Оқып көр, ой салар...(3) "Арналар тілімен"

Блог - daryn: Оқып көр, ой салар...(3) Арналар тілімен«Түңгі студиядағы»(Қазақстан) «Риясыз әңгіме»(Қазақстан):
— «Сөздің шыны керек»(31 арна) бүгінгі жүгенсіз кеткен билікті тәубесіне келтіру «Мүмкін емес...»(Еларна),- деді ел ағаларына өкпесі қара қазандай жігіт.
— Не болды сонша, Мәскеу бір күнде тұрғызылды деймісіз? «Бәрі де мүмкін»(Еларна)…
— Еее, шіркін, сіздерге салса, «Айтуға оңай...»(Қазақстан)
— 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын «бірлігі жарасқан» еліміздің егемендігіне нұқсан келтіретін сөздеріңізді "қылмыс" деп тауып, осы отырғаныңызда «жаза»("Қылмыс пен жаза". Қазақстан) қолданайын ба..?!
— Маған үкім шығаратын сіз емес, "Өз сөзім өзімдікі"(31 арна).
— «Біз»(Хабар) "Ұлт мақтанышы"(Қазақстан) Елбасымыздың жарлығы бойынша Қазақстандағы 130 ұлттың дәрежелерін тең ету жолында маңдай терімізді аямай төгіп жүрсек, сіздейлер тірсектен тістеп, аяқтан шалып әлек.
— Сіздердің «тең ұлтты» мемлекет құрамыз деген сөздеріңізді жамылып, өз елімде өзгелердің үстемдік құрғанына шыдай алман. Біле білсеңіз, «Бұл — менің Қазақстаным»(Қазақстан). Өз жерімде өзім бас көтере алмайтын болдым ғой…
— Бұл сізді «Алаң»датпауы(Қазақстан) тиіс!
— Сіз өзі қазақтың жауы емеспісіз?
— …
— Сізге «Дауа» жоқ екен...,- деп ашулы жігіт орнынан тұрып кетіп қалды. Бірақ, әлі талай «Айтылмаған әңгіме»(31 арна) бар еді…
Бөлісу:

10 пікір

bizbike
бізге дауа жоқ шынымен де
ken
«Мүмкін емес...»(Еларна)
«Бәрі де мүмкін»(Еларна)…
Еларнада осындай бағдарламалар бар ма? Қызық екен)))
afrodita
Осының бәрі "Әйел бақыты" (Қазақстан) үшін
MamaAya
 адем айтты Афродита ханым!
torgai
«Сырласуға» қашан да «Кеш емес». (Астана арнасы)
Соңғы түзету:
MamaAya
придет «время» (1канал), тогда и «говорим и показываем» (мир) десең ия? ойййй, бұлар біздікілер емес қой, бірақ басыма келгені осы-ақ болды… білгенімді қосқым келгені ғой…
Соңғы түзету:
Ereimen
Барлығы өмір «көкпар»ы (Қазақстан) ғой.
AkylbekAmirbaev
«Ашық әңгіме»(Қазақстан) болғаны жақсы.