2000-жылдар ностальгиясы
Қазір 2013-те кетіп бара жатырмыз. Бұрын 80-90-дардың ностальгиясын айтып отырушы едік. Қазір 2000-ның балалары да ер жетті. 2000-шы жылдар деп ностальгия қууға да болатын сияқты. Есімізге түсіре отырайық, 2000-жылдар дегенде ойымызға не келеді?
Мен 2000-ның символы ретінде Нокианың жіңішке қуаттолтырғышын айтар едім. Әр үйде бар еді ғой жарықтық. Адамдарды шынымен жақындастыратын, байланыстыратын (Connecting people) құрал еді.
Levi's, Wrangler, Motor джинсы киімдері модадан шыға қоймаған кез. Kangol деген кепкалар жынды көрінетін.
— Қазақ эстрадасының қайта өрлеуі
— Орыс автоөнімдерінен жұрттың жаппай бас тартуы
— Ипотека, кредит алудың кеңінен таралуы
Шымкентте үш нөлдерінші жылдары қоғамдық орындарда «автоматты самса пісіргіштер» кең тарала бастады. Бір түйірі он бес теңге…
Астанаға «Мыңжылдық кешіне» (Миллениум пати) Шымкенттен біраз адам жолдамалы болды. Ішінде таныс апам болды.
Керекинфо деген вирус пайда болды…
— Pentium, Celeron процессорлары
— ноутбукты тек байлар ұстайтын
— Moorhühn
Юсуф Мироғұлы