Gravіdіtas

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Фотограф Леннарт Нильсон ұрықтың пайда болуынан тууылуына дейінгі эволюциялық дамуын таспаға жазып алу үшін өз өмірінің 10 жылын сарп еткен.
1965 жылы LIFE журналы адам эмбрионының 16 беттен тұратын фотосуреттерін жариялады. Фотосуреттер сол мезетте Stern, Paris Match, The Sunday Times сынды салмақты басылымдарға және басқа да журналдарға шығып үлгерді. Мұның барлығы да фотограф Леннарт Нильсонның атын шығарып, танымал етті.
Адам денесінің сұлулығын жасушалық деңгейде паш етуді көздеген, және сол мақсатына жеткен Нильсонның микроскоп пен фотоаппаратқа деген құмарлығы бала кезінен басталған болатын.
Ол адам ұрығының фотосуреттерін 1957 жылдың өзінде-ақ түсіруге мүмкіндік алды. Бірақ, ондағы фотосуреттер жалпақ жұрттың назарына ұсынуға жарамайтын еді. Сапасыз.
Айқын әрі әсерлі түсірілімдер жасауда цистоскопты пайдалануға тура келді. Цистоскоп — қуықты ішінен қарауға мүмкіндік беретін медициналық құрылғы. Жатырға кірудің жолын таппай жүрген Нильсон цистоскоптың басына камера мен жарық өткізгішті бекітіп, сәбидің жатыр ішіндегі дамуын бақылауға қол жеткізді. Тек бақылап қана қоймай, мыңдаған суреттер түсірді.
Осылайша, Леннарт Нильсонның шебер қолдары: адамның пайда болуы деген құпия әлемнің сырын ашып, жұртшылыққа көрсетті. Таңдайын қақтырды.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Аналықжасушамен жүздесу үшін жатыр түтігі бойымен асыға жылжып бара жатқан сперматозоид.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Аналықжасуша

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Тесіккөпірдегі тарихи жүздесу

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
200 млн сперматозоидтың тек біреуі ғана аналықжасушаның қабықшасын жарып, ішіне енді.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Сперматозоид тілініп жатыр. Қайқайған басында барлық генетикалық ақпар сақтаулы.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Арада апта өткен соң, жатыр түтігі бойымен төмен қарай сырғыған ұрық жатырға орналасады

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Тағы бір аптадан кейін эмбрион жатырдың шырышты қабатына бекиді

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Эмбрионға 22 күн болды. Сұр түсті зат — болашақ ми

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
18-ші күні ұрықтың жүрегі соға бастайды, лүп-лүп-…

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Ұрықтанудан кейін 28 күн өтті.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
5 апта. Ұзындығы 9 мм. Ауыз, көз бен танау тесіктерінің саңылаулары бар бет "әлпеті" айқындала бастады.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
40 күн. Ұрықтың сыртқы жасушалары жатырдың борпылдақ үстімен бітісіп, бала жолдасы (плацента) түзіледі

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
8 апта

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
10 апта. Көз қабақтары жартылай ашық. Бірнеше күннің ішінде толықтай қалыптасады.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
10 апта. Айналасын танып-білмекке тырысқан сәби қолдарын қозғалта бастайды.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
16 апта

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Жұқа тері астына жасырынған қантамырлар көрінеді

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
18 апта. Ұрық сыртқы әлемнің дыбыстарын қабылдай алады.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
19 апта

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
20 апта. Бойы шамамен 20 см. Басына шаш шыға бастады.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
24 апта

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
6 ай

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
36 апта. Бір айдан кейін сәби дүние есігін ашады, іңгәлап…

1965 жылы Нильсонның «A Child is Born» атты фотосуреттер кітабы шықты. Бірнеше күнде сатылып кетті.. Қаншама рет қайта басылды. Бұл кітап — осы тектес фотоальбомдар қатарындағы ең көп сатылған кітап ретінде тарихта қалды.
Леннарт Нильсонның жасы 91 -де. Әлі күнге дейін ғылым мен фотография саласынан алшақтамай, өзі сүйген ісімен айналысып келеді.
Бөлісу:

20 пікір

abzalsariyev
Керемет кадрлар! Енді біліп алдым)
zholantai
тек біліп ғана қоймасайш, , «енді жасайм» десейш
Aya
Алғыс  Бүгінгі таңым тіпті ерекше басталды. Оскардың әңгімесі, Саттың стқандастары, Енді сіздің жазбаңыз)) Керектіктермен әрдайым көңілді
zholantai
Керекшілер — жақсы орта,
Ispek92
Шешессссс дедім, бұны да көрдік. Шынымен қызықты дүние екен. Бас жағындағы суреттерде айдың (луна) бетінде жүргендей екен
zholantai
айтпа, суретке түсініктеме берілмесе, не екенін біле алмас едім, түрлі-түсті болған соң, түсіну қиын
Nur
Аянышты екен… Сол жақта талай тіршілікті бастан кешеді екен))
zholantai
неайтқың келд,
Аянышты екен…
деп
Nur
Нәп-нәзік бейшараның тірлігі аянышты екен. Шамалы не то бірдеңке болса, өліп қалайын деп тұр да
bizbike
Сондықтан келіншектеріңізді аялаңыз. Қыздарды жүкті қылып қойып, сосын түсік жасатпаңыздар. Осындай суреттерден кейін жасанды түсік жасаудан бас тартатындар да болған шығар талай.
temir1986
Үйге барып балаларым мен әйелімді сүйгім келіп кетті тіпті
Olzhass
мына сілтемеде осы суреттің видеосы боларлық дүние бар. Қатты әсер алғаным бар.
MamaAya
Оны өзіңнің ішіңде, жүрегіңнің астында сезіну деген тіптен керемет қой, оның қозғалғанынан оянасың ғой, жайсыз жатсаң ол сені оятатын сияқты, қуансаң тыныш жатады, сен қиналсаң ол да тыпыршиды. Ең қызығы сен жегің келмеген нәрсені ол қаласа жегізеді ғой, мен қышқыл айран дегенді өте қаламайтын адам едім, ал жүкті кезімде тек ащы айран ішу болды сүйікті ісім.