Бір әуеннің тарихы
Бір сәт елестетіңізші. Сіз XVIII-ғасырда өмір сүріп жатқан, ұлты неміс, бірақ британ королінің қол астындағы композиторсыз. Арада үш ғасыр өткенде сіздің бір туындыңыз миллиондаған адамды баурап, экстазға келтіреді дегенге сенер ме едіңіз? Георг Фридрих Гендель мұны түсінде де көрмеген шығар. Алайда, оның шығармасының даңқы Бетховен мен Моцарт армандай алмайтын деңгейге жетті. Айтып отырғаным – 1727-жылы ағылшын королі Георг ІІ-нің таққа отыру құрметіне жазылған «Задок машайық» (Zadok the Priest) антемі.
Алайда Тони Бриттен есімді ағылшын композиторынсыз антем қазіргідей танымал болмас еді. Әрине, шығарманың жалпы ноталары сақталды. Бірақ, Бриттеннің өңдеуінен кейін ол әлдеқайда рухты, мәртебелі, ұлы әуенге айналды. Бұл 1992-жыл болатын. Енді «Задок машайық» «Чемпиондар лигасының гимні» деп атала бастады.
Чемпиондар лигасын бұл әуенсіз елестету мүмкін емес. Әрі суық, әрі ыстық, бірде аяздағы металлдай қарып алса, келесі нотасы маңдайдан терді бұрқ еткізеді. Тым биік, ғарыштық мотивтері алпыс екі тамырдың бәріне қан жүгіртіп, жүйке талшықтарын енді басталатын таңғажайып футбол спектакліне дайындайды. Тіпті, гимн ойналмаса матчтардың да мәні кететіндей.