Пыртфолио. Бағила Пак.

Қарапайым болайын-ақ дейсің осы, бірақ айтпасам — біреудің өзі тауып алып мақтай қоятын түрі жоқ сияқты… Сонымен… ҚР тарихында алғаш рет арақтан жаппай уланған "Қантранссервистің" 28 жұмысшысы естеріңде шығар… Ендеше солардың бірі… менмін… Иә, иә, әдетте адамдар тарихтың көз алдында жасалып жатқанына сенбейді. Бірақ тасымды шауып алсаң да, солардың бірі — тап мына мен!

Жә, шапалақтарың құлақ тұндырып кетті түге, дегенмен осы жұлдызды сәтімді қиып, ауруханадағы тасымнан өткен бір охуйғаны айтып берсем деймін…

Эльқисса, жиырма сегіздің екеуі Аид амигоға жүріп кетті дегесін, Крик сияқты бір амиго шалғысымен маған да келіп қалар деп қ ам жеп жатқам. Оңайлау діндердің бірін қабылдай салсам ба деген күпір ой да келген. Бар білетін діндерімді қайта сүзіп шығып, ақыры лютерандыққа тоқтадым. «Сенің жүрегің қайда — шіркеуің де сонда!» дегенге саятын қағидаты есіме түсіп, әже дінімді қабылдауыма бес-ақ минөт қалған. Осы кезде есік сықырлап ашылды да… басын жақтауға сәл көлбеу қойып қарап тұрған қыз көрінді! Көздері неткен ғажап! Адам емес, бота!

Бірақ әрі қарай талықсып ұйықтап кетіппін. Келесі күні дәрігер оңалуға қарадың ептібайымайд дегесін әлбетте, лютерандықтың қамытын киюді ұмыттым. Аспан Әміршілерін сәтті лақтырып кеткеніме масаттанып-қутыңдап, күлімдеп жатқанымда есік сықырлап ашылды да, әлгі қыз тағы да көрінді! Одан жайбарақаттық пен тыныштық кәдімгідей есіп тұрды! Көздерім жыпылықтап қарап жата бердім, басқаға әлім де жоқ-тын.

Бір кезде сұлу есіктің жақтауынан толығымен шықты. Маған қарай беттеді. Жақындаған сайын, "әппақ бұлттан жасап алған" обрызым сейіле берді. Біріншіден, есікке наздана көлбеу қойып тұратын басы қылықтылықтан емес, шынымен көлбеу екен. Екіншіден, алыстан күлімдеген көздер жақын келген кезде өзінің иесі кәуділгі жәдігөй қатын екенінен бірден хабар берді. Ойнақшып бір тоқтамайды екен.

— Травматологияда жатырмын деді — ол басымды сипап, — шыныңды айтшы: құдайды іздедің бе?

— Іздедім...-дедім мен өтірігім көзімнен көрініп қалар деген қорқынышпен.

— Таптың ба? — деді қатын жасанды секси-нәзік дауыспен.

— Жоқ...-дедім мен пәлсапашының кейпімен.

— Ал мен… таптым! Баяғыда таптым! Бөлісейін сенімен? Бірге құлшылық етейік! Үбірлі-шүбірлі болайық! Бір жерге тұрақтауды ойлап жүрсең — мен табылдым ендеше!

— Ом манэ...-дегенімше болған жоқ, жүгіріп шығып кетті де, бір пакет… Ехоба куәгерлерінің кітаптарын әкелді. Әрі қарай есімде жоқ. Әнебір, пәле ауруынан Ехобаға бас ұрып жазылдым дейтін голландықты танысым деді ме. Ыржаңдап, Ниагара аңғарынан балық аулап тұрған бұтақбасты туған ағам деді ме. Шамамен Інжілдік кейіпкерлерге ауыз сала бастағанда (Самсонды пақанымның линиясынан дейд нақ!), таң ата ептеп-септеп ішкен тауық сорпасының берген күшімнің барын салып, ақырдым:

— Кетнақ сукі ептібайымайд, шешессгин!

Өмірі дөрекілік көрмеген хан қызының кейпімен жиіркенішпен қараған болды да, зытты. Ептібайымайд мынау аурухана не боп кеткен, шешесстің?
Бөлісу:

10 пікір

ken


Брежневті онлайннан көріп, бірдеңе алып келді-ау деп ойлап едім, солай боп шықты.
sigma
Бірден блөс түрт, торт, турт, төрт уақақақақақақақа
MERmukhanov
Оңайлау діндердің бірін қабылдай салсам ба деген күпір ой
edige
Суоліш десе
Соңғы түзету:
Aya
Ұнап қалдыыыыыыыы
Daniar-Alan
Келесі күні дәрігер оңалуға қарадың ептібайымайд дегесін әлбетте, лютерандықтың қамытын киюді ұмыттым. Аспан Әміршілерін сәтті лақтырып кеткеніме масаттанып-қутыңдап, күлімдеп жатқанымда есік сықырлап ашылды да, әлгі қыз тағы да көрінді!

муахахаха