Техника, техника!

Кейбір жазбаларымда көпшілікке қажеті жоқ дегендей ақпаратты ұсынамын. Сондайдың бірі «Морзенің электромагниттік (жазатын) телеграфы» атты жазбам. Жазба бойынша лезде көз жүгіртіп оқыған соң «мынау не?» дегендер болды.
Сол жазбаның бір абзацын мысалға келтіре кетейін. Оқып шығыңыз екі минут уақытыңыз кетеді. Неліктен ойлай істеуді сұрағанымды абзац соңында білетін боласыз.
«Электромагниттің көмегімен басқарылатын қарындаш. Яғни қарындаш үстел бетіне қатысты екі тұрақты жағдайда бола алады: 1) ұшы үстел бетіне тиеді 2) ұшы үстел бетінен бірнеше милиметр жоғарырақ көтеріліп тұрады. Құрылғының сипаты:
Металдан жасалған күйенте білікте тербеле алатындай орнатылған. Күйенте горизонталь тұр. Қарапайым таразыға ұқсас. Бір басы көтерілсе екінші басы төмен түседі. Бір басында қарындаш бекітілген. Қарындаштың ұшы үстел бетіне сәл ғана жетпейді.
Қарындаш салмағымен күйенте басын өз жағына жығар еді. Бірақ жыға алмайды. Өйткені екінші басына бекілген серіппе бар. Серіппе қарындаш салмағына созылмайды. Дәл сол тұста, күйенте басының үстіңгі жағында, электромагнит орналасқан.
Электромагниттің сым орамдарымен электр тоғы жүргенде оның ортасындағы металл өзек магнитке айналады. Күйенте басы соған қарай жоғары тартылады. Қарындаш төмен түседі. Электромагнит іске қосылмаған кезде (сым орамдарында электр тоғы жүрмегенде) күйенте бастапқы қалыпқа келеді.»

Осы абзац мазмұнын түсінгісі келіп қолына қарындаш алған оқырмандар бар болып шықты!
Блог - bake: Техника, техника!
Сонда жазғандары: «Түсінуге оп –оңай екен, суретін салып шыққанға дейін түсінбедік» деді.
Бұл мысалмен айтайын дегенім. Ерінбеңіздер, сіз механик немесе электроншы маман болмасаңыз да осындай тексті түсінуге тиіссіз. Әйтпегенде күнделікті тұрмыста қалып қойған тіліміз оған да жарамай қалады! Тұрмысымызды да «тұрмыстық» техника қоршап тұр.
Мына сөйлемнің жазбаға қандай қатысы бар екенін ойланып көріңіз: «Кейбір көп қабатты үйдің кіре берісіндегі есік электромагнитпен құлыпталған».

P.S.: Морзенің телеграфында қарындаш емес, ине тұрған. Ине қағаз бетіне нүкте не сызық түсірген.
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
суретсіз түсіндім
bake
Мынандай эксперимент жасап көрдім. Жас шамасы 17-18 жастағы 40-шақты оқушыларға (автомеханик мамандығы бойынша оқып жүрген) Морзенің аппараты туралы жазбаны басападан шығарып, оқуға ұсындым. Бірақ оқуға ұсынбас бұрын Морзе аппараты жайлы не білесіңдер дедім. 3-4 оқушы Морзенің алфавитін радиотелеграфта қолдануымен еске алды. Бір рет оқып шығып, түкте түсініксіз дегендер саны 50% болды. Екінші рет көз алдарында елестетіп отырып, қарындаш көмегімен суретін салып, түсінуге тырысып оқығандардың арасынан 7-8 оқушы толығымен түсіндік және ауысша сипаттап беруге дайынбыз деді. 2 оқушы мүлдем түсінген жоқпыз және мұндай нәрсенің түсінгеннің қажеті жоқ деп шешімдерін айтты.
Ispek92
Негізі физиканы осындай жазбалары үшін мектеп кезінен жек көретінмін, басым қақпайды емес, тек сол цүніксіз теория түрінде берілген мәтінді мұғалималарда түсіндіре алмайтын. Ал сіздің мына жазбаңыздан алдыңғы жазбаның шамасын түсіне алдым, әрине онда да суреттің арқасында.
«Кейбір көп қабатты үйдің кіре берісіндегі есік электромагнитпен құлыпталған»
Бұл айтқаныңыз анау қалалардағы өздігінен ашылатын есік екен деп ұқтым. Солай ма?
bake
Дәл таптыңыз
Massa
Сонда кнопканы басқанда тоқ өшіп, сондықтан магниттің әсері кетіп, есік ашылады ма?
bake
дәл солай, екі-үш секундтан кейін электр тоғы электрмагнитке қайта беріледі. Есік жабылса ашылмай құлыптанып қалады. Көбінде электромагнит есік босағасының маңдайшасында орналасады.
burkitshi
Егер осы Морзе телеграфы туралы өз сөзіңізбен, яғни түпнұсқа тілде жазсаңыз, оқуға оңай, қабылдауға жеңіл болар ма еді? Жалпы аударма тілде жазылған кез келген ақпарат өзінің ұғынықтылық мағынасын жоғалтады деп есептеймін. Мектепте оқып жүрген кезде жазушы едік қой мазмұндама дегенді. Міне бізге аударма емес, мазмұндама керек.
MickThatsMyNick
қазақ тілі техникада, толықтай қолдайм.