Визуальді CAPTCHA
«Completely Automatic Public Turing Test to Tell Computers and Humans Apart» –адамдар мен компьютерлерді ажырату үшін арналған Тьюрингтің толық автоматтандырылған тесті. Басқаша айтқанда: адам оп –оңай шеше алатын мәселені компьютер мүлдем шеше алмайды немесе ондай мәселені шешуге компьютерге үйрету өте қиын. Қазір көбінде CAPTCHA-ны сурет күйінде көреміз. Кішігірім сурет. Ішінде бір –екі сөз немесе сандар мен әріптердің бейнесі бейнеленеді. Адам тани алатындай бейнелердің көрінісі бұзылады. Адамға тән жан –жақты саралаудың үйренгіштігі және оның күрделігі компьютерге жетпейді. Адам суретке қарағанда көргенін ой елегінен өткізеді, сондықтан кейде суреттегі жоқты ақылы бейнелеп көрсете алады (жастыққа ұқсас бұлт -парейдолиялық көру) бірақ мұндай суретті барлығы бірдей қабылдамауы мүмкін.
CAPTCHA не үшін қажет?
Интернеттегі мыңдаған беттердің мазмұнын қолданушылардың өздері толтырады немесе толықтырады:
— мақалаға пікірлер жазады;
— форумдағы сауалнамалар қояды;
— конференцтегі талқыламаларға қатысады.
Кейбір интернет қызметтері өзінің ресурстарымен бөліседі. Бөлінетін ресурсқа қол жеткізу үшін қолданушылар тіркелу арқылы аккаунт ашады:
— электронды жәшіктер ашу;
— файлдарды уақытша сақтауға орын алу.
Бірінші жағдайда контент сапасын сақтау маңызды. Сапалы контент қолданушылар аудиториясын қалыптастырады. Орынсыз мазмұны бар бір –екі текстті ресурс иесі байқап жоюға шамасы жетеді. Қолданушының аккуанттын бұғаттайды, ескерту жасайды.
Екінші жағдайда ақпарат сақтау құрылғысының сыйымдылығын тиімді пайдалану және сессия санын қадағалау маңызды. Әйтпегенде ресурс қызметін қажетіне жаратпақшы болған қолданушы ондай мүмкіншіліктен айырылады.
Қолданушы іс -әрекетіне сәйкес жұмыс істейтін программа бар дейік. Ондай программалардың түрін робот –программа атауы берілген. Оның мақсаты бірінші жағдайда ресурсқа жарнама немесе орынсыз текст орналастыру болса, екінші жағдайда бостан босқа жүктеу арқылы қызмет жұмысына кедергі жасау.
Желідегі көп компьютерлерден осындай қаскүнем әрекет жасалса кез –келген ресурс жұмысы нашарлайды немесе тоқтап қалады. Сондай шабуылдарды шектеу үшін CAPTCHA қолданылады.
Әрине кез –келген қорғанысқа қарсы өз айласы бар. Ондай әдісті қарастыру ойымда жоқ. Оның орнына тестің атауына атын берген және әдісіне ғылыми негіз жасаған Алан Тьюрингтің еңбегіне шолу жасау меніңше қызықты. Бірақ бұл кезекті бір әңгіменің тақырыбы.
Визуальді CAPTCHA –дағы (суреттегі) таңбалардың танылуын қиындату үшін келесі әдістер қолданылады:
— түрлі –түсті дақ тозаңдалу;
— бір –біріне қосып жазу;
— каллиграфиялық жазуды қолдану;
— әріптердің емлесін өзгерту;
— таңба пішіміне механикалық немесе табиғи деформаттау әсерін беру (су тамшысының астынан көріну).
Дерек көздері:
www.pcwork.ru/captcha_i_test_tyuringa.htm
www.mobi.ru/Articles/1215/Tyuring_chelovek_zagadka_i_mashina.htm
Сурет жүктелді мына жерден.
2 пікір