Пыртфолио. Лоллобриджа Шәңгереева.

— Сізден бірдеңе сұрауға бола ма?

Қу түлкідей бұлаңдап, арам көздерін ойнақшытып, жымысқы жымиып жүретін ғимараттас Лоллобриджа ақыры өзінен бір батылдық тапқан сияқты.

— Ой сұрай бер шешесс!

Қатындар кішкене көңіл аударса ыржаңдап кететін мінезімді-ай осы! Лібә, салмақты айтуға болады ғой? Сүйтсем, ептібайымайдтың жыбырлақ кіндігі, өзімнің де бұл жәдігөй қатынмен әмпей-әмпей болуға кетәрі емес екенмін бейсана деңгейде. Бірден іш тарта салғаным содан екен.

— Байқайтыным, сіз асханаға келгенде үнемі шеттегі орынды таңдайсыз. Төрден орын беріп жатса да, шетіне отыруға жанталасатыныңыз сондай, кәдімгідей көрініп тұрады. Фэн-шуй ма, хи-хи-хи?

«Тіге ме сені қайда отырсам да!» дей жаздап барып, кілт тоқтадым. Лібә, рас-ей! Оған жауап берудің орнына, өзімді өзім тануға қойып кеттім.
Аздан соң таптым неге екенін. Ертеректе жеке қауіпсіздік мәселесінде шайтан қағып кеткен, бұрын төтенше жағдай қызметкері болған әріптесім бар еді. Сол таң атқаннан азынап келетін: «есіктің барлығы жабық тұр, өрт болса не болад? Пісеміз де қаламыз!». Оған мынау қу пәнидегі кірпіштердің барлығы құлауды, ағаштардың барлығы өртенуді аңсап, аңдып тұрғандай көрінетін. Сол екеуміз бір жерге барғанда, «шетіне отырайық, мына пластиктер гүр етіп жана қалса, тез қашып құтыласың» деуші еді. Соның ауруы ақыры білдірмей жұғып, әдет боп қалған екен.

— Байқайтыным, сіз байқағыш екенсіз — дедім мен жасанды ізетпен Лоллобриджаға.

Ол күлді. Мен де күлдім…

… Кешке ештеңеге міндеттемейтін төсек қатынасы болды. Бірақ типінақ майшам жағып, қымбаттау шарап (250 теңге) алып, өзімізше киелі кеш қылғымыз келгені рас. Бірақ денеміз қабыса бере тіпті бөтен адамдар екенімізді түсіндік. Оның да мғынасыз өмірінің көптеген бір кеші мәнсіз өтті. Менің де есімде төсектен гөрі, далаға туалетке шығып келгенім жақсырақ сақталып қалыпты. «Көптің бірі, көттің кірі» деп кейіп отырушы еді әжем украин…
Бөлісу:

9 пікір

Aya
ммм, сосын не болД?
patick
Иә-иә, таныс жағдай мен сезімдер )
zholantai
шәйі орамал кепкенше,
Adiletshu
Оған мынау қу пәнидегі кірпіштердің барлығы құлауды, ағаштардың барлығы өртенуді аңсап, аңдып тұрғандай көрінетін
edige
Жата кетуге мүдделі пост…