Алтын допты кім алуы тиіс?

Блог - Ispek92: Алтын допты кім алуы тиіс?
Алтын доп ! Бар футболшының арманы! Бұл биікке қол жеткізу үшін көп нәрсе керек, ойыныңмен әлемді мойындатуға тиіссің. Францияның ғана емес әлемнің белді журналы саналатын France Football-дың әлемнің үздік ойыншысына беретін сыйлығы, һәм абырой-беделі. Осы журнал әдеттегі қалпынан жаңылмай, осы жылғы үздіктердің үздігін анықтапты, яғни үміткерлерді. Олардың саны, бас — аяғы 23-ке жетеді. Олар кімдер екен:

Блог - Ispek92: Алтын допты кім алуы тиіс?

Енді бұларды кім және қалай анықтайды дегенге келер болсақ: Белгілі күні белді де атақты әлем журналисттері(журьелер емес шығар) дауыс беру арқылы анықтайды. Әр журналист 5 ойыншыға дауыс бере алады, дауыс саны 5-1 ұпай аралығында болады. Мысалы, 1-ші ойыншыға 5 ұпай, 2-ші ойыншыға 4 ұпай, осылай кете береді.

Бұның алдыңғы жылдары кімдердің бұл дода да бағы жанғанын көрейік:
1956 – Стэнли Мэтьюз (Англия, «Блэкпул»)
1957 – Альфредо Ди Стефано (Испания, «Реал»)
1958 – Раймон Копа (Франция, «Реал»)
1959 – Альфредо Ди Стефано (Испания, «Реал»)
1960 – Луис Суарес (Испания, «Барселона)
1961 – Омар Сивори (Италия, «Ювентус»)
1962 – Йозеф Масопуст (Чехословакия, «Дукла»)
1963 – Лев Яшин (СССР, «Динамо» Москва)
1964 – Денис Лоу (Шотландия, «Манчестер Юнайтед»)
1965 – Эйсебио (Португалия, «Бенфика»)
1966 – Бобби Чарльтон (Англия, «Манчестер Юнайтед»)
1967 – Флориан Альберт (Венгрия, «Ференцварош»)
1968 – Джордж Бест (Северная Ирландия, «Манчестер Юнайтед»)
1969 – Джанни Ривера (Италия, «Милан»)
1970 – Герд Мюллер (ФРГ, «Бавария»)
1971 – Йохан Круифф (Голландия, «Аякс»)
1972 – Франц Беккенбауэр (ФРГ, «Бавария»)
1973 – Йохан Круифф (Голландия, «Аякс»)
1974 – Йохан Круифф (Голландия, «Барселона»)
1975 – Олег Блохин (СССР, «Динамо» Киев)
1976 – Франц Беккенбауэр (ФРГ, «Бавария»)
1977 – Алан Симонсен (Дания, «Боруссия» Менхенгладбах)
1978 – Кевин Киган (Англия, «Гамбург»)
1979 – Кевин Киган (Англия, «Гамбург»)
1980 – Карл-Хайнц Румменигге (ФРГ, «Бавария»)
1981 – Карл-Хайнц Румменигге (ФРГ, «Бавария»)
1982 – Паоло Росси (Италия, «Ювентус»)
1983 – Мишель Платини (Франция, «Ювентус»)
1984 – Мишель Платини (Франция, «Ювентус»)
1985 – Мишель Платини (Франция, «Ювентус»)
1986 – Игорь Беланов (СССР, «Динамо» Киев)
1987 – Руд Гуллит (Голландия, «Милан»)
1988 – Марко ван Бастен (Голландия, «Милан»)
1989 – Марко ван Бастен (Голландия, «Милан»)
1990 – Лотар Маттеус (ФРГ, «Интер»)
1991 – Жан-Пьер Папен (Франция, «Марсель»)
1992 – Марко ван Бастен (Голландия, «Милан»)
1993 – Роберто Баджо (Италия, «Ювентус»)
1994 – Христо Стоичков (Болгария, «Барселона»)
1995 – Джордж Веа (Либерия, ПСЖ)
1996 – Маттиас Заммер (Германия, «Боруссия» Дортмунд)
1997 – Роналдо (Бразилия, «Интер»)
1998 – Зинедин Зидан (Франция, «Ювентус»)
1999 – Ривалдо (Бразилия, «Барселона»)
2000 – Луиш Фигу (Португалия, «Барселона»/»Реал»)
2001 – Майкл Оуэн (Англия, «Ливерпуль»)
2002 – Роналдо (Бразилия, «Реал»)
2003 – Павел Недвед (Чехия, «Ювентус»)
2004 – Андрей Шевченко (Украина, «Милан»)
2005 – Роналдиньо (Бразилия, «Барселона»)
2006 – Фабио Каннаваро (Италия, «Ювентус»/»Реал»)
2007 – Кака (Бразилия, «Милан»)
2008 – Криштиану Роналду (Португалия, «Манчестер Юнайтед»)
2009 – Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»)
2010 – Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»)
2011 – Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»)
2012 — Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»)


