“Тауық ұрлау”
9 сыныпта болса керек.Әр нәрсеге желігіп жүрген шағымыз.Жоғары сыныпта оқитын ағаларымызға қызығып, бізде осыларға тартып “бұзық” болсақ екен дейтінбіз.Уақыт өте келе білдік қой, бұзықтықтың шыңына шыққандардың қәзір қандай хәлде екенін.Өмірлері сондай қасіретті, адам аярлықтай.Қарап тұрсақ адам сүйсінерлік іс бітірген түгі жоқ.
Бірде жанымдағы достарым:“жігіттер шашлык істейікші” деді.Бізге бұл әңгіме болып па? Оңай шаруа.Кеттік көлге дедім.Көл жағалауында қаз-үйректер мен тауықтар болатын.Бақытымызға орай 10-ға жуық тауық жүр, бәріміз тас атқылаймыз тауықтарға.Достарымның атқан тастарының бәрі қисық, ал менікі тура тиеді ғой.Қақ шекесінен атып түсірдім.Жолы болғыш жігіттің шашлығы шығар алдынан деген осы шығар деп, мәз болдым.Ол тауық сонда да берілмей, басын қайтара көтереді.Досым Алтынбек тауық басын көтерген сайын,қолындағы таяғымен ұрады.Ұра берген соң, байғұс тауық та бағынды.Сөйтіп тауықты салатын қап іздеп, таба алмай, не керек мен “Shumaher” деген күртешемнің ішіне салдым ғой.Басты шаруаны тындырдық.Енді бұл жерден ат ізін көрсетпей, тайып тұру керекпіз.Жұрт байқап қоймасын дегендей ембіл-дембіл қашып барамыз, алдымыздан бір кісі шықты, түрі сұсты.Одан аяқ тартып, келесі көшедегі айналма жолмен үйге жеттік-ау ақыры.Үйде Әбілхайыр ініміз тауықтардың жүнін алуға су жылытып, бізді күтіп отыр екен.Біз тапқан олжамызды көрсетіп, оны қуандырып қойдық.Өйткені шашлык істейік деген сол болатын.Су қайнап тауықты керсенге салып жүнін тазалап отырмыз, біздің қуанышымыз тап басылды.Қарасақ жүнін тазалаған соң, тауығымыз жұдырықтай екен.“Қап,әттеген-ай шашлык жей алмайтын болдық қой” деп ұнжұрғамыз түсіп кетті бәріміздің.Оңай олжаның пайдасын көрмедік.
Ертесі сыныптасым Нұртілеу айтады:“кеше атамның бір тауығын ұрлап кетіпті, кім болды екен? Табу керек оларды”…
Мен:“ия табу керек, сондайлар қалай жүреді екен ұялмай?”…
1 пікір