Хайфаның «Маккабиі»

Футбол, тек қана футбол!: Хайфаның «Маккабиі»Қазанның 3-і күні Астанада қарағандылық «Шахтер» мен «Маккаби» (Хайфа) клубтары кездеседі. Бұл Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойындары. «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстанда өткізетін алғашқы матчы.

Хайфаның «Маккабиі» Қазақстанға осымен екінші рет келмекші. Оның алдында 2009 жылы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбемен» кездескен еді. Ақтөбеде өткен ойын 0:0 болып аяқталса, Израильде 4:3 есебімен хайфалық жігіттер басым түскен болатын. Матчтың алғашы 15 минутында үш доп соққан Муханов шәкірттерін ойынды тамашалап отырған көрерменнің ешқайсысы жеңіледі деп ойламаған шығар. Бірақ, сол ойында Сидельников қақпасынан төрт доп алып шығуға мәжбүр болды. Демек, бұл команданың кездесудің соңына дейін табандылық танытып оңайшылықпен берілмейтіні көрініп тұр.

Бірінші турда «Шахтер» ежелгі Эллада еліне барып, ПАОК-тан соңғы минутта өкінішке қарай ұтылып қалды. Тағы да сол соңғы минуттар синдромынан құтыла алмай келеміз…

Ал «Маккаби» өз алаңында АЗ (Голландия) клубына 0:1 есебімен жол берді.

Хайфаның «Маккаби» клубы 1913 жылы құрылған. Израилдың 12 дүркін чемпионы. Бес рет ел кубогында жеңіске жетккен. Сондай-ақ, төрт рет Израиль лигасының кубогын олжалаған.

УЕФА Чемпиондар лигасының 2002/03 жылғы маусымында «Маккаби» алғаш рет аталмыш турнирдің топтық кезеңіне жолдама алды. Осылайша Израиль футбол тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы команда ретінде тарихта қалды. Сол жылы хайфалықтар бүкіл әлемді таңқалдыратын сенсация жасады. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің дебютаны «Маккаби» аузын айға білеген, Сэр Алекс Фергюсен жаттықтыратын «Манчестер Юнайтедті» 3:0 есебімен ойсырата ұттты.

Соңғы 10 жыл көлемінде Израиль чемпионатында 7 рет жеңіске жетіп, 2 рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған. Сондай-ақ, 4 рет Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. 2007 жылы ширек финалға дейін жетті.

Чемпиондар лигасының 2009/10 жылғы маусымында топтық кезеңде бірде-бір кездесу жеңіске жетпеген әрі бір голда соқпаған алғашқы команда ретінде тіркелді. «Маккабидің» тобына сол жылы «Бордо», «Ювентус», «Бавария» сияқты ең мықты командалар түскен болатын.

«Маккабиде» кезінде Йосси Бенаюн, Олег Кузнецов, Якуби Айегбени сияқты танымал футболшылар өнер көрсеткен.

«Шахтер» Еурпа лигасында өнер көрсетіп жүрген командалардың ішінде ең шығысында орналасқан. Хайфа мен Астананың арасы 3600 шақырым.

Қарағандылық клуб биылғы жылы еуродода аясында Қазақстанда өткізген үш кездесудің ешқайсында өз қақпасына бірде-бір гол жіберген жоқ. Бұл жолы да солай болса, қоржынға алғашқы үш ұпайды салуға тамаша мүмкіндік туып тұр.

Израил біріншілігінің соңғы турында «Маккаби» «Бней-Сахнин» клубымен 0:0 есебімен тең тарқасты.
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
рахмет, әдемі превью.

кім жеңеді деп ойлайсың?
Bek-enu
Шахтерге сенім артамыз. Астанаға тағы бір футбол кешін сыйлайды деп күтемін.
asaubota
ал егер объектив ойласаң?
Bek-enu
Маккабидың алып бара жатқан ештенесі жоқ. Аз Алкмар келсе мүмкін айтуға болатын шығар. Шахтер бир немесе екі гол айырмашылығымен ұтады. Қай жағынан алып қарасаңда «Шахтерде» мүмкіндік көп. Кезінде Ақтөбе ұтып кете жаздап еді. Маккабиды жолы болмады ғой.
torgai
Керек ақпарат! Вестиде де жақсы мағлұмат беріліпті Оқып көр
asaubota
былай құр статистика сияқты. жалпы бұл команданы және басқа Израиль командаларының ойындарын қарап көрдім. өте жылдам және техникалық футбол ойнайды. ауыр қорғанысты Шахтер үшін қолайсыз қарсылас. Шахтерға ПАОК сияқты ағаш командалар қолайлы еді, өздерінің малдығынан жеңіліп қалды. менің ойымша Маккаби Шахтерды оңай жеңеді.
Qobylandy
«Ақтөбемен» ойнаған құрамнан Нир Давидович, Янив Катан, Кайал Мешумар, Владимир Двалишвили дегендер есімде қалыпты. Олар әлі де ойнауы керек. Сол матчта ойын көрінісін түбегейлі өзгерткен жас изральдық Эйал Голаса еді. Жарқ етіп көзге көрінген Голасаны содан кейін «Лацио» жалға алды деп естідім. Осының бәрін есіме түсірген авторға рақмет!
Abilakim
Ставкіге «Шахтер» гол салады деп қоюға кеңес беремін. «Бір доп айырмасымен жеңу керек» деген ішкі ойыма сенгім келіп жүр
Adiletshu
Шахтерға сенбеймін. Маккаби ұтып кетеді-ау осы
Beytanis
Айып етпесеңдер, өз пікірімді білдіре кетейін. Мұны тәжірибелі жанкүйердің бәрі біледі, біздің командаға әр таймның алғашқы және соңғы он минутында, әсіресе қосымша +3-4 минуттарда өте мұқият ойнаса деген тілек/ұсыныс бар. Ал, сәттілік тілеймін!