Дыбыс жазатын алғашқы құрылғы. Эдисонның өнертабысы. Таныс болыңыз –фонограф.
1877 жылы 21 қарашада өз жаңалығын жарыққа шығарған. Осыдан 136 жыл бұрын жасалған құрылғы. Осы құрылғыға дыбыс қалай жазылатынын және жазылған дыбысты құрылғыдан қалайша қайтадан естуге болатынын қарастырайық.
Thomas Edison with early version of phonograph.
Дыбыс жолы. Дыбыс жол бетінде сақталды. Жолдың бедері дыбыс шығуының деңгейіне сәйкес өзгереді. Фонографтың дыбыс жолы пішімі цилиндр тәрізді барабан үстінде спираль болып түседі.
Барабанның үстіне ұзақтығы бірнеше минуттай дыбыс жазылатын. Барабандарды ауыстыру арқылы ойнатылатын дыбысты өзгертуге болады. Дыбыс жазылған барабан алғашқы дыбыс тасымалдаушы болды.
Дыбысты ойнату. Барабан айналған кезде дыбыс жолының үстімен иненің ұшы сырғанайды. Ине сырғыған кезде жол бедеріне сәйкес ілгері-кейінді қозғалыста болады. Иненің басына иілгіш мембрана бекітілген. Инемен бірге мембрана қозғалысқа түсіп ауаға өзінің тербелістерін береді сол кезде дыбыс пайда болады.
Дыбыс жолымен сырғыған инені дыбыс өндіретін құрал дейтін болды.
Дыбысты жазу. Мембрана – микрофонның механикалық тербелістері қырнағыш – инеге береді. Қырнағыш – ине қозғалыстағы дыбыс тасымалдауыштың бетін қырнап бедер түсіреді. Дыбыс тасымалдаушыға түскен бедерлердің пішімі мембрана –микрофонның тербелісіне сай келеді.
Эдисонның фонографының кемшілігі. Дыбыс тасымалдағыш барабан беті қалайыдан жасалған болатын. Сол себептен тез тозатын. Дыбысты өндірген сайын ине барабан бетіндегі жолды қырнап бүлдіретін. Барабаннан дыбысты бес рет қана ойнатуға болады. Тағы бір кемшілігі. Кейбір дыбыстар анық шықпайтыны. Қырнағыш –ине дыбысты жазған кезде мембрана –микрофонның қозғалысына сай дәлме –дәл бедер түсіре алмады. Аталған кемшіліктерге қарамастан фонографты тамаша өнертабыс деп табамыз. Патефон, грамофон, грампластинкалы ойнатқыш пайда болды. Дыбысты жазу және ойнату сапасы артты.
Фонограф өзімен бірге:
— дыбыс жолы;
— дыбысты ойнату;
— дыбысты жазу
ұғымдарын дүниеге әкелді. Келесі құралдар пайда болды:
— дыбыс тасымалдағыш;
— дыбыс өндіргіш.
Фонограф әкелген ұғымдар, құралдар 136 жыл ішінде өзгеріске ұшырады, бірақ бастапқы атауларын және қолдануын сақтап қалды.
19 ғасыр дүниеге фонографты, фотоаппаратты, телефонды дүниеге әкелді. Бұл құрылғылар ақпаратты аналогты түрде сақтау, тасымалдаудың мысалдары болады. Бірақ осы құрылғымен жасты телеграф аппараты ақпаратты тасымалдау үшін ақпараттың басқа түрі арқылы іске асырды. Бірақ бұл басқа әңгіменің тақырыбы.
Дерек көздері:
1) Из истории звукозаписи.Говорящие куклы и фонограф Эдисона. Часть 1.
2) Фонограф. Материал из Википедии.
сурет алынды мына сілмеден
21.10.2013 20:08 өзгеріс енгізілді.

8 пікір