Тәуелсіздік - балалық арманым

Блог - asaubota: Тәуелсіздік - балалық арманым
Тәуелсіздік алған жылы 10 жаста едім. Отбасымызбен спортты ұнататынбыз. Қай спорт түрі болсын Қазақстан командаларының бәріне болысатынбыз. Біз үшін Қазақстан құрамасы футболдан Алматының Қайраты, волейболдан АДК, хоккейден Торпедо Өскемен, допты хоккейден Динамо еді. Әлемдік жарыстарда қазақтар аз шығатын, қазақ бар ма екен деп қарайтынбыз. Тәуелсіздікке сол кездері Қазақстанның өз байрағымен, өз адамдарымен шығатынына қуандым. Тәуелсіздіктің сол кездегі мәні мен үшін тек спорттық тұрғыда еді. Сол жағынан есімде қалыпты.

Кейін мектепте өз тарихымызды оқи бастадық, өз тұлғаларымыз пайда бола бастады, өз тілімізге мән беріле бастады, тек спорт емес саясат, мәдениет, өнер және басқа салаларда да көк ту желбірей бастады.

Тәуелсіз Қазақстанмен бірге біз де өсе бастадық. Тәуелсіздіктің қадірін түсінетін жастамыз. Баянды болсын Тәуелсіздігіміз. Тәуелсіздікті сақтау, кейінгі ұрпаққа жеткізу басты мақсатымыз болсын. Мереке құтты болсын замандастар!
Бөлісу:

11 пікір

bazuka
Тәуелсіздігім баянды болсын! Барша қазақстандықтарды құттықтаймын!
VKM
Құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз бай болсын! Керекшілер, аман жүріңдер!
Beytanis
2000 жылғы Сидней олимпиадасында Түркістанның баласы, марқұм Бекзат Саттарханов ағамыз чемпион болғанда шын қуанғаным есімде. Белгісіз бір сезім, ішкі жан дүниемде алапат мақтаныш, рухани серпіліс болды. Сол кезде Отаным үшін шаттандым. Қазақстанның бір бөлшегі болғаныма қуандым.
MaXambet
Дос қылғанға құшақ жаяр туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз!
Иә, біз қазақ, тәуелсіздікті аңсадық, барша қазақ бабаларымыз аңсады, жете алмады. Ал біз тәуелсіз елде туылдық, бағалайық!
estetika91
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Жұрт аман болсын. Сәбилер жыламасын.
MickThatsMyNick
енді мама тілімізді тас боғаудан босату қалды, ол үшін "қоңырау шалу, еншісіне, қолшатыр, былай негізі, жолақы, қайыру(сдача)" деген сөздерді жиі қолдану керек. орыс тілінде кейде ойыңды жеткізу әсерлі, дегенмен, басты мақсат әсерлі жеткізуде емес.
ken
қайдағы тәуелсіздік. СССР-2 құрылуда.
Sashok
Орыстарға нән тісің бар сияқты ғҰә?
Ispek92
Оны да бұзып шығармыз, Желтоқсанда көтерілгендердің еңбегі еш кетпесе екен
MickThatsMyNick
қазақтар таза қазақша сөйлеп, мәдениетті көрінуден қорқады, көп жағдайда орысша және орысша боғауыздарды араластырып, жартылай бұзақы көрінгілері келеді, солай оппонентін қорқытқысы келеді ме… түсінбедім…
asaubota
Тәуелсіздікті сақтауды тым ерте ойлай бастаппыз…