бақытты сезіну мүмкін емес. Айта кететіні, жануарлардың ішіндегі бақытты болғысы келетін жалғыз түрі — осылар. Қалғандары онсыз да бақытты. Маймылдарды түсініп болмайсың.

Білесіңдер ме, маймылдар сананың қарғысына ұшыраған. Сол үшін де олар қорқады. Маймылдар уайымдайды. Олар кез-келген нәрседен үрейленеді. Басқа маймылдар не ойлап қалатынын ойлағанда, түсінен шошып оянады. Өйткені, әрбір маймыл басқалармен бірге болғысы келеді. Әр маймыл бір-бірін иттің етінен де жек көреді ғой. Міне, осынысы үшін оларды өзгелерден айыруға болады. Маймылдар бәрін жек көреді. Өзіне ұқсамайтын маймылды да, басқа жақтан келген маймылды да, өзінен түсі басқа маймылды да. Түсінесің бе, маймылдар содан да жалғызсырайды. Барлық жеті миллиарды жалғызсырайды. Кейде бір маймыл басқа маймылға проблемасын тыңдағаны үшін ақша төлейді.

Маймылдар сұрақтарына жауап іздейді. Оны қойшы, олардың өлгісі де келмейді ғой. Содан олар құдайларды ойлап тапты. Оларға сыйынып жатады. Қызығы, кімнің ойлап тапқан құдайы жақсырақ екендігі туралы бір-бірімен таласа бастайды. Талас кезінде маймылдар шынымен ашуға мінеді. Маймылдар ашуланса, бір-бірін өлтіру керектігі есіне түседі. Сосын, маймылдар бір-бірімен соғыса бастайды. Маймылдар сутекті бомбалар ойлап табады. Олар онсыз да жүнжіген планетаны жарылайын деп тұрған бомбаға айналдырады. Маймылдар оған түк істей алмайды.

Кейбір маймылдар өзі сияқты тобырға ән айтады. Маймылдар жүлделер ойлап тауып, онысын бір-біріне таратады. Сонысынан бірдеңе шығатындай. Маймылдар барлығын түсініп қойғандай өзеурейді. Кейбіреулері – Ницшені оқиды. Маймылдар бір-бірімен Ницшеге таласады. Солардың бәрі Ницшенің де кезектегі есуас маймыл екенін ескере бермейді. Маймылдар жоспарлайды. Маймылдар ғашық болады. Маймылдар бір-бірімен сігісіп, маймылдардың санын одан да көбейтеді. Маймылдар ән жазады. Сосын, маймылдардың бәрі жабылып билейді. Биле, маймыл, биле! Маймылдар қатты шулайды. Дегенмен, маймылдардан әлі үміт үзілмеді. Яки, үмітті ақтау үшін олар ештеңе істегісі жоқ.

Маймылдар денесіндегі жүндерін қырып тұрады. Оны өздерінің шынайы маймыли қасиетін жоққа шығару үшін жасайды. Маймылдар қосарланған үйінділер салып жатады. Онысын өздері «қала» деп атап қойған. Маймылдар жердің картасында қиялынан шыққан түсініксіз сызықтар сызады. Айтпақшы, маймылдардың мұнайы таусылып жатыр. Ал мұнай – олардың әлсіз өркениетін жылжытатын күш. Маймылдар өз планетасын қоқыс жәшігіне айналдырудан шаршамайды. Өмір бүгінмен-ақ бітіп қалатындай. Маймылдар бәрін жақсы етіп көрсетуге бейім. Олар бүкіл ғалам маймыл затынан айналып тұрғандай ойлайды. Өздерің көріп отырғандай, бұл маймылдардың естері дұрыс емес. Маймылдар – планетасындағы ең қорқынышты және, сол уақытта, ең әдемі жануарлардың бірі.

Кейбір маймылдар маймыл болғысы келмейді. Олар өзгерек болуға тырысады. Бірақ олар ешқашан өзгермейді.
Бөлісу:

4 пікір

Meyirim
Күчтекен. Шынайылық. Тек бір ғана жеріне қосылмайм құдайды ойлап тапқан дейме??
Blogshy
сол-сол… бәрі далбаса, бәрі даңғаза. Өзіміз ойлап тапқан жасандылықтың құлымыз