Орынды эгоизм
Негізі кез келген адамда эгоисттік көзқарас болады, бірақ біз оны көп байқай бермейміз. Неге дейсіз ғой? Мысалы, қарапайым «эгоист» ол тек өзін ойлайды. Ал оның антонимі «альтруист» өзін басқа адамдардың орнына қоя алып, оларды түсіне біледі. Мизантроп пен филантроп сияқты ғо. Енді міне, белгілі болғандай, «саналы немесе ақылды эгоизм» деген түсінік бар екен. Ол ешкімге кедергі келтірмей-ақ, өз мүддеңмен және қызығушылығыңмен өмір сүре білуді білдіреді. Бұл әсіресе қазіргі таңда өте өзекті. Енді шынымен де ойлап көрсек, кез келген адам бірінші өзінің қамын ойлайды, өйткені оның жаны мен денесі оның өзінде және ол өзін ойламаса, оны ешкім де ойламайды.
Иә, кез келген есі дұрыс ата-ананың өз баласына жаны ашиды, бірақ олардың тарапынан жасалатын қамқорды да белгілі бір эгоизмге жатқызуға болатын шығар. Мысалы, олар өз баласына «өзіңді дұрыс ұста, бізді ұятқа қалдырма» деп, өздерінің аттарына кір келмеуін де ойлайды. Тіпті ана өз баласына өзінен шыққан бөлшегі ретінде қарағаннан, тоғыз ай бойы көтергеннен, оны осы дүниеге әкелгеннен өте қамқоршыл болып келеді, оны іштей сезеді. Бұл да эгоизмнің бір түрі болғаны ма… Бірақ өз баласын ойламаса, тағы да эгоизм, алайда бұл түрді нағызға жатқызамыз. Сондықтан бірінші эгоизм сәл де болса дұрыс-ау. Тіпті өз жарыңа «жаным» дегеннің өзінде, эгоизм байқалады, өйткені оның алдындағы «менің» деген сөз айтылмайды. Ал «эго» деген сөз латыннан аударғанда «мен» дегенді білдіреді. Осыдан қорытынды жасай беріңіздер.)
ПыС: Суретте Оралдағы бутиктердің бірі.

Ол кітапта жоғарыда жазғандарың тарқатып, толықтырылып жазылған. Автор адамның (жалпы тірі организмдердің) эгоизмге әубастан-ақ гендік деңгейде программаланып қойылғаны туралы жазады.