Байланыста.......байланыста

Қазір қалтафонсыз өмірімізді елестету қиын. Ішінде жоқ зат жоқ. Ал алғашқы тасымалды телефондарды қалай елестетесіз? Олар қалта түгілі арбамен алып жүруге ыңғайсыз болған. Сымсыз байланыс құралдарына шолу жасап көрсек.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Неміс полисмені сигнал ұстап тұр, ал оның әріптесі хабарды жазып алып жатыр. (Сурет General Photographic Agency / Getty Images). Шамамен 1925 жыл

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Америкалық Белл (Bell Telephone Company) компаниясы шығарған тасымалды гарнитура, 1923 жыл. (Сурет Hulton Archive / Getty Images)

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, шамамен 1942 жыл. (Сурет Keystone / Hulton Archive / Getty Images)

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Қауырт хабарламаларға арналған «GPO Mobile Call Office Unit» сымсыз байланыспен жабдықталған автобус Лондондағы Royal Festival Hall автотұрағында, 1955 жыл. (Сурет Monty Fresco Jnr/ Getty Images).

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыстаКСРО жоғары билік өкілдері қолданған «Алтай» тасымалды телефоны,1960 жылдар.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Лондондағы Royal Lancaster Hotel-де өткен «Байланыс бүгін, ертең және болашақта» көрмесінде көрсетілген тасымалды телефон. (Сурет Stacey / Fox Photos / Getty Images).
11 сәуір 1972 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Toshiba компаниясының жаңа видеотелефоны. Телефон Токиода сынақта өтіп жатыр, 6 мамыр 1968 жыл. (Сурет Keystone / Hulton Archive / Getty Images)

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыстаMotorola DynaTAC 8000X бір келіге жуық салмағы болған, бір қуаттағанда бір сағат істеп, 30 телефон нөмірін сақтай алған. Сатылымға 1983 жылы шықты.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыстаMotorola MicroTAC 9800X бір тармақты болса да дисплейі бар алғаш телефон. Сатылымға 1989 жылы шықты.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыстаNokia 1011 GSM желісінде жұмыс жасаған алғаш телефон, 99 нөмір сақтай алған, 1992 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыстаIBM Simon сенсорлы дисплейы бар алғаш телефон, одан факс жіберіп, жазбалар сақтауға болатын еді, 1993 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыстаMova N103 Hyper рингтоны бар алғаш телефон, 1996 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Siemens S10 түрлі-түсті дисплейы бар алғаш телефон, 1997 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Nokia 8810 антеннасы ішіне тығылған алғаш телефон, 1998 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Benefon Esc «GeoSentric» атты фин компаниясы шығарған алғаш GPS бар телефон, 1999 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Kyocera Visual Phone (VP-201) жапондық «Kyocera» компаниясы шығарған видеобайланысқа арналған камерасы бар алғаш телефон, секундына 2 кадр жібере алған, 1999 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Samsung-SPH-M100 әмпәүші бар алғаш телефон, 1999 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Nokia 7110 Wap браузері мен Web қосымшалары бар алғаш телефон, 1999 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Sharp J-SH04 суретке түсіретін 0,1 Мп камерасы бар Жапонияда шыққан телефон, 2000 жыл.

Блог - Anuarbekkyzy: Байланыста.......байланыста
Ericsson T39 көк тісі бар алғаш телефон, 2001 жыл.
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
дұрыс бағыт. бір нәрсенің танымдық тарихын жазу
bizbike
Бір қызығы кеңес заманында «көп сөз — боқ сөз» деп, сымсыз байланысты бұқараға таратуға қаржы бөлінбепті, қайран ғалымдардың еңбегін-ай десейші. Егер кезінде сол бағытты дамытса, қазіргі ұстап жүрген қалтафондарымыз арзанырақ болар ма еді біз үшін.
MickThatsMyNick
бақа ұялыны сағындым
asaubota
MMS шыққан кезде жарнамасын қарап отырып «болды ғой, бұдан кейін ештеңе дамымайтын шығар» деп ойлаған едім
Gamk
Инфақызыл портты қалтафондар бар еді ғой. Болашақты иіс шығаратын немесе галограммалы телефондар шығатынына сенімдімін.
asaubota
сол иіс туралыны мен де ойлаймын. email немесе басқа жолмен иіс жіберуге болатын сияқты. ол үшін арнайы ішінде иістері бар USB қондырғысы болуы керек алушы жақтың.
bizbike
тез дамып кеткені соншалық, ИҚ порт туралы кейін түсті есіме )))))))
asaubota
Нокиаларға мелодияны өзіміз жазып алатынбыз интернеттен кодтарын тауып алып. эххх Бригада, Бумерлер мықты еді ғой…