Риэлторды лақтырып кетудің жолдары

Блог - Rafaello: Риэлторды лақтырып кетудің жолдарыАстанада пәтер қымбат. Өте қымбат. Жалдау да қымбат. Өте-өте қымбат. Күннен күнге, айдан айға, жылдан жылға қымбаттауда. Жалдамалы пәтер табу да оңай емес. Алдымен келген жағыңның әдетіне салынып, жергілікті газеттердегі хабарландыруларды шолып шығасыз ( кешірерсіз, осыны ойлағанның өзін де күлкім келіп кетті)
Әлбетте газеттен хабарландыру таба алмайсыз. Одан кейін астаналық болып бара жатқан таныстарыңа телефон шаласыз (кешірерсіздер, тағы да бір күліп алайын  ) Әрине, әрине олардың ешқандай пәтер жалдайын деп жатқан танысы жоқ. Осылайша жолдың соңына келесіз. Ол — kn.kz, slando.kz, krisha.kz сияқты сайттардан пәтер іздеу. (  тап осы жерде сізді шынымен аяп кеттім, бірақ осы постты соңына дейін оқып, бір нәтиже шығарсаңыз сіз үшін қуанатын боламын)

Сайттардағы пәтер хабарландыруларының 99,98 пайызы риэлторлар, агенттіктер немесе жәй ғана боқмұрын делдалдар қойған хабарландырулар. «Без посредников» деп алдап жазып та қояды. Сонымен бағасы, ауданы және түрі сізге ұнағандай-ау пәтерді таңдаймыз да, телефон шаламыз жазылып тұрған номерлердің біріне. Әлбетте риэлтор көтереді де, үйді көрсету үшін қожайынмен уақытын келісіп алып, сізге хабарласады кейін.

Блог - Rafaello: Риэлторды лақтырып кетудің жолдарыБұрын елордалық (өзімді журналист сезініп, толқып кеттім шамалы  ) риэлторлар айлық пәтерақының 10 пайызын алатын еді. Қазір 20-ға көтерілді! Мына постымды жазуға осы түрткі болды. Иә, иә, 20 пайыз комиссия! Және бір құпия айта кетейін — дәл осындай пайыздық комиссияны пәтер иесі де төлейді. Бірақ, мұны риэлтор сізге айтпайды

Риэлтордың ең әлсіз жері осы. Біз оны ең әлсіз жерінен ұрамыз. Тек тағы бір әлсіз тұсын ұтымды пайдалануымыз керек. Қалай?

Былай: үйді көрсетуге келген кезде қожайынмен оңаша қалуға тырысуыңыз керек. Риэлторға білдірмей екі жақ болып комиссиядан құтылуды ұсынасыз. Пәтер иесіне де бұл ой ұнайды, қабылдайды көп жағдайда. Тек осындай сәтті сәтті пайдалана алуыңыз қажет. Ол үшін алдын ала бір қағазға өз номеріңізді жазып алыңыз, қасына «Келісейік, мына албастыны лақтырайық» деп те жазып қойыңыз. Қағазды білдірмей қолына ұстатып, пәтер ұнамағандай риэлтормен бірге шығып кетіңіз. Немесе үйді қарап жүрген кезде риэлтордың көзінен тыс, оңаша қалып қоятындай мүмкіндік іздеңіз. Кейде ол бейбақ сіз сияқты басқа бақытсыз, пәтер іздеушілерді төменнен кіргізіп алу үшін шығып кетеді. Бұл жиі болатын нәрсе, бір уақытқа бірнеше клиентті шақырады. Ең идеал мүмкіндік осы.

Қысқасы, риэлторды лақтырудың жалғыз жолы осы ғана. Ешқашан аямаңыз оларды, өйткені сіздерді аяп жатқан ешкім жоқ. Жәй ғана ойша есептеп көріңіз олар бір пәтерден 2 комиссия алған кезде қанша табатынын және пәтер бағаларын әдейі қымбаттатушы күштердің бірі осылар екенін. Қалай, оларды өлтіріп тастағыңыз келіп кетті ме?  Өлтірмеңіз, жәй ғана лақтырып кетіңіз. Сәттілік!

(Пост жеке өзімнің және достарымның тәжірибелеріне сүйеніп жазылды. 100 пайыз тексерілген, сенімді әдіс)
Бөлісу:

