Стақандастарым. Имам Қуатхан
— Әні, әні, айттым ғой әні, келе жатыр, келе жатыр!
Жылдап оталмағаннан әбден құтырып, тал болуға аз қалған арамшөптің ортасында отырған Қасым, кәнігі барлаушыларша сыбырлап қойып, менің иығымды төмпештей берді.
— Саған «айтқан жоқсың» деп жатыр ма біреу? Кетші-әй өзің! — дедім мен.
— Мужики, может не надо? — делі артымызда тұрған Леха.
Сөйткенше мешіттің алдына — туғалы көрген иномаркамыз — «Grand Cherokee» келіп тоқтады да, ішінен имам Қуатхан түсті. Артынша джиптің қожайыны да түсіп, әлдене айтып, имамның қолдарын қысып, бірдеңе ұстатты. Имам ризалық ишарасын білдіріп, мешітке кіре берді. Осы кезде Қасымның да жүйкесі сыр берді: ну арамшөптің арасынан атып шығып:
— Қуатхаааан! Э лібә, біз ғой, Қуатхааан! Тұра тұршы, Қуатхааан!!!
Қасымның артынан мен де еріп шығып жүре бердім. Қуатхан мен джип иесі аңырып қалыпты. Енді ше, шөптің арасынан екі албасты күнде тап бермейтін болар.
— Қуатхан э, біз ғой лібә, кісі боп кеттің бе не, сонша танымай епті, хе-хе. Саумкім! — деді Қасым имамның қасына келіп әрең тоқтап.
Қасымның қолын имам құлықсыз ғана қысқан болды. Ал джип иесі тіпті қараған да жоқ.
-Е сендер ме жүрген, не істеп жүрсіңдер таң атпай? — деді имам жақтырмай.
— Саған атшот жазып әкеліп тұр едік қой не істеп жүргенімізді, хе-хе, -деді Қасым, — не ғой, тиын бар ма? 200 теңге бере тұрш?
Джип иесінің көзі бақырайып, имамға қарады. Имам оған жауап ретінде кінәлі көзбен бір қарап алды да, бізге бұрылып:
— Қашан қоясыңдар жігітер, қойсаңдаршы енді! Енді қалғаны — мешітке келіп бас жазу ма еді?!
Өзімді бір қаззақтай ұятсыз деп есептеуші едім, жоқ: бетімнің оты шығып, ду ете қалды. Қасым да мұндай жауап күтпеді білем, «ық-бық» деп, бірдеңелерді міңгірлеп, ыңғайсыз ыржиған күйі тұтығып қалды…
***
...Қуатхан мен Қасым бір кездері қаззақ қалаларын вояж жасап жүріп ішетін. Құйған кісі — бауыр, құлаған жер — отан боп, бармаған жерлері жоқ. Бір күні Қасым пойыздан жалғыз түсті.
— Қуатхан қайда нақ?
— Өзіне сол керек лібәә, гардобды жарып-жарып, ақыры Қызылорданың менттері түсіріп алып қалд!
Қал-қадірімізше іздедік. Еміс-еміс мәліметтерден тек тірі екенін ғана білдік. Ақыры үйленіпті деді ме жұрт.
Сөйтіп, араға үш-төрт жыл салып, амигоның қалған денсаулығы үшін сырттай алып қойып жүрген күндердің бірінде… Қуатхан келді! Келді де… жоқ-жоқ христиандар, достардың қуаныштан есі шыға қауышуы мен көл-көсір арақ болған жоқ. Келді де, сонша тақуа кейіппен жергілікті мешітке беттеді. Имам болыпты! Бірдеңе оқып келіпті.
Ел жұрт алдымен оның ішкен-жегенін өсек қылды, қалай молда боп алған деді, сосын аудан әкімі Ресейге қашып етіп, пыш-пыш, гу-гу әңгіме басқа арнаға ауысып, Қуатханды ақыры ұмытты. Сөзіне құлақ асып, садақа-тойда төрден орын бере бастады…
***
… Мен де, Леха да Қасымның жер-жебіріне жетіп келе жатырмыз. Ол болса имамды боқтап келе жатыр. Сөйтіп, арамшөп таусылып, ашық алаңқайға шыға беріп едік, біреу:
-Фішь, еу фішь! — деп ысқырды. Лібә, Қуантхан! Жолды айналып қуып жетіпті.
— Сендер де қызықсыңдар, — деді Қуатхан күмәжнегінен ырым-жырым ақшаларды шығарып жатып, — елдің өсегінің басылғаны жаңа, әрі құдай жолындамын, мүлдем ішпеймін. Былай келсеңдер де болады ғой, ана кісі кеткесін. Жасырын ішіп жүр екен дейді ғой ана кісі! Қалай түсінбейсіңдер! Мә, мұнда бес жүз теңге жігіттер, айып етпеңдер!
Лехадан басқа екеумізді бір-бір қапсыра құшақтап алды да, арамшөптің арасына қойып кетті. Ал менің… көңілім босап кетті. Әне, көрдіңдер ме көше бауырластығын! Ол діннен де жоғары!
— Вот те нааа! — деді Леха, — как же, он же только что — типа, грех профинансировал?
— Нет Леха, пойми, — дедім мен, бір сәтке көнетөз күпәйкемнің орнына пиджак, керзімнің орнына лактелген туфли елестетіп тұрып, — если мы дружим, то дружим конкретно — надрелигиозно и надзаконно!
Сөзім мықты салтанатты, әдемі шықты білем: Қасымның көзінен жас ытқып кетті…
* Иллюстрация: Василий Шульженко
осы сөздер қазақ тіліне қалай аударылады? өткенде «наднациональный орган» дегенді аударуда қиыншылықтар болған еді, satibaldi ?!
Ол ерекшелігін осында ғана дәлелдегей алуы жаман