#7 күн - Басқадан үйреніп, өз білгеніңмен бөліс!
Оқырмандарымнан 6 күнгі позитивімді жаза алмай қалғаным үшін кешірім сұраймын. Қиылып тұрып кешірім сұраймын ©
Сіздерге жазба ұсына алмағаныммен басқа жанға көмегім тиді: шұғыл шаруасына ноутбугімді бере тұрдым. Мен жазбай қалып жатсам, жақсылық жасап, сауап жинап жатыр деп ойлаңыздар, жарай ма?
Дүйсенбі — ауыр күн деп айтқан адам қатты қателескен! Керісінше, керемет күн .
Астананың ауа райын айтсаңызшы. Қоңырсалқын, жанға жағымды. Әсіресе, жұмыстан қайтқанымда жаңбыр себелеп тұрды. Үйге жаяу қайтқандықтан маған біршама «балғындық» сыйлады бұл жаңбыр. Жаңбырдың аңқыған иісімен бірге ойларым да тазарып қалған секілді
Қыздар, жігіттер, суды көп ішіңіздер. Іше беріңіздер, іше беріңіздер! Ағзада зат алмасу процесі қарқын алады да, өзіңізді жеңіл сезінесіз. Бүгін солай сезіндім өзімді
Шашыма маска жасадым. Өзіме өте-мөте пайдалы іс. Бұрындары тым еріншек боп жүретін Эльвираның соңғы кездері энергиясы тасып жүр. Йахуууу!
Қыздар, маска өте қарапайым: 2 ас қасық қышаға (горчица) 2 ас қасық жылы су, 1 ас қасық қант, 1 ас қасық зәйтүн майын, 1 жұмыртқаның сарысын қосып, шаштың тек түбіне жағасыздар. Оның сыртынан жылы ормал тағып, 1 сағаттай ұстау керек. Бас ашиды. Ол — әсер етіп жатқанының белгісі. Бұл маска шаштың түсуін тоқтатады + өсіреді (дейді интернет). Жасап көріңіздер, пайдасы тиіп қалар
Білгеніммен, үйренгеніммен бөлісіп отырам енді сіздермен. Өйткені, мына бір тәмсілді оқып, көкейіме түйіп алдым
Үнемі мол астық жинап, қатарынан озық боп жүрген егінші дән егетін кезде айналасындағы басқа да егіншілерге өзінің дәнінен бөліп беретін көрінеді. Барлығы бірдей дәннен ексе де, сол егіншінің ғана егіні бітік шығып, пайдасы шаш етектен болады екен. Мұның сырын сұраған адамға: — "Өзім ғана жақсы ұрықты сеуіп, айналамдағылар сапасыз ұрық қолданса, ертең жел тұрғанда олардың ұрығы менің жеріме қарай өтпей ме? Сосын менің тірлігімнің шырқын бұзады. Одан да айналамдағы егін арқылы өзімнің егінімнің сапасы жақсы болғаны артық. Егу бір бөлек те, баптап өсіру мүлде бөлек, " деген екен.
Бәріміз әдемі боп жүрейік, қыздар
P.S. Суреттегідей шұлық болған менде бұрын. Тағы іздеп табу керек болды
Осы тіркестеріңізді Подольск аймағының алқаштар одағы ұранға айналдырып, ресми ҚБ құрып алыпты деп естідім.