23 пікір

FaraOn1
қазақша білмейтін риэлторды әдемі лақтырғаным бар. Үй қарауға бардық. Сүйтсем үй иесі қазақ екен. Бағасы бәрі ұнады, Өтірік әңгімелесіп жүрген боп, арасында орысша қосып, келісіп алдық. Бірақ біздің жақта үй жалға беруші жақ риэлторға төлемейді))
aikarakoz
Рафа бырат, жанды да өзекті мәселелерді дөп басып жазатыныңызға тәнтімін  Астанаға келгелі «пәтер» деп еңірегенде етегі жасқа толатындардың қатарына қосылдық, Қайтейік енді, үйі барлар пәтердің жалға беретін ақысын көбейтіп-көбейтіп, және бір үй алады. Ал, қарапайым өлімділердің айлығы солардың пәтерін жалға алумен кетеді, үй алуға ақшасы қайдан жиналсын сосын. Қиын. Өте қиын. Қазақстаннан көшкім кеп кетеді кейде
aikarakoz
Сосын не ғо, ағасы, миниатюра қоюды үйретейін бе?  Керекинфоның жаңа дизайнына үйренісе алмай жүрсіз-ау?
Rafaello
Қазір қайтадан салып көрейін
Xansha
Олардың арасында келісімшарт деген болмайтын ба еді?..  Ондай ой болған ед менде, бірақ ақымақтар аз ғой қазір деп ойладым да қойдым.
AidaKali
түсінбедім сонда астанада үй иесі де делдалдан қорлық көреді ме? (алматта да сондай ма?)
пәтерде жай көрсеткеніне 20 мың алады ма?
астанада, вяяяк қыста сосын үй іздеп жүрсең андай суықта
Астанаға кетем деген ойым чета бұлыңғыр боп қалды нау болайын онда да
asaubota
1 рет таныс арқылы таптым, қалғанына комиссия бердім. өзімді лох сезініп отырмын
Beytanis
Бір жеріне түзету енгізетін едім: «Сәтті сәтті пайдалану» дегеннен гөрі «оңтайлы сәтті» десе қатып кетеді
Adiletshu
Егер пәтер 100 мың теңге болса, риэлтор 40 мың теңге алып кетеді ма?
Adiletshu
Газетке, сайтқа хабарландыру берген риэлтор еместердің хабарландыруларына не болады?
aikarakoz
Газетке, сайтқа салған хозяйндарға хабарласып, бағасын көтереді де, клиент тауып береміз тез деп, алып алады бәрін. Тікелей үй йесінен табу мүмкін емес қазір.
Zhan
Тікелей үй иесін де табуға болады қаптаған жарнаманың ішінен әрине сәті түссе)). Олардың да риэлтордан аузы күйгендері бар. Мен хозяиннің өзімен тікелей сөйлескем бір рет. Сосын хозяиніңе ұнасаң ақшаны сәл кешіктіріп төлеуіңе «кешіріммен» яғни түсіністікпен қарайтындары да бар. Еһ, мен де кейде безіп кеткім келеді… амал қанша. Өз елім, өз жерім.
Соңғы түзету:
serjan
Мен жер телімін сатып алғанда лақтырғам, риэлтор жерді көрсетті, ойланайын дедім де оны үйіне жеткізіп тастадым, қайта айланып келіп көршісінен сұрап едім, жер иесінің телефон номерін біледі екен. Иесімен жолыққанымда ол ешқандай риэлторға бермегінін айтты, бұлар өздері газетке шыққан хабарландыру арқылы жердің орнын қоңырау шалып біліп алады екен.
Edu
Астанада да барып көрсеткені үшін ақша алу бар ма?(үйді алмайтын болса да)
Nurgisa
Жазылған жайдың жаңғырығы болсын. Мәселенің өзегі бар. Неге дейсіз бе? Демейсіз бе? Сонда да қыстыра кетейін.
Берісі Арқалық һәм Павлодар, арғысы Өскемен мен Талдықорғаннан келіп, баскентте қарқ боламыз деген үкілі үміттінің әрбіріне лашық керек әлбетте. Риэлторлардың да көбі сол басқакенттіктер, қызық қылғанда. Жұмыртқадан жүн қырыққан (неткен анайы еді) кеще неме деуге және келіңкіремейді: оныкі да айкөріс, күнбатырыс. Бірақ, әлгі шәпкісі тақияға тар келе қойсын ба?
Астанадағы заманауи вигвамдарға тамсанушлардың сапында мен де болдым. Онымнан қайран не, о кезде (шамамен бес жылдай бұрын) жеке баспанам жоқ, жалға алуға тура келді. Делдалсыз бітуші ме еді бұл сергелдең.
Пекин Паластағыға апарды. Тар бөлмелі «біреулік», қажет өтейтін жер «біріктірілген». Жарамды аумағы айналдырғаны 25 ш.м. шығар сондағысы, ас үйді қосқанда. Тыныс тарылды, Басқасын қарайыққа ишарат бердім делдал төреге. Аяқ киімін тез ілді де, есіктен шыға берді, мен асықпастан киіп жатып, алдын-ала бір параққа жазған месседжімді жай ғана артымнан тастап кеттім, полға, үй иесі көретіндей етіп… Ол көп өтпей хабарласты, бірақ ол кезде риэлтордың көлігінде «Дипломатқа» бет алып едік. Жауапсыз қалды соғылған қоңырау.
