#8 күн - "Жүрейік жүрек ауыртпай"

Бақытқа бастар 100 күн: #8 күн - Жүрейік жүрек ауыртпай
Бақытқа бастар 100 күн: #8 күн - Жүрейік жүрек ауыртпай

Эхх, достарым, бұл бір қызық күн болды. Эмоцияға, контрастқа толы күн болды

Жұмысқа, ұят-ай, кешігіп келдім . Мейлі, мұның да жақсы жағы бар: ұйқым қанды

Тәттіні көөөп жеп, мәз болдым. Тым тәттіқұмармын ше . Өзімді тәттіден тежеп жүргем соңғы күндер. Бір күнге ештеңе етпес, иә?

Күннің қақ ортасында болмашы нәрсеге жылап алдым. Жүрегім нәзік, тым сезімтал адаммын ғой мен . Бір кісіден түкке тұрғысыз сұраққа дүңк еткен жауап алдым да, бар эмоциям көзімнен пырт-пырт етіп шығып жатты. Ызам келгені — мен өзімсініп, әңгімеге тартып, әңгіме болсын деп қойған дым да қиындығы жоқ сұрағыма зілді жауап алғаным. Өзіме де сол керек, тым көп сөйлеймін  
Бұлт жәйттің позитивті тұсы мен ол адамға артық сөз айтпадым, жасыммен іштегінің бәрін шығарып, жеңілдеп қалдым. Ешкім байқаған жоқ менің жылағанымды, көрсетпедім ешкімге  Қайта, эмоциямның шығуына себепкер болған адаммен қатынасымызға сызат түспеді. Мен оған түк те ренжігем жоқ, ашулы сәтіне тап келген болармын. Енді өзім де абайлап сөйлейтін боламын  

Іште реніш, өкпе, ыза, кек сақтамай, шығарып тастау керек. Оның өзінде де, сөзбен емес, осылай жаспен шығару керек. Тостаған бір суланады да, қояды. Есесіне, достыққа, сыйластыққа сызат түспейді

Көңіл-күйім құбылып барып, орнына келген сияқты. Жұмыстан шығып, киноға бардық. Гравитация — көруге тұрарлық фильм. Әсіресе, мен сияқты комментарий айтып отырып көргенге күшті
Ғарышқа ұшып барған топтың ішінде бір әйел ғана тірі қалады. Көктегі қиындықтарды жеңіп, жерге жеткенде тұншығып өліп қала ма деп, қорыққаным-ай. Жоқ, үйтіп-бүйтіп аман алып қалдық әйтеуір  3D форматта көруге кеңес берем.

Ешкімге ренжімеймін мен енді. Жүрегіме ауыр жүк арқалап қайтем  Ешкімді ренжітпейтін де шығармын…

Әлеуметтік желілерде лайк басып, танысам да, танымасам да, жақсы пікір мен комплименттерді үйіп-төгуге тырысып жүрмін, бір адамды болса да жымитатын шығар

Ғарышқа ұшқым келедііііііііі

Бақытқа бастар 100 күн: #8 күн - Жүрейік жүрек ауыртпай
Бөлісу:

19 пікір

abzalsariyev
Шаттықтың шуағына толы шынайы көңілмен тарту етілген шырайлы жазба!
AKY
Ғарышқа ұшқым келедііііііііі
білдім ғооо, осылай аяқталатынын
AKY
Сенімен кино көру нереально екен))) "өй, мынау өтірік қооо" деп шығасың тек))))
asaubota


админ болғасын мына сұрақты жиі естимін: "*** деген кім?"

жыным келеді осы сұраққа. және сен бірінші рет сұраған жоқсың. мен қайдан білейін кімнің кім екенін? қызық та емес кімнің кім екенін қарау, тіпті білу мүмкін емес те. соған ашуланғаным ғой.
AKY
Джонсәкен деген кім, а?
asaubota
Жанкелді мешітінің наиб-имамы Сәкен ағай
Dzhonsaken
Джонсәкен деген кім, а?
Жанкелді мешітінің наиб-имамы Сәкен ағай
 бір хәпкі тартқандай қылдың asaubota
Соңғы түзету:
Zhan
Осы сенен қорқам. Эльвира қайта мықты екен. Жақтырмай тұрсаң да, көңілсіз болсаң да дүңк еткізіп айта салатын мінезіңде бір қаттылық бар. Но все-таки ты милый… ары қарай өзің тауып ал…
asaubota
географиям сондай болса меннен не кінә?
MERmukhanov
Жүрейік жүрек ауыртпай

Архангельск аймағының валокардин зауыты ауласына кіре беріс жерде осы тіркесіңді баннер ғып іліп қойыпты деп естідім.
Anar70
Жымиып отырмыз)))))
AyekeNazarova
Ээльвира, каита сенин жумысында кил жастар сиякты гои, мен сиякты кемпир мен шалдардын ортасында болсан каитер ен)) мен саган кызыгам, ортан жастар, конилди жастар )))
a63a1
мен сиякты кемпир мен шалдардын ортасында болсан каитер ен))
 сендей кемпір Элвираға бұйырмаған ғой сірә
Anar70
ортан жастар дегенді білуге бола ма, ...-ден ....-жасқа дейін ))))))
aikarakoz
«Ортаң — жастар» деген атаулы сөйлемді жазғысы келген болар  Пунктуация мағынаны өзгертіп жіберді ме?
Daniar-Alan
ортан жастар
егер біреу 30 ға тақаған, біреуі 30-дан асқан кексе жігіттерді жас деп көретін болсаң…