"КерекБлогер шеберханасы" жобасы

Блог - asaubota: КерекБлогер шеберханасы жобасы

Жастарды және бұрынғы тәжірибелі қолданушыларды жаңа жобаға шақырамын. Жоба мақсаты жас қолданушыларды сапалы блог жазуға үйрету, жаңа тұлғалар қалыптастыру және тәжірибелі блогерлерді де бапкер ретінде шыңдау. Жобаның алғашқы маусымын осы жылдың желтоқсан айында аяқтап, үздік бапкерлер мен блогерлерді бірге анықтаймыз. Қысқаша түсіндіретін болсам: жас блогерлер өз жазбаларын алдымен бапкерлеріне көрсетіп тексертіп алады, олардан нұсқаулар алады, мақаланы қалай орналастырып, қалай жеткізу керегін үйренеді, оны жарнамалау жолдарын, пікірталасты қыздыру әдістерін де үйренеді.

Жарыс 16 қыркүйекте басталып кетеді, қатысатын бапкерлер мен үміткер блогерлер өтініштерін жұма, 13 қыркүйек, 15:00-ге дейін жіберсін. Бір бапкер максимум 2 оқушы ала алады. Қатысушылар тізімі осы пост ішінде жазылып, жаңартып тұрады.

Бапкерлер және оқушылар
aikarakozIspek92 , бос
asaubotaAya , Anar70
satibaldikariim , Arys_arlany , Dzhuli
dark_nazgulken , manko , 891355
Marcoademi_alem , burkitshi , Korkem
Gastarbaiter007 , bizbike
Бөлісу:

