kariimге ашық сабақтар. #4. Қысқалық пен қисын. 4.1 Қысқалық

Чеховтың "қысқалық — таланттың әпшесі" дегенін Мастұр батыр жарықтық: «ал қисын — мақаны» деп қайырған болатын көті тірісінде. Және ультрадәл айтқан болатын. Себебі, қысқалықтың соңына түсіп кетіп, жазбаның қисынды келбетінен айрылуға бір-ақ қадам жетеді.

Қысқа жазу керек екендігі — туалеттің тесігіне түсіп кетпей, өз бетінше отырып келетін адамға былай да түсінікті деп ойлаймын, оған арнайы тоқтала отырып, аса биік назарларыңызды балағаттағым келмейді. Тек айтқым келетіні — сонша қысқартам деп, бірі біріне байланыссыз сөздер тасталған қоқыс үйіндісін жасап алмау керек. Көп адамдар мен журьелер жазбаның мазмұнын емес — өзін механикалық түрде қысқартады да, құсық нәтижеге келіп жатады. Уа муллатақуа, бүйткенше, Палестинаны Израильдің ажырамас бөлігі деп мойындай салғаның жақсы!

Мысалы:
"… көрдім мен" — бұл жерде тек «көрдім» деп қойса да болады, ибо «көрдімнің» ішінде «мен» есімдігі жасырын тұр;
"… тек қана" — тек «тек» деп жазса болады, "ғананы" сол сөзбен-ақ айттым дей бер.

Салғалы отырған жазбаңызға осындай тұрғыдан көз, немесе басқа да қабілетті органыңызды бір жүгіртіп шығыңыз. Өзің таң қаласың: шұбатылған түйенің тоқішегі ешкінің аш ішегіндей боп қалады кейде.

Рас, стильге де байланысты. Егер сен Мұса амигоға еліктеп, «Уа, Израильдің ұлдары, араларыңнан бір қыз көріп тұрмын мен, бері әкеліңдер!» десең — онда сызылып тұрған жер — көне арамейше уағыз стилін қалыптастырып тұр, қысқарту қиянат болады, жазбадағы атмосфераны кетіреді.

Қысқартудың әмбебап ережелері мен формуласы жоқ. Бірақ қысқартуды ұстаным қылып алсаң, жасың ұлғайған сайын, айтарың да кәдімгідей азая береді. Айтарың азайып-азайып, ақыры тоқсанға келгенде мылқау боп қалу қаупі бар. Бірақ бақытты мылқаулық: мынау даңғаза дүние мен ондағы құсық оқиғалардың барлығы бір ғана — «шешесс...» деген сөзге сыйып кететінін көріп, таң қалғаннан кебініңнің жібін ұстайсың.
Бөлісу:

6 пікір

AL-ASTER
Кей кітаптарды жазар кезде түсінікті қылуға қатты тырыспағанда, қазіргісінен әлдеқайда түсінікті болар ма еді. ©?
Edu
Жақсы, енді мына қысқартуларға қалай қарайсың: есіктің тұтқасы — есік тұтқасы, терінің бездері — тері бездері десе бола береді, ал, есіктің ішкі тұтқасы — есік ішкі тұтқасы, терінің май бездері — тері май бездері деуге бола ма?
kariim
Негізі, үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без деген ғой. Сонда да пікір білдірсем Сатекең қарсы бола қоймас деп ойлаймын. Бірінші вариант, яғни «есіктің ішкі тұтқасы» деп айту жөн сияқты. Бірақ та, үлкендер не дер екен, әліптің артын бағайық, бауырым.
Blogshy
мынау даңғаза дүние мен ондағы құсық оқиғалардың барлығы бір ғана — «шешесс...» деген сөзге сыйып кететінін көріп, таң қалғаннан кебініңнің жібін ұстайсың
… Шіркін Сатекең…
kariim
Сызаттап сіңіп жатыр, жететін жеріне жетіп жатыр, Сатеке! Қысқалық — таланттың сіңлісі екеніне әбден көзім жеткендей. Осы шәкіртің бәрінен оқ бойы озып шығады-ау ақыр аяғында.