Осы жылғы іріктеуде нағыз интрига болатын секілді, мәңгі Алтын доп саналатын Мессиге лайық қарсыластар табылып тұр. Еуропаның белді букмекер кеңселері Месси(2.5 коэф) кезекті Алтынын алады деп болжап отыр. Сонымен қатар тағы лайық деген 10 ойыншыны да көрсетіпті:

1. Франк Рибери («Бавария») – 2.5 коэффициент
2. Криштиану Роналду («Реал Мадрид») – 7.5 коэффициент
3. Златан Ибрагимович («ПСЖ») – 21 коэффициент
4. Арьен Роббен («Бавария») – 26 коэффициент
5. Неймар («Сантос», «Барселона») – 34 коэффициент
6. Бастиан Швайнштайгер («Бавария») – 34 коэффициент
7. Андрес Иньеста («Барселона») – 41 коэффициент
8. Гарет Бэйл («Тоттенхэм», «Реал Мадрид») – 41 коэффициент
9. Роберт Левандовски («Боруссия» Д) – 41 коэффициент
10. Филипп Лам («Бавария») – 41 коэффициент

Алтын допты көп жағдайда Еуропа түгілі әлемнің ең қызықты турнирі Чемпиондар Лигасын ұтқан адамға беріледі. Осы оймен келісер болсақ, Бавариялықтар фаворит, алайда журналисттердің не ойлағанын білу қиын.

Рибериді бірден-бір үміткер деп атауға да болады, Финалдағы ойыны мен жеңісі, Неміс біріншілігін жеңді, команданы алға сүйреді, айбынды Барселонаны талқандауға қатысты, Еуропаның үздік ойыншысы да атанды. Осылай ойласақ, жеңімпазды табу қиын емес секілді, бірақ Мессидің соңғы жылдардағы артық алтындарын(!!!) ойласақ бәрі мүмкін секілді.

Мессиге де берілуі мүмкін, көп журналшылар ол кісінің ойынынан әлі де рахат алатынын айтып тауысар емес, мысалы ФИФА президенті Блаттер де бар. Месси Испан чемпионатының жеңімпазы, сол біріншіліктің сұрмергені. Еуропаның үздігін анықтауда финалға дейін жетті.

Реалдың өрге сүйреушісі Роналду жайлы да көп айта алмаймыз, алайда соңғы жылдардың Алтын доптан көп қорлық көріп жүрген осы кісі. Испан чемпионатында күміс, голдар санынан да күміс, мақтанарлығы Чемпиондар Лигасының үздік сұрмергені, ұтылса да Испан Кубогының финалисті. Еуро-2012 де құрамасын алға сүйрей білді, ал Риберидің жағдайын білерсіздер…

Бавария құрамасындағы Лам, Шванштайгер, Роббен жайлы да Рибери жайлы айтқанды қайталауға болады. Лам мен Швайни Герман құрамасының белді мүшелері, бұл құрама жетістіктері де керемет. Роббен Голландия құрамасымен ЕУРО-да қалай ойсырағанын көз көрді. Бұл кісілердің мүмкіншілігі аздау.

