Көңілдің кейбір кездері..

Әлі күнге дейін мені біреу көзімді бақырайтып қойып мақтап тұрса, ең алдымен «бұл неге мақтап тұр екен?» деп қылп ете қалатын әдетім бар. Енді біреу, жерден алып, жерге салып сынаса «бұл неге сынап тұр?» деп ойланамын. Әрине екі жағдайда да бірдей реакция жасайтыным ешкімге қызық емес. Бірақ, маған дәл осы маңызды. Өйткені, өміріміздегі әлсіздіктеріміз бен кемшіліктеріміздің бәрі қарабайыр деп санайтын болмашы нәрселерден бастау алып жатыр. Өз басым ешқандай мақтауға сенбейтін адаммын. Себебі, қазір көп адам фактімен мақтамайды, жалпылама мақтайды. Жалпылама мақтау, сөздің шыны керек, ол — таза «драма». Ал, мен нәтижеге ғана сенгім келеді. Адамды мақтау үшін де еңбектену керек. Фактімен мақтау үшін. Егер, осылай істесек, әлгі мақтап тұрған адамымыз шынымен риза болар еді-ау!
Бөлісу:

17 пікір

Dzhonsaken
Бәрекелді
MamaAya
Сәкен деуін деп ап, ойланыыып отқан жоқсың ба?
Dzhonsaken
elton_kz әдемі қыз екен. Түйдек-түйдек шешімдеріне разы болдым!!!
Соңғы түзету:
MamaAya
қайдам-қайдам, әдемілікке разылық-ау осы?! әдем екен расында…
elton_kz
Ниетіңізге үлкен рахмет!!!
Dzhonsaken
Жас болса да көргені көп көргенді, көркем мінезді қыз екен. Сыртқы келбетіне де Табиғат сараңдық таныта қоймаған сияқты…
MamaAya
«мақпал» деп суреттеуге келе ме?
Dzhonsaken
Қозы көш жерде жадау көкке мініп тұрып қарағанда, солай суреттеуге келеді…
MamaAya
 красәпшіксің ғой!
elton_kz
Сәкен аға, рахмет! Постпен қатар өзімді де талдап тастапсыздар ғой…  Ризашылығымды қабыл алыңыздар!
Dzhonsaken
Қабыл алдық қарындасым!
temir1986
Мақтап жатқанда соған өзіңнің лайықсыз екеніңді біліп тұрасың ә
elton_kz
Жалпылама мақтау деген сол
MickThatsMyNick
ең бастысы факт және қай жерде артықшылық пен кемшіліктің барын анық айтуда
elton_kz
Түсінсеңіз болғаны.
Dzhonsaken
Көзіңе тіке қарап, осып тұрып әлжуаз тұстарың мен кемшіліктеріңді айтып жамандаса жаным кіреді…
Dzhonsaken
elton_kz қарындасым көрінбей кетті ғО…