#11 күн - Алынбайтын қамал жоқ!

Бақытқа бастар 100 күн: #11 күн - Алынбайтын қамал жоқ!
Бақытқа бастар 100 күн: #11 күн - Алынбайтын қамал жоқ!

Ой, достарым, мен 10 күнде жазбай қойғаным үшін тағы кешірім сұрайтын болдым ғой
Кеше үйге келіп, тамақтанып болған соң ұйықтап қалыппын. Таңертең оянған бойда сіздерден ұялып жатқанымның үстінен түстім

Бүгінгі күн керррррремет өтті. Өте керемет!
Таңертең далаға шығып қалсам, күн жып-жылы, сіркіреп жауын жауып тұр. Рахат! Таза ауа, шаңы басылған жер. Рахат емес пе? Мен сол сәтте Астананы Алматыға ұқсаттым. Қыс түсіп келе жатқан Алматыға. Астананы суығымен жақсы көріп кеттім. Суықсыз Астана — Астана емес  Ғашықпын Астанаға, йахууу

Жұмыс оңай, жеңіл, керемет өтті. Тіпті, күшті өтті десем де болады. Уақыт тез-ақ алты жарымды көрсетіп қойыпты.

Кешке еліміздің «блатной» дизайнерінің бірі — Сәкен Жақсыбаевтың сән көрсетіліміне бардым. Ммм, ол жақтың аурасы басқа ғой, басқа. Бай-шонжардардың арасында көзің жыпылық-жыпылық етіп, мөлиесің де қалады екенсің
Бірақ, бұл орта маған мотивация болды. Өзіңді тіктеп ұстап, сәнді киініп жүруге ынталандырады. «Менің олардан қай жерім кем» деп ойлайсың. Ары кетсе, даңғазадай үйім мен соңғы маркадағы қымбат көлігімнің болмағаны шығар. Түк те емес! Мен де олар сияқты сәнді киініп жүре алам, қоғамдық көлікпен қатынайтыным болмаса  Иии құрысын, болады. Біздің де сәнді-салтанатты бешірлеріміз өтеді әлі, бұйырса
Бақытқа бастар 100 күн: #11 күн - Алынбайтын қамал жоқ!
Мынау Сәкен киімдерінің көрсетілімінде түскен сурет. Сапасы үшін кешірім сұраймын.

Теледива Динара Сәтжанның аяғы ауыр екен, айтпақшы. Іші үлкейіп қапты. Өзіне әдемі-ақ жарасып тұр

Сосын Әйгеріміммен кездесіп, әңгіменің түйінін ағытып қайттым. Жақсы көрем ғой осы бір жаман қызды

Үйге келгенде киіп жүрген шұлығын шешкен жерінен тауып алып, өзінше мәз боп отырған

Жақсы нәрсеге ұмтыла беру керек. Бәрі адамның миына, арманына, ойына, ниетіне байланысты. Бағынбайтын белес жоқ! Бәзде әлі бәрі керемет болады

Бақытқа бастар 100 күн: #11 күн - Алынбайтын қамал жоқ!
Бөлісу:

8 пікір

zholantai
таңмен таласа оқып алдым, рахмет,
AKY
юбилейный күндерді өткізбеш ең болмаса, халқың күтеді ғой мұнда.
жәнеем, а мен қалай жақсы көрем сені
abzalsariyev
Таңертең оянған бойда сіздерден ұялып жатқанымның үстінен түстім
bizbike
Тіл комитеті рахмет, рахат деген сөздердің жазылуын енді рақат, рақмет деп бекітіпті.
aikarakoz
Айтқаныңызға рахмет!
MERmukhanov
осынікі бір рахат әйтеуір