Менің пікірімдегі соңғы 5-6 жылдағы мықты да ойыны керемет шабуылшы саналатаны Ибрагимович ПСЖ сапында ел біріншілігін жеңіп алды, үздік сұрмерген. Соққан голдары керемет, тамсанасың. Қай командаға барса да сол ойынын жоғалтар емес. Басқа айтарым жоқ, үміт аз.

Боруссияның маңдай алды шабуылшысы Левандовски бұл тізімде артық секілді, ел біріншілігінде күміс алса, Чемпиондар Лигасының финалисті, Реалды жалғыз өзі жүріп ұтқанымен қоймай, Мадридтіктерге ЧЛ-да покер жасаған әлемдегі жалғыз адам.

Гарет Бейл жалғыз өзі жүріп Тоттенхэмді өрге сүйреді, Англияның үздік жас ойыншысы мен премьер лиганың үздік ойыншысы атағы бұл жігітке жүлдеге қол созуға жетпейтін секілді.

Неймар жайлы ештеңе дей алмаймын, Конфедерация кубогын жеңіп алды, өз еліндегі мықты ойыншы да бола білді. Еуропаға келгені кеше ғана, алайда бұл тізімде жүргені қызық боп тұр. Не деймін, сәттілік!

Менің сараптамам осылай болды, үздік атануы мүмкін бестікке: Рибери, Роббен, Роналду, Месси, Ибрагимовичты қосар едім, Роналдудың немесе Риберидің жеңгенін қалаймын. Себеп, мен мадридистпін және Зиданның заманынан бері үш жолақтылардың тілеуін тілеп келемін!!!

Ал, енді сіз қалай ойлайсыз?! Кім мықты, кім бұл жерде артық?! Алтын допты қай жетістігіне қарап беру керек?!
Бөлісу:

11 пікір

konyrat
Мадридист? Испансын ба не? Месси алады 100%
Ispek92
Клондалғанмын қазақ мадридистпін МЕсси алса ФИФА-ға түкіріп кетем
Dzhonsaken
Ispek92 таза өзің толғатқан дүние ма? Түгін қалдырмапсың ғой…
Ispek92
Футбол десе қолындағы доширакты жерге қоя салатындардың қатарынан едім
Dzhonsaken
Онда жүн екен! Мұндай статистиканы жүргізу үшін біраз ми тігу керек қой, бәрін жатқа білетін болсаң мықты екенсің. Менде күнде тебем ала допты, бірақ үлкен алаңдағылардың ойынын жіті қадағалап, талдап отыруға уақытым жетпейді…
konyrat
Мен Барсанын фанатымын. Биылгы Алтын допка, мойындау керек, Франк Рибери лайыкты. Месси алса ФИФА-га уят болатын сиякты. Кристина лайык емес.
Ispek92
Мен антибарса, яғни мадридист бола тұра Мессиды өз атымен атадым, бро. Сенің немесе сіздің Кристина деуің немесе деуіңіз мектеп оқушысы немесе мектепте жұмыс істейтініңзді аңғартып тұрғандай. Аты бар ғой, ол кісінің
Adiletshu
Бавария ойыншыларының ішінде өткен сезонда жақсы ойнағандар көп. Баварияның үш фронтта жеңіске жетуіне Рбериден бөлек Швайнштайгер, Лам, Роббен, Мюллерлердің де көп еңбегі сіңді. Ішінде мынауы бір бас жоғары болды деп айта алмаймын. Сосын «Алтын доп» командалық жетістік емес, жеке шеберлікке берілетін марапат. Ал Роналду не Мессидің шеберлігі Рибериден әлде қайда мықты
Ispek92
Ибрахимұлы жөнінде не айтасың брат? Ол да керемет техниканың иесі
Adiletshu
Болады, сосын Ван Перси алса да артық болма еді
ereke_enu1
Мессидің ойынын көру бір рахат қой. Командасын алып жүреді, керек десең өз алаңынан жалғыз өзі келіп салып кетеді. Дриблингі сұмдық, өте технар ойыншы. Мақтаншақ та, жылауық та емес. «Спокойно» өз ісін тындырып жүреді. Бұл жылы да ол алса таңданбас едім.