Ішіп-жеу үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ішіп-жеңіз
Өз тірлігін жасап жатқан табиғатты кінәламай, өзіңізді кінәлаңыз. МИЛЬТОН.(Поль Бреггтің «Чудо голодания» кітабынан үзінді)
Тамақ! Тамақ! Тамақ! Ол адамдар үшін шын игілік шығар, сонымен бірге, қарғысқа айналуы да ықтимал. Артық ас адам ағзасына үлкен зиянын тигізеді. Күндердің күнінде ас қорыту жүйесі шамадан тыс жұмыс істеуін тоқтатады. Оның салдары сұмдық қорқынышты.
Ас қорыту жүйесінің ауруы — қазіргі адамдардың қамсыздығының жемісі. Мұндай аурулардың салақұлаш тізімінің ең басында іш қату ауруы тұрады. Ішекке қордаланған улы қалдықтарды сыртқа шығару мақсатымен өндірісте тонналап пилюль, ұнтақтар мен микстурлар өндіріледі. Қазіргі өркениетті адамның тамақты көп тұтынатыны сонша, оны ас қорыту мүшелері қорытуға, кез-келген жерде дәретхана табыла кететін болса да, дәрет мүшелері қалдықты сыртқа шығарып үлгермейді. Мұның өзі ресурстарын тауысып біткен көлікті тездетіп жүргіземін деумен бірдей әрекетті еске түсіреді. Іштің қатуы көптеген аурулардың себепкері екеніне дауласудың жөні жоқ.
Дәлел келтірейін. Шамалы тәжірибе жасап көріңіз. Түстікке лағман жасаңыз (қалауыңыз білсін. Бірақ ішіп-жемеңіз. Асты қазанда қалдырыңыз. Оны 38 градустық температурада ( ішектің температурасы) суға салып қойыңыз. Темапература төмендеп кетпесін. Енді 8 сағаттан соң не күйге түскенін көріңіз.
Ең алдымен мұрыныңызға сасыған, ауыр иіс келеді. Ас ашып, газ бөле бастайды. Газ қысымы адамға көптеген ыңғайсыздық тудырады. Қыса-қыса жүрек талмасына, басқа да ауруға шалдықтыруы мүмкін. Астың дәл осындай мөлшері ішңізде аши бастаса, басыңыз бен басқа да мүшелеріңіз ауырады.
Тоқішекте қорытылмай қалған ас қалдығы бактериалардың өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Сөйтіп, қаптаған жауымызды ағзамызда өзіміз өсіреміз.
Ішіңіз қатса — суықтан пайда болған ауруыңыздың да қоздырғыштарын көбейтеді.
Артық тамақ пен зиянды астың көбеюі салдарынан пайда болатын улы қалдық ағзаның аса маңызды мүшесі бауырды жаралауы ықтимал. Бауыр бірнеше міндетті атқаратын шын мәніндегі химиялық лабаратория. Ол өт бөлуші ғана емес, ағзаның негізгі тазартқышы. Бауыр мен ішек ас қорытудың біртұтас процесінде әріптес. Біреуіне қауіп төне қалса, екіншісі дереу көмекке ұмтылады. Қауіп жиілей берсе, мүше бұзылады. Бауыр мен ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылғанда, адам едеуір қиындыққа ұшырайды. Іші қатқан адамның бауыры ауыруының, басқа да мазасыздыққа душар болуының осындай себептері бар.
Мұндай қолайсыздықтың алдын алу үшін ашығу емін ұсынар едім. Терапияның ең көне әдістерінің бірі ашығу туралы Тауратта 74 рет айтылыпты. Әмбебап бұл әдісті жабайы жануарлар да кеңінен қолданады. Ертедегі емдеу жөніндегі көне еңбектерде сауықтыру әдістерінің көш басында ашығудың тұрғаны жазылған. Бірақ, ашығу қандай да бір ауру-сырқаудың емдеу әдісі емес екенін айқын да анық білуіміз керек. Ашығудың мақсаты — бүкіл ағзаны сауықтыру, оның барлық қызметін қайта құру, жаңарту.
Ашығу ас қорыту мүшелерінің, бауырдың қызметін жеңілдетеді. Ашығу үстінде бауыр едеуір өзгеріп, кейіннен айтарлықтай жақсы жұмыс істей бастайды. Сезу мүшелерінің бәрі де қайта қалпына келіп, қызмет деңгейін жоғарылатады. Сауықтырудың басқа бір де бір әдісі ағзаға осыншалықты табысы мол өзгерістер әкеле алмайды. Ашығудан соң қан айналымы жақсарып, күш-қуат артып, тамақ жақсы сіңіп, шыдамдылығыңыз шыңдалады. Ашығудан кейін ақыл-ойыңыз тәніңізді толық бақылайтындай деңгейге дейін өседі.
Ашығу — ішкі рухани тазалыққа апаратын жол.
Қазанда тұрса солай болатын шығар, асқазан әлдеқашан сіңіріп, келесі порцияны күтіп жатады.
пы.сы: тікелей өзіңізге қабылдай бермеңіз, автор сіз емес қой.
Аптыры да, мақаласы да
Ккөркем.