144 пікір

aikarakoz
Мен тренер болам
MERmukhanov
беранектің орнына баршиш, дәкәжи штө мөжіт бит хуже етыгы.
aikarakoz
беранегің кім?)
Ispek92
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері, кешір брат(Мермұхановқа) футбол десе қолым жазып кете беред
Aya
Бапкерін үміткер таңдай ала ма? Сатыбалды мені алмайтын шығар, иә?)) Үміткердің біреуі боламыз, енД.
Aya
менімен байқап ойнаңыз осы бірінші минуттардан бастап, менің мұғалімім asaubota
satibaldi
КТП мен Рәбоший планды жасап қойдым 
satibaldi
kariim , соңғы уақытта ақсап кеткен уағыз саласына соны жаңалықтар енгізем десең — есігім ашық Негізгі хадистер мен діни өсиеттердің рестайлингімен айналысамыз
kariim
Гандам стайл боп кетіп жүрмесе, әрі дінаралық толеранттылық сақталар болса, есікті іштен жапты деп ойлай бер
satibaldi
Бітті, әкел аяқты!
Уа, жама'ат, мен де шәкірт бар, және есімі оның — kariim !!!
DaniyarOmar
«Ағай, апай» ретінде кімдерді көре аламыз?
asaubota
мысалы менің ойымша Marco qisyq zholantai Gastarbaiter satibaldi nurbergen_makym AKA бапкер бола алады
zholantai
әзірге zholantai -дың өзіне наставник қажет, nurbergen_makym мен qisyq быраттардан дұрыс сөйлем құрау мен су жаңа тіркестер қолдануды үйрену керек,
Adiletshu
konvict-тіде бапкер қылса болады
asaubota
бапкер болғысы келгендер өздері айтады, қатысу ерікті
ademi_alem
Marco аға, бапкерім болыңызшы.
Marco
Жазуды сенен үйренер болар) Енді тек подача демесең)
ademi_alem
Ойымды жеткізіп жаза алсам да,
мақаланы қалай орналастырып, қалай жеткізу керегін, оны жарнамалау жолдарын, пікірталасты қыздыру әдістерін
білмеймін. Орыс тіліндегі әр түрлі тақырыпта қызықты жазбаларды аударып үйренгім келіп жүр. Тақырып, бағыт берсеңіз және аудармаға алдымен өзіңіз көз жүгіртіп шықсаңыз жақсы болар еді.
nurbergen_makym
Ниет білдіріп, сенім артқаныңа рахмет, Арчи!
Бірақ, басқа-басқа менің біреуге бірдеңе үйретуім Құдай демейін, қоғам алдында ұяттау болар…
Соңғы түзету:
dark_nazgul
давай екеуміз бір-бірімізге ұстаз-шәкірт болайық, екі жақтап.
manko
Сізге шәкірт болғым келеді
asaubota
өз стиліңді жалғастырар адамдар бар деп сенемін. қимайсың ба, не?  үйретерің көп қо, алшиш.
edige
Ұстаз /Аза тілінде «Братан-аға»/… Скромный дегенді қазақ тілінде не десек болады… Мысалы, «мақтанбайтын», «сыпайы» «ибалы», «ынсапты»…
Сіз қайсысын қалар едіңіз?
Aya
Бірінші айтып қояйын, qisyq ағай менікі болад
asaubota
ол әлі келісімін берген жоқ. келіскендерді тізімге шығарып тұрамын. қазір 3 адам қосылды. постты жаңартып отырыңдар.
Aya
Онда asaubota -ны таңдасам бола ма?
asaubota
негізі сен былай да жақсы жазасың ғой  саған подача жағын дамыту керек. ал былай әрине оқушым болғың келсе қабылдаймын
satibaldi
kariim ең оңтайлы шәкірт. Себебі ол діни тұрғыдан — мынау даңғаза қу пәниде қоңыз ғұрлы жоқ екеніне, қанденнен артық қасиеті жоқ екеніне, жалпы — ешкім емес екеніне әлдеқашан мойынсұнған адам. Ал басқаларының көкірегі мен «менін» (айталық, dark_nazgul ) жеңуге апталар кетер еді
Соңғы түзету:
Aya
Ал басқаларының көкірегі мен «менін» (айталық, dark_nazgul ) апталар кетер еді
айтуға ма, нестеуге апталар кетеді?
dark_nazgul
Екінші шәкірттің орны бос тұр екен ғой әлі. Болды. Сізге шәкірт боламын.
MERmukhanov
біләгерлерді блогерлерді жаттықтыра бастау бен ладенге жабылған әлем тарихындағы ең ірі фарс-инсценировканың мүшел мерейтойына арналады. Ол кісі де тәуір бапкер және ұстаз болған деседі.
MERmukhanov
ана голос деген, пламя на льду сияқты типа жарыс сияқты істейік. бапкерге де, шәкіртке де сын. )))
символически, жеңімпаздар дегендей.
DaniyarOmar
Арты «Екі жұлдыз» бокеткен дисін го
asaubota
типа сондай ғой, фабрика сияқты
meirzhan
Өте жақсы идея. Іске, сәт!
Ispek92
Бапкер болуы мүмкін немесе болам деушілердің қарасы көп болса екен, бәсекелестік мықты болар еді. Айтпақшы өзіме бапкер іздеймін
Aikona
Бапкерлер шеңбері шектеулі сияқты иа…
asaubota
әлі бәрі көрмеді бұл постты
AKY
Мен Ерғалинаға шәкірттікке жазылам
Aikona
доктор ханым осылай десе бізде шәкірттікке бара беретін сияқтымыз ғо
AKY
Бұ жерде доқтырлығың түк емес боп тұр ғо)))
Anar70
Іске сәт)тек жастарға арналған ба?
asaubota
жоқ, біз ЖАС деп жаңадан қосылғандарды айтамыз. былай КерекИнфода жас жоқ. қосылыңыз!
dark_nazgul
Сатыбалдыдан тренинг алғым келеді.
AKY
Бастады ғой, Кариимге арналған десе де, жалпыға ортақ қо)))
Aikona
Әй байқайм, Сатыпалды мен Айқаракөз ортасында жынды тартыс болады ау. Оқушылардың бәрі екі жақта болғысы келетін сияқты да
Ispek92
Менің бапкерім дайын, халқым
aikarakoz
Мен Ispek92 брәчкені алдым. Енді қыздікін аламын
MERmukhanov
AKY 11 қыркүйек 2013, 15:41 0
Мен Ерғалинаға шәкірттікке жазылам

нағып екінші вакансияң бос, алшиш ана Кеулімжайды, сабырға келер  /ну, или екеуің де гонева боп кетерсіңдер, кімнің кармасы мықты екеніне орай/
Соңғы түзету:
AKY
өзің гонева
Ерғалина алмай қойды шәкірттікке, менсінбей. Так что мен тек оқим!
Sebastian
Әділ қазы мүшесі боламын
MERmukhanov
мен де ойыншы бола алмайды екем мүмкіндік, уақыт реті бойынша.
алайда, субъективті бағамды әділ беруге, қатысушыларға пікір білдіруге даярмын. тойыс, залда отырып қолшапалақтаушыларданбыз, қысқасы. смс лақтырып дауыс берушілерденбіз.
/өзім халявщик боп, бәрінің тәлімін түйе жүрермін. қатысушыларға сәттілік! өзім бір команданың жанкүйері болам /

