Қажығұмар Воркута. "Соңғы айқай"
Хард-әдебиет бөлімін Қажығұмар атамыздың көп қуанта бермейтіні рас. Ол заңды да: заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін алты айлық абақтыдан шыққаны осы. Келе сала редакцияны жағалады десеңіз де оңбай қателесесіз. Көшеден кездестіріп қалып, өзіміз қолқаладық. Алдын кес-кестеп, «жеті ай жатып дым жазбады дегенге сенбейміз! Қаламныңнан тәбәрік беріп кет!» деп, ізінен қалмадық. Ақыры Киселев пен Есет батырдың қиылысына бұрыла бергенде, «мә, атаукерелеріңді!» деп, бір тілім қағазды лақтырып кетті. Ашып қарап,«Толқудамыз. Қобалжудамыз. Қызылдар қаһарға мінді. Бестікке жылуды көбейтіңдер. Таз Ермек.» дегенді оқып, түк түсінбедік. Сүйткенше Қажығұмар атамыз кері жүгіріп келіп, бұл қағазды тартып алып, басқасын беріп, қайта кетіп қалды. Ал біз тап сол жерде-ақ жариялап жіберуді жүн көрдік. Шешесстің.
Сәттіғұл жылдың аяғын жақсы көретін. Енді ше: осы күні жұрт онша қызықпайтын грек-ұрым күресіне сұраныс жылдың аяғында көбейеді. Жаз бойы көзі көр болуға айналса, жылдың соңында ұйымдастырылатын толассыз жарыстардан біраз қор жинап алады. Жеңілсе де алады, жеңсе — тіпті жақсы.
Алты-жеті батыр, бір хан, тағы бес-алты әлде сұлтан, әлде емшінің құрметіне күресіп келе жатқан ол, алтын жалатылған «ТарықБанк» кәртішкесін сипалап, масаттанып вокзалда отырған. Телефоны шыр етті.
— Сәттіғұл сіз бе?
— Мен.
— Республикалық «Ге...»…
— Күрес пе? Қанша?
— Тек қатысқаның үшін — 150 мың.
— Қайда бару керек?..
… Арена сайлы екен. Кешегі Құбылай ханның құрметіне күресте тасы үсіп кете жаздаған. Мынау болса, тіпті Олимпиада өткізуге болатын жер дерсің.
— Саламатсыздар ма, ханымдар мен мырзалар! «Гендерлік саясат: ертеңі мен арғыкүнгісі» атты республикалық форумның спорттық бөліміне қош келіпсіздер!
«Гендерлік деген не?» деп сұрады Сәттіғұл әлдекімнен. «Саясаттың бір түрі ғой» деді әлдекім білгірдің кейпімен. «Аааа...» деді Сәттіғұл.
— Сонымен алғашқы жұп: Сәттіғұл Майер мен Данагүл Элизео, ду қол шапалақ!
"Әйел ме не? Әйелі несі? Әйел???" деп жан-жағына алақтай берді Сәттіғұл. Сүйткенше қолпаштаушы, дәлірегі — мәжбүрлеуші топтың итермелеуімен самаладай жарық аренаның қақ ортасынан бір-ақ шықты. Алдында тұрған қырықтағы кексе қатынды бажайлап та үлгірмей жатып, рефери ауаны шорт кесті де, әйел шыңғырып тұрып беліне жабысты дейсің!
— Мен… Мен негізі… Ұят қой еркек басыммен әйелмен күрескен… Әйелдер бөлек күреспеуші ме еді...-дей берді ол қатын жамбас тұсынан қапсыра құшақтап,әуелетіп көтеріп жатқанда.
— Төстен қапсырсам мысалы… ренжімей ме, ренжімейсіңдер ме? — дей берді ол, қатынның пәрменімен әуелей құлап келе жатқанына әлі сенбей.
Тағы бірдеңе дей бергенде, былғары кілемге етбетінен сұлқ етті. Жұлын тұсынан бірдеңе қырқ етті, сірә жұлынның өзі шығар. Шығар емес — жұлынның нақ өзі, тек: «елу екі он үш!» деп айқайлауға үлгерді…
… «Елу екі он үш деп нені айттым екен?» деді ол барзақтың тыныштау бір бұрышына жайғасып. «Ой лібә, пин-кодым екен ғой шешесс...»…

6 пікір