Бүгінгінің сәні

Қазіргі таңда жастарымыз түгелі ерексектеріміздің өзінің есін алып, бар ойын баурап алып жүреген сән үлгілерінің бірі ұялы телефон мен құлаққап болып отыр. Әркім өзімен-өзі, өз әлемі мен виртуалды өмірдің жетегінде кеткен. Айналасында болып жатқан жағдайларға бейжай, енжар қарайды. Тіпті бөлек бір ғаламшардан, өзге әлемнен келгендей. Сөйтсек, бұл «ғаламтор» атты әлемге енген, қоғамда болып жатқан өзектілерден бейхабар даңғырлаған дыбысқа елтіген сіз бен біз екенбіз…
Әркімнің қалтасында интернеті қосылған, шамасы келгенше соңғы үлгідегі екі-үш ұялы телефон мен бірнеше «наушник». Бәріміздің өміріміз осы бір «қасиетті» құралдың айналасында өрбитіндей. Бір нәрседен құр қалғандай қайталай жалтақ-жалтақ қарайлап, қайта-қайта қолға аламыз. Жо-жоқ, біздің ең тиімді деп танылған байланыс құралдарына деген ешбір қарсылығымыз жоқ. Тіпті осы «сотка», «наушник», ғаламтор деген дүниелерді ойлап тапқан жандарға мың алғыс, бірақ мәселе басқада екенін есте ұстайық. Мәселе – медицина мамандарының жан айқайымен айтылып жүрген заманауи құрылғылардың адамдарға тигізер кері әсерлері.
Елімізде 150 мыңға жуық жан көз жанары бойынша мүгедектік алса, тура осынша адам есту қабілетінің төмендеуінен зардап шегуде. Ендеше, көздері нашар көретін және есту қабілетінен айрылған жанндардың неге жылдан-жылға көбейіп бара жатқанына бір сәт болсада көз жүгітіп көрдіңіз бе? Міне ағайын осылар жайын да ойланып, жан-жанқты зерттеулер жасап қарасаңыз бұл туралы да өз жауабыңызды алған болар едіңіз. Бұл түйткіл бүгінгі өскелең ұрпаққа тікелей қатысты. Баланы алдау үшін қолына ұялы телефонды ұстата салатынымыз рас. Бірінші сыныпқа бармай жатып «сотка алып бер» деп қиғылық салады бүгігінің ұлы мен қызы. Осы жастан бастап оқушылық, студенттік кезеңдерінің барлығында да жоғарыда аталғандай ұялы телефон мен құлаққапқа сүйеніп алған жастарымызды көреміз. Жатса тұрсада қолдан түсірмей, сабақ оқып, тамақ ішсе де қолдан түсірмей соған үңіліп отырғандығын аңғарамыз.
Жақында ғалымдар тәжірибе жасап әуендердің дауыс ырғағы нәтижесінде автокөлік айдау кезінде ең қауіпті әуендердің тізбегін жасаған екен. «өте шулы және жылдам әуендер пульсті жиілетеді. Бұл факторлар жүргізушінің көлік айдауға емес, музыкаға көп көңіл бөлуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар әуеннің жылдам ырғағы рульде отырған адамның көлік жылдамдығын арттыруына себеп болады» деп пайымдаған ғалымдар. Осының нәтижесінде сарапшылар дауыс ырғағы 60-80 соққыдан аспайтын әуендер тыңдаған жөн деп есептейді.
Әрине біз барлық жамандық атаулыны заманауи құралдардан көріп отырған жоқпыз. Оны жасап шыңғаратын да, қолданатын да, басқаратын да – адам. Сондықтан әр нәрсенің шегі болатындығын естен шығармаға абзал.

Самат ЖҮЗБЕРГЕНОВ
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжиниринг
университетінің студенті
Бөлісу:

4 пікір

007
неғо журналистика факультетінде оқымайсыңба
25021192
Жо жоқ мен оқымадым журналистті. Мамандығым информатик. Деседе, жігіт жан жақты болуы керек деп меңгеріп жүрмін газет-журналдарға мақала беруді
Beytanis
Самат інішек, шығармашылыққа жақын жігіт екенсің!
25021192
Рахмет ағасы. Болуға тырысып-ақ жүрмін.