Дипломат — жайлы кешен. Орталық. Пәтерлері кең, жоспарлануы ойға қонымды. Мұндағы "үшеулік" қатты ұнады. Бағасы да тіпті сол кездегі баға конъюнктурасы есебімен арзандау еді. Онысына қоса, ком.төлемдері өздерінен екен. Үй иесі, бақсам, оқыған, өте зиялы апай екен. Кірмей жатып бұл пәтерден айрылмау керегін айқын ұқтым. Стандартты ережеден ауытқымай, қарап шықтық. Баяғы сауда жасаған күндегі экспиэрэнсті кәдеге жаратуға тура келді: клиентке (бұл жерде — риэлторға) бұл ұсынысының да мардымсызсыздығын білдірдім. Ол да менен жалықты ма, жоқ әлде холостой клиентке тым көп уақыт ысырап етіп қойдым деді ме, асығыс-үсігіс табанын жалтыратты. «Біреуліктегі» айланы мұнда да неттім. Бірақ, бір қынжылтқаны, еден сапалы ағаштан болғасын ба, әлде қағазым ауырлап кетті ме, «аналар» көретіндей етіп жерге тастаған мыжулы парағым «ТЫҚ!» етіп түсті еденге сатқынша. Біткен жерім осы дедім (мені сол жерде анау талап жеп қоятындай). Жоқ, назары сыртта болды ма, тез-тез далаға шықтық, амал нешіктесіп тарастық. Тарасқанда, ол кетті көлігімен жүйткіп. Мен анодай жерге барып, барлап тұрдым. Торуылдадым сосын, шынымен ұзады ма, мені сыртымнан аңдуға біреуді қойып кеткен жоқ па деп. Рекогнисцировка сәтті тәмамдалғасын, әлгі кісілерге бардым. Олар менің «ес емесіммен» танысып үлгеріпті. Аздап шошыңқырапты. Әр нені заңға сай істеп үйреніп қалған кісілер екен. Бірақ, сөзім өтімді болды ма, мінезіміз сарындас боп шықты ма, құдай жарылқап сол пәтер маған бұйырды. Кейін ғой, әлгі риелтор телефон соғады, үйге келеді. Ондайда әккі боп алғансың ғой, есікті ашпай жатып бергі жақтан «Уже не сдается» деп қоясың. Сенімділік коэфицциентін жоғарылату (дұрысырағы, «бірге» түсіру) үшін дауысыңның ырғағын үйдің иесіндегідей батылдырақ темппен жеткізесің.
Сол үй көп қуаныш сыйлады, жалпы. Берекелі үй болды. Көп ұзамай Аршат деген бір құрдасым да көшіп келді осы үйге. Бұлбұл замандар еді
asaubota
аха, берекеті мен bet-і мол пәтер еді жарықтық
кейін сол аулада көрші болдық. тек сол үйден кетуің онша еместеу болды, а?
Nurgisa
Кеткеніме өкінбеймін
Айтпақшы, көшушілерге арнайы қызмет көрсететін Газельдер мен жүк тасушылар жайын да жадтан шығармау құпталса игі. Бағалары қымбат емес дер едім.
kn.kz — жақсы сайт.
VKM
2013 жылдың 3 кварталында берілетін пәтер әлі дайын емес+келісімде ортаңғы подъезден болу керек пәтер, ең шеткі подъездге «көшіп» кеткен((((((( Сотқа бердік.
Dzhonsaken
Қаланың зайып жері осы пәтер да…
bizbike
Риэлторлардың да иесінен сұрамай, жерін көрсетуі заңсыз ғой. Сосын пәтерлер туралы хабарландыруларды қалай қараптан қарап алып кете алады олар, өз атынан беріп сосын?
elton_kz
Алда-жалда Астанаға барып қалсақ КЕРЕК ЕМЕС ИНФО екен.
Koshpeli_kazak
Біздің де лақтырғанымыз бар осыдан 11 жыл бұрын Алматыда бір орыс маклерді (кешіре көрсін оқып отырса ). Алматыда маклер деп атайды. Ол кезде студентпіз. Сотка деген енді шығып жатқан кез ғой. Бір қоңырауыңның озі қалтаңды қағып алады.] Ол кезде 1 бөлмелі патер жалдау 70-80 $, 2 бөлмелі — 100-120 $, 3 бөлмелі-150 ден жоғары. Сөйтіп хабарласып 2 бөлмелі пәтер көретін болдық. Бірақ көрсеткен пәтері телефонда айтқандай емес болып шықты. Алмайтын болсаң көрсеткені үшін за просмотр деп 200 теңгеңді қағып алатыны тағы бар.   Басқа қандай варианттар бар деп едік, дәптерін ашты да көрсете бастады. Бізде сол жерде ұрланып қарай қойдық та, жаттап алдық телефон нөмірін. Сол жерде тарқастық. Осылай 3 бөлмелі пәтерді 160$ жалдадық маклерсіз.