форматын нақтырақ анықтасақ.
Соңғы түзету:
asaubota
мүмкін бір 3 адам сайлармыз, әр апта қатысушыларға тақырып ұсынып отыратын?
dark_nazgul
Менің рухани жұбайым тренинг өткізбей ме екен?
Rafaello
Тренинг түгіл интернетке жете алмай жүрмін
Ispek92
Бәрің бапкер бола бересіңдер ме??? Мермұқанов, Жолантай, Тоха, ВКМ секілді қолданушылармен бәсекелес болғым келеді, себебім ұстазым Айкаракөз
VKM
мен бірден жеңілді дей бер,қазақша бітіргендермен бәсекелес бола алмаймын, шалалаумын)жәй оқушы боламын......қай жеңгенің менікі деп па?
Ispek92
мен қазақ орта мектебін қазақша бітіргем айтпақшы, көрінбей кеттің ғой керекте
VKM
оййййййй, менің апам қатты ауырып, мамама операция жасалып(( жаңа-жаңа өзіме келіп жүрмін.
Ispek92
бәрі жақсы болар деген сенімдемін
Korkem
Мен де үміткер блогермін, бос қалған бапкер бар ма? Ескертіп қояйын, АКА керекпес)))))
Соңғы түзету:
Adiletshu
Мен болайын. Кешке үйіңе барамын. Күт
Korkem
сіз бапкер емес балапан екенсіз ғо тізімде әлі жоқпын
AKA
 Бапкерлік туралы ойыма да кіріп шықпапты менің.
burkitshi
Мен де блогерліктен үміткер бола аламын ба? Менің менімді тізгіндей алатын ұстаз бар ма екен?
Rafaello
Шамалы тәжірибелі адам ретінде айта кетейін, ең алдымен никнеймді дұрыстау керек деп ойлаймын. Мысалы AltynbekZulhazhav деген келіспейді, жаңа ат тап.
burkitshi
админнен менің аккаунтімді өшіріп тастауын сұраймын
asaubota
өзгертіп бере аламын, жекеге хабарлас. қандай болсын жаңа лақабың?
Edu
Маған да ауыстыру керек екен
asaubota
қатысқысы келетіндер постты жаңартып қарап отырыңдар, тренерлер және бос орындарды сол жерден қарай аласыңдар. жұмаға дейін әлі де тренерлер көбейеді деген ойдамын. шамамен 10 адам болатын шығар, әр қайсысында екі шәкірттен болса барлығы 20 оқушы қабылданады.
AKA
Күшті, күшті!  Бір кісіге ұсыныс айтып көремін, қабылдаса оқушы болғым келеді.
xsanatos
жазуғым келмид, не жазарымды да білмим
Gastarbaiter
Бапкерлікті қайдам, бірақ өзім ұрынған қателіктер мен тәжірибелеріммен бірлі-екілі адаммен бөліссем, білгенімді аз да болса беріп кетсем, «достойны» зейнеткерлікке шығар едім

Хабар алысу, жазба тексерту andabratstvo@mail.ru почтасы, немесе фейсбук арқылы жүзеге асырылуы уәжіп.
Arys_arlany
Мен бапкерден бұрын kariim мен әріптес болсам деймін, Сат бәрібір мені қабылдамайтын болар
891355
мен dark_nazguге жазылам
Соңғы түзету:
Dzhuli
Асаубота, менi Сатыбалды Кербабаевтiн шакiртi ретiнде жазып алынызшы  кайда кашан болады мен келем!!!
Daniar-Alan
кайда кашан болады мен келем!!!
түнгі үш, жалдамалы пәтер, бір чекушкімен
asaubota
оған орын толып қалды. жеке өзімен келіс, аламын десе жазамын.
Aya
Сатыбалды Кербабаевтiн шакiртi ретiнде жазып алынызшы
пензес шығарсың, нақ!
asaubota
тізім жаңартылды балалар

егер бапкерлер 2-ден артық та қабылдаймын десе олардың өздерімен жеке келісіңдер.
bizbike
Мені Гастаға жазыңызшы өтінемін
Ispek92
3-еуден артық толтырмаған дұрыс әйтпесе қол жинап партия ашып кетерміз бапкерлер табылады деп ойлаймын әлі де
asaubota
AltynbekZulhazav burkitshi , Anuarbekkyzy bizbike болып өзгерді.
Anar70
Асаубота, мені қосыңызшы....(ылғи ығай мен сығайлар екен қатысушылар)))))))
asaubota
кімге қосайын?
Anar70
әй қиын болады ау мені үйрету)))) Асаубота, типа «2» жұлдыз фабрикасы сияқты болса, мүмкіндік болса өзіңізге қосыңыз))))
zholantai
мен өзімше журналист боп жұмысқа орналастым, екі ай болды, соған білмейтін нәрсе көп, Marco быраттан сөзден апат болмау, жазған дүниелеріңнің артынан біреулердің шам алып түсіп, сотқа сүйрелуінен сақтану, ақпаратты тексеру мен ешкімге сенбеу туралы мастер-класстар алғым келеді. «кел, үйретемін» десе Marco ға жазылсам қатып кетер еді,
Соңғы түзету:
MERmukhanov
Оқығым келетін тақырыпқа тапсырыс беруді бастауға рұқсат етіңіздер. 11 қыркүйекті өткізіп алдық қо, кейін не байқау аясында, не одан тыс бірің Көкпар чемпионаты жайлы жазыңдаршы )
Соңғы түзету:
asaubota
апталықтар сияқты қылып істейтін шығармыз. әр аптаға бір тақырып қоямыз, соған материалдар дайындайды қатысушылар.
Aldeken
шәкірт болуға застойный көкіректігім жібермей, ұстаз болуға духым жетпей отырмын, лібәәә…
қой, мен мысық тілеу бақылаушы болам, нақ…
Aldeken
Админ, Салта ғашығымды шақырып келейін бе? чисто интрига үшін?
asaubota
ол кісі келе қоймайтын шығар? келсе әрине оған пікір жазатын біраз тақырып жиналып қалды. керосин алуға бара берейін бе?
Aldeken
қой босқа шашылма, ол қазір үшінші ұлды дүниеге әкеліп, ана бақытының құшағында жүр, негізі…
asaubota
3 ұл туу/туғызу мода болып бара жатқан сияқты ма деймін
Aldeken
қашанғы «холостоймен» ата бересің, әрекет қылшиш, на
asaubota
мүмкін модаға еріп үлгерген шығармын, қайдан білесің?

саған да рекомендеймін жалпы
Aldeken
біз тиісті шараларын қабылдап жатырмыз, есьче… а так, өзің ғо, постоянно ат-тоныңды ала қашатын, осы туралы әңгіме айтсақ… )))))))))))
asaubota
өмірде кейде сәттер болады екен, қаша алмай қаласың
Ispek92
Бүгін 13-ші қыркүйек екенін еске салып жіберу қажет секілді
Соңғы түзету:
asaubota
қазір 2 тренерге 2 бос орын бар, асығыңдар
burkitshi
IT саласында блогқа үйрететіндер бар ма? Осы салада ұстаздар болса қуана-қуана жазылар едім
Соңғы түзету:
007
егер керекке бапкер кірмесе не істейміз, қалай байланысамыз?
meirzhan
Мына мекен-жайды қалдырып еді байланыс үшін: andabratstvo@mail.ru
007
Гаста осы мекен-жайдама?
asaubota
Гастаны кеше көрдім. уақытша интернеттен алыстау болады екен. оқушылар әзірше өздері амалдай тұрсын деді.
asaubota
биыл осы жоба аяқталмады. өйткені белсенділік төмен болды қатысушылар және бапкерлердің. оған енді түрлі себептер бар. соңына дейін барған bizbike мен ademi_alem, оларға үлкен рахмет!

келесі жылға жақсы жоба бар, демеушілер де табылып тұрғандай. бәрі ойдағыдай болса тек керекинфо емес, жалпы Қазнетті қамтитын үлкен жарыс болады. бас жүлде өте үлкен сома. осыны жүзеге асыру үшін жүгіріп жатырмыз қазірден. бізден хабар күтіңіздер.
bizbike
Айтпақшы, Зарина жоғалып кетті ғой. Қайда екен? Бөпелі болған шығар мүмкін, әлде соның қамымен жүр ме екен? Еееех, қызық басталып еді сол шеберхана.
Adiletshu
2-3 айда туа салатын қоян емес шығар
bizbike
Тұрмысқа шыққанына көөөөөөөп болған сияқты өзіме…
asaubota
bizbike
Тақырыптар қай жерде жарияланады? Мұнарада ма?
asaubota
жоқ, арнайы сайты болады конкурстың
MamaAya
менің мына тасбақа сияқты қадамыммен бұдан дәме етуімнің өзі де греххх шығар… жайлап керекте жүре берейін, бір жер қызықтырса, басқа жаққа бұрыла алмайтын әдет бар… Сонда да қай сайт екенін айта салсаң қарап жүретін… )))))
asaubota
алғашқы 32-лікке ілініп қалуың ғажап емес
MamaAya
таааак, жалпы қаншаның ішіндегі «32лік» ол?  стараться етсем бе екен м? алдыға цель қойсам, әйтеуір жетуші ем…  бірақ «откуда у тебя столько денег?» дегенге не жауап берем?
Ispek92
Алдымен жетім балаларға барар едім.
 тауып бердім сізге мінекей
Соңғы түзету:
MamaAya
жоқ, болмайды екен, оны кейін, өзімнің ісім жүрген соң қолға аламын, ал мында ақша табуЫМ нереально… ойланып көрдім…
Соңғы түзету:
bake
Бәр қызықтан құр қалып жүрміз. Негізі қатысу немесе қатыспау ерікті іс. Дербес блогер қатары ұнайды. Сүрінеміз, жығыламыз жолды аяғына дейін жүріп шығуға тырысамыз.