Стақандастарым. Полат.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Полат.

— Ыбааа шешесс, ыздрого беречислениемен береміз дейд нақ, бітті нақ бәрі! — деді Ико, қытайы шатыраш сөмкені туалеттің жанына атып ұрып.

Иә, бұл антұрған күні Ико бізді әдеттегідей — жарты қапшық әбілқайырлардың, абайлар мен шоқандардың суреттерімен қуанта алмады. Бірақ Иконың адалдығына сенуші едік: ешқашан адам ақысын жемейтін. Арамыздағы түріне адам қарауға шыдарлық сол болғасын, бейресми бастық қып сайлап алғанымыз болмаса, құдайына қараған, сенен, менен айырмашылығы жоқ абзал пяншік болатын.

— Жашаштық дұрыс бәрін, эмнеге бербейді екен, ой енеңң! — деді қырғыз Талай ептібайымайд, Иконың намысының жарасын тырнай түсіп.

— Былай...-деп саңқ етті үнсіз отырған Ико кенет, — амал жоқ, бирма діркейміз білә. Қазір шынымен қиын боп бара жатыр бечатсыз жұмыс істеу. Үш күн шыдаңдар лібәдтар, не менікін қазір кесіп алыңдар!

Қырғыз Талайдан басқамыздың ойымызға оныкін кесівалу келмегені анық. Әңгіменің ашетері, ертеңіне «Исағали мен оның достары» атты үй жөндейтін компания дүниеге келді. Оның үстіне — жаңа басшымен келді. Ико «бирманың» «бечатын» көрсетіп, бәрімізді қуантып болған соң, қасына ертіп келген үнсіз пяншікті — өзінің жездесі ретінде таныстырды.

— Христиандар, мен қағаз-мағазға жоқпын. Білә, браво бодбиси дей ме, бервый ругавадытел дей ме, миым ашып кетті шешесс. Мынау туған жездем, брараб болған кезінде. Қағаз-мағазға мығым, соңғы алты жылда жұмыссыз жүр еді, бастығымыз енді осы болад — деді.

Барақтың жиналыс бөлмесінде орнаған ыңғайсыз тыныштықты көк шыбынның ызыңы біршама жеңілдетіп-ақ тұр еді, қырғыз Талай ептібайымайд керек емес кезде шапшаңдық танытып, оны да өлтіріп тастады. Енді әлгі ауыр тыныштық әрқайсымыздың кеудемізді жанши бастағандай болды. Шива қарасып, үнсіздікті Иконың өзі бұзды:

— Не ойлап отырғандарыңды білем, алқаш ептібайымайдтар! Бірақ заман осылай, маған қалай сенсеңдер — жездеме де солай сеніңдер: ақыларыңды жемейд!..

Еркіндік — еркіндігімен, бірақ Полат бастық болғалы маңдайымыз ашылды десек артық болмас. Ақша ай сайын уақытында мұрныңа тақалатын. Бұрын біреудің бетон қабырғасының аңын шығарып, Исалық азаппен кәбіл жүргізіп, ұйқыға «ақшасын берер ме екен?» деген уайыммен жататанбыз. Рас, аз-мұз желініп қалатын кездер де болды, бірақ оны Полат "әкімшілік- ұйымдастыру кезіндегі жүйелік олқылықтармен" түсіндіретін. Полаттың арқасында қала бомондының жартысының үйімен таныстық десем, артық болмас. Әкім-сәкім, бизнесмен, спортсмен, рекіт, спортсмен-рекіт, очм, қоғамның қаймақтары деп есептелетіндердің біразының үшінші, төртінші үйін соқтық. Олардың өмірінің көлеңке жақтарымен тікелей, жанама таныстық. Бұлар да біз сияқты пяншіктер екен ғой деген ойдан өмір сүруге құлшынысымыз да біршама артып қалды.

Бірақ Полаттың нағыз ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткен оқиға басқа нәрсе болды. Түнімен пензесс біреудің кафесін Пағиж Құдай Мақан соборындай қып шыққан біз, арқаны кеңге салып арағішіп, керуертте сұлап жатқанбыз. Кенет Полат кіріп келіп, ақырсын:

— Ей пяншіктер! Кафенің даласына веранда қосу керек, оның үстіне — кешкі жетіге дейін! Ақшасын төлейді со жерде! Әрі, ол кісімен атнашение құртуға болмайды, кеттік!

— Ауырватырмыз, кетшнақ...-деді арамыздағы біреу, — кешкі жетіге дейін дейді, тігед шығар нақ…

Полаттың осы кезде шайтаны оянды. Дереу керуерттерді аралап, сөмкесінен шығарған бөтелкені Икоға беріп қойды да:

— Так. Мынаныкі -150 граммның ауруы, құйжівер! — деді.

Ико құяды. Байғұс шалажансар жұмысшылар тартжівереді де, киіне бастайды.

Кезек маған да келді. Поалт көздеріме шаншыла қарап тұрып:

— Так… Мынаған құйма, әрі қарай кеттік! — дейд нақ!

— Э Полеке, не болд нақ, тұра тұрш шешесс, бастық дегенде де, білә! — деймін мен бұқаланып.

-Міні, міні! — деді Полат кері қарай маған шорт бұрылып, — лібәд, әшейінде маған тура қарамайтын сені қазір сөйлетіп тұрған — шамамен таңғы төрт жарымда қағып салған екі жүз граммдай спиртің! Қазір су ішіп жібер — соның өзі жарайд саған нақ! Тұр білә!

Шынымен: бақырашпен суды сіміріп салғаным сол еді — құрыс-тырысым жазылып, қара тердің бұрқ ете қалғаны! Жұмысшы адам жанының, кей тұстарда — тәнінің білгірі еді жарықтық. Қай жерде жүрсе де белуардан толы қырлы стақаны мен тұзды қияры қасында болсын амигоның…

* Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

16 пікір

007
Қай жерде жүрсе де белуардан толы қырлы стақаны мен тұзды қияры қасында болсын амигоның…
Abilakim
Қазір су ішіп жібер — соның өзі жарайд саған нақ! Тұр білә!
Білгір!
Aya
Жазып қояды ғой бір кісідей, шіркіііііін, сала-құлаш тіл жатыр ғой, жатыр.
Қай жерде жүрсе де белуардан толы қырлы стақаны мен тұзды қияры қасында болсын амигоның…
аууууумин)))))
MERmukhanov

aza
Осы СААТ ты қатты сағынам…
zholantai
Түске жетпей сілтемесін көріп, өте алмай кеткен едім. Ақыры жетіп, оқыдым ғой. Таңертең тағы оқимын,
asaubota
жылап отырып оқып шықтым. дүйсенбілік жұмыстан шаршау наққа кетті
Anar70
оң қолыммен жүрегімді ұстап, басымды идім…
ken
Азыркы кыргыз орфографиясы боюнча ошондой болушу керек: «Жашаштык дурус баарын, эмнеге бербейт экен, ой, энеңң!» — деп оцаң, е?
Dzhonsaken
абзал пяншік
теңдессіз теңеу!
elton_kz
Бұлар да біз сияқты пяншіктер екен ғой деген ойдан өмір сүруге құлшынысымыз да біршама артып қалды
— Э Полеке, не болд нақ, тұра тұрш шешесс, бастық дегенде де, білә! — деймін мен бұқаланып.
  мамышкаааа, угараю
AknietTanirbergenkyzy
Оте дорекі жазады екенсіз, сізді тек оппозицияга коя берсе болганы, айтеуір қараны ақ деп отірік болса да озініздікін далелдеп шыгасыз! Мына жазганыныз да тук унамады! Тым менмен екенсіз, аспаннан тусініз, айтпесе бір куні катты кулап калып журерсіз!!!
Aldeken
кідай жүрек, тыпыршып қарсыласқан түрден сол…
Ispek92
тыпыршып қарсыласқан
Кинодағыдай елестеп кетті
Соңғы түзету: