9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Әлем чемпионатына берілетін жолдамаларды сарапқа салған ұлттық құрамалар кездесуі аяқтала салысымен Еуропаның чемпионаттары басталып та кетті. Кеше Мадридтің Реалы өз алаңында былтырғы ЧЛ-ның қаһарманы, Испан футболына Иско секілді талантты танытып берген, Шустер жаттықтыратын Малага командасымен кезекті матчын өткізді. Реал кейде ФИФА вирусы деп аталатын аурумен тұрақсыз түрде ауыратын командалардың бірі саналады, бірақ біздікілер жарады. Ал, Барселона сол вирусты көптеп жұқтырып алған секілді.

Матч басталар алдында Бернд Шустер біраз асқақтап кетіп, өз жігіттеріне Реалды қалай ұту керегін айтқан болатын. Анчелотти болса Реал келесі ойындарда тек қана керемет ойнайды деп сөз берді, алдағы қарсыластар оңай шағылар шемішке де жаңғақта емес тұғын.

Жалпы осыған дейін Реалдықтар Малагамен 65 матч өткізіп, соның 41-інде жеңсе, 14 матч тең, 10 ойында жеңіліс тапқан екен. Барлығы гол айырмасы 137-68.

«Реал Мадрид» — «Малага» 2:0

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро
«Реал Мадрид»: Д. Лопес; Карвахаль, Пепе, С. Рамос, Марсело; Хедира, Ильярраменди; Ди Мария (Хесе, 81), Иско (Модрич, 73), Роналду; Мората (Бэйл, 76)

«Малага»: Кабальеро; Х. Гамес, С. Санчес, Велигтон, Антуньеш (Дардер, 78); Тиссоне, Камачо; Портильо (Санта Крус, 77), Самуэль (Б. Андерсон, 70), Элизеу; Эль-Хамдауи

Ассистенттер: 1:0 — Пепе
Арбитр: Айса Гамес
Ескерту: Карвахаль (90) — Антуньеш (12), Элизеу (49), Х. Гамес (72), С. Санчес (79), Велигтон (82)

Енді матчтың статистикасына назар аударыңыз:
Голдар: 2-0
Қақпаға соққы: 22-3
Тура соққы: 15-1
Бұрыштама: 10-1
Оффсайд: 10-0 (!!!)
Допқа иелік ету: 66-34



Матчтың бас қаһарманы Кабальеро екені даусыз, егер ол болмаса есепте басқаша болар ма еді. Сенбесеңіз қақпаға бағытталған соққыларды қараңыз, болмаса мынау гифка дәлел:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Криштиану сол 100 пайыздық моментті сала алмағаны үшін Бернабеуге жиналғандардан да кешірім сұрады, нағыз профессионалға тән қасиет секілді:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Гареттің айып алаңдағы жығылуы да барсафандар мен матрасниктерге күмәнді көрінетін де шығар, алайда арбитр шешімнен қателескен жоқ секілді, қарап көріңіз:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Реал қарсыластың әлісіздігінен нашар ойнады деуге де келмес, көптеген моменттер болды, қорғаныс та щабуыл шебі де жақсы өнер керсетті. Алғашқы минуттан шыққан Мората да Бенземамен бәсекеге дайын екенін аңғартты:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро
Карвахалдың да ойыны жүріп тұр. Арбелоаға көп тер төгу керек секілді:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро
Чемпионат басында жарқылдаған Искоға көз тиген секілді, Өзілдің орнын басар деп едік, алайда әзірге сол басар орынның өзін таба алар емес:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Реалдықтардың ойынға алқызыл түсті байламмен шығуы Обырға(рак) қарсы халықаралық күнді қолдау мақсатымен бірге Реал баскетбол клубының Испан біріншілігін жеңіп алғандығына қолдау ретінде деседі:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Ойынның үздігі әрине Кабальеро, Реалдықтар сапынан Ди Марияны атар едім.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Бірақ мына екі жігітте жақсы ойын көрсетті:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Бұл ойында оңай жеңіс болғанына қуанған гөрі, Барсаның ұпай жоғалтқанына қатты қуанып отырмын. Келесі қарсылас Туриндік алпауыт — Ювентус.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 9 - тур. Ла Лига. Реал Мадрид vs Кабальеро

Матч қарап жүріңіз, ХАЛА МАДРИД !!!
Бөлісу:

6 пікір

Ispek92

Соңғы түзету:
SLIPKNOT
Бэйлды бекер алды негізі… ол ондай ақшаға тұрмайды да… тоттенхемде журе бергены дурыс еды
Ispek92
Ия, мүмкін, бірақ ақша бар оларда қайтсін, маркетинг деген бар. Не істеу керегін білетіндер ғой олар, маған тек Реал ойыны жақсы болса болды
Abilakim
Бэйл мен Неймардың айқасы қалай болар екен? Криштиану мен Мессидікін көріп бақтық қой
Adiletshu
Моратаны көбірек шығарып тұрса ашылады.