Құлазу

Блог - aru: Құлазу
Сізде де болады ғой мұндай жағдай, иә? Күні бойы айналаңыздағыларға өтірік күліп жүресіз де, үйге келе сала, төсекте өксіп жатасыз. Менде дәл қазір сондай күй…

Постым ұнамаса, жәй ғана жаба салыңызшы. Тек тиіспесеңіз, мазақ қылған пікір жазып кетпесеңіз болды.

Блог - aru: Құлазу

Міне, тағы бір күн аяқталды. Ештеңе бітіргем жоқ. Ештеңе.
Әр таңда «дертімнен айығып кеткен шығармын» деген үмітпен оянам. Кешке сол үмітпен ұйықтаймын. Қанша күн өтіп жатса да, ештеңені өзгерте алар емеспін. Тіпті сүйіктімді де таппадым. Жаныма демеу болып, мұңымды бөлісер адам болса, тез-ақ жазылып кетер ме едім деген қиял бар кеудемде…

Бір құрбым сүйіктісімен кездесіп кеп, әңгімесін айтқанда, бір құрбымның ғашықтықтан бақытты боп жүргенін көргенде ішімнен жылап алам. Менің де сондай күйде жүруіме болатын еді ғой деп ойлаймын. Әттең…

Кейде бәрін де тастап, айдалаға безіп кеткім келеді. Ол кезде ештеңе өзгермейді,әрине, тек өзімнің жаным жай таба ма деп ойлаймын…

Үнемі депрессиядамын. Күнде. Осы күйімнен арылғым келеді. Бар әлемге жан дауысыммен айқайлағым келеді.

Назар аудармаңызшы, мен тағы да депрессиядамын. Таң атқанша депрессиядамын. Таңертең-ақ күліп, жұмысқа кетіп бара жатам. Назар аудармаңыз…
Бөлісу:

30 пікір

Sashok
қандай дерт?
Adiletshu
Лезби
Sashok
Қойшей, не керек сондай әңгіме.
Adiletshu
Sashok
Оны оқыдым ғо, жәй қайтесің дейм сондай әңгімені. Жынем келед еркектер осындай бірдеңені бықсытып отса.
Adiletshu
не дерт екенін білгің келді емес па
Sashok
Мүмкін басқа нәрсе туралы болар.
AKY
Ой, Ару, қайда жоғалып кеттің? Құлазыма, күзгі хандра шығар жәй
satibaldi
күзгі хандра шығар жәй
Ай білмейм, білмейм. Беті бері қарамастан кететін дерт сияқты бұл
AKY
satibaldi
Ай жаман-ау мына дерті, ай адам болмас, сірә болмас
AKY
жырқ жырқ тек
bizbike
неге шетелге барып тұрып көрмейсіз сол жақтан жұмыс тауып?
AnarAlibayeva
таулы жерде тұрсаң тауға шығып бар дауыспен жыртыл да айқайла қанша рет айқалағың келсе, таулы жерде болмасаң өзенге түс те созылып керіліп бойыңды жаз. Оған да ерінсең үйдегі душқа түсіп су астында тұр да өкіріп ал. Сөйтіп өксігіңді шығарып ал. Одан соң айнаға боянып сыланып жігітпен танысуға шықта сәтті күйеуге шығуды жоспарлап жібер де, әбден қол жеткен соң төсекте еркегіңді өкіртіп ал. Сөйтіп құрысқан тырысқаннан біржола құтыласың.
Dzhonsaken
төсекте еркегіңді өкіртіп ал

Еркекке қиын болатын болды
Соңғы түзету:
AnarAlibayeva
Қиын ештеңесі жоқ, қайта сауап болады.
bazuka
Үнемі болмағанмен былай күйзелісте жүремін көп, бірақ менде махаббаттан немесе ғашығымды таппағаннан емес. мүлде түсініксіз. Мұндай жағдайлар қайталанып кетсе үйде секіріп билеймін не өлең айтамын, кейде достарыммен ішемін.
MERmukhanov
Ару  анығын айтқанда, байға кету керек саған.
MERmukhanov
пы.сы. Ана қыз әлі жасай ма қарамағыңда?
AknietTanirbergenkyzy
Куз асер етіп журген болар, алде сіз де баскаларга карап, неге менін касымда суйетін адамым жок, деп гашыктарга іштей кызыга карайсыз. Не болса соны журегінізге жакын алып, бар кінаны озінізден іздейсіз. Жанынызды жегідей жеменіз, сал терен тыныс алып демалыныз, содан сон озінізді сабырга шакырып, ертенгі кунге сенім артыныз, Тек сонда гана ісініз онга баспак!!! Ен бірінші Аллага, одан сон озінізге сенініз! Сену аркылы барін женіп шыгасыз! Саттілік! Алла жар болсын!
MickThatsMyNick
Құрбыларың нағып жүр, жігіттерімен мақтана бермей, тауып бермей ме саған өзіңе сай келетін жігітті…
Edu
Еңбек бізді үш жаманшылықтан- жоқшылық, аурушаңдық және КҮЙЗЕЛІСТЕН құтқарады.
Simona
Өзiңiз бен өзiңiз өмiрге ырза бола алмасаңыз, ешқандай сүйiктi демеу бола алмайды. Депрессияның себебiн тауып, проблеманы шешпесеңiз, кейiн күйеуiңiздiң жанында жылап жатасыз.
MamaAya
нақты себебін айтқанында мүмкін нақты басу айта алар ма ем, бірақ бірнәрсе айтсам, мен не дейм, мынау не дейд дейтін сияктысын, короче, моя твоя не понимает боп тур гой. Жалпы құлазу анда-санда норм явление гой, боп турады.
ken
Былай істесең, құлазуға уақыт таппайысң.