Күлкі

Блог - bake: Күлкі
Күлкі қандай болады екен? Ойланып көрдім. Маған келесідей күлкі түрлері таныс екен.
Қуаныш күлкісі. Ондай күлкіні сәби бетінен, лотереяда үлкен ұтыс алған адамдар бетінен көруге болады. Бір қуаныш сезімі лап беріп бірден жаулап алғанда пайда болады.
Жымиып күлу. Көбінде екінші біреудің әрекетін құптағанын көрсету үшін жасалынады. Немесе ішкі қуаныш сезімін басып, сабырлықты сақтап көрсеткенде істелінетін әрекет.
Жәйтке, жағдайға қатысты күлкі. Бір көріністен бір-біріне қарама-қарсы келетін жәйтті табады. Мысалы, бір жағынан аяныш сезімін тудыратын екінші жағынан қалыптасқан жағдайдың орынсыз, адам сенбестік болғанда күлкі оянады. Түсіну үшін «күлсең кәріге күл» деген сөздерге ойланыңыз.
Дарақы күлкі. Жәйтке қатысты күлкінің түрі. Негізгі көрініс себепші болады. Оның да екі құрамасы бар. Мысалы адам бойында аяныш, қорғану сезімін ояту мақсатында көрініс бейнеленеді. Яғни бірінші құрамасын қарастырдық, екінші құрамасы адамның қатыгез мінезі «өзіне сол керек!» деген. Қалыптасқан жағдайынан оң шешім жоқ дегендей. Терең ой елегінен өткізбегеннен шығады.
Аяныш күлкісі. Орын алған жәйт жеңіл-желпі, артынан ешқандай ауыр халге әкелмегенде «бәрі орынға келеді» дегендейді қимыл-әрекет тілімен жеткізгендегі «жимыип күлу».
Мысқыл күлкі. «Ә, жетпейсің әйтеуір». Бақталастық түскенде басымдылығын көрсеткенде пайда болады.
Сайқал күлкі. Өтірік құлақ бітеудің әдісі. Қарсыласының сөзі өткізбеу үшін «шымылдық» жасап артына тығылу, Агресивті түрінде күлкіге «ох, ах» деген дауысты дыбыстар қосылады.
Менсінбеуді білдіретін күлкі. Сұр түсті суық бетте күлкі жымиып шыққандай болады. Көбінде көңіл аудару үшін дауыссыз екі-үш дыбыс шығарылады.
Бөлісу:

8 пікір

ken
Мырс-мырс күлкі
bake
сипаттай алмадым…
Beytanis
Кейбіреулердің күлгені қайсы, жылағаны қайсы, кей сәттерде ажырата алмайсың. Былай күліп отыр, бірақ ішкі жағынан жыламсырай шығады. Жүйкесі жұқарып, байбалам салғандай көрінеді.
bake
күле білмейтін адамдар болады, өтірік күлгенге өздерін мәжбүрлейтін көрінеді. Өкінішке орай жүйкесі жұқарған біреудің күлкісімен таныспын. Ащы естіледі, жағымсыз көрінеді.
AraylymSiyazbaeva
күлкінің бір неше түрі болады екен-ау?
bake
Күлкі түрін әртістік шеберлікке үйреткенде қарастыратын шығар. Анығын білмеймін. Бірақ кейбір адамдар тумасынан "әртіс". Күлкі түрінің қайсысын болсын көрсете алады.
Asem-K
Күле білу — өмір, күлдіре білу — өнер, күлкі болу — өлім. Күлейік достар күлейік,Ұзааақ өмір сүрейік…
temir1986
мен біреуді білем сенімен сөйлсекенде құптағансып, қалжың айтқансып күледі, бірақ көздері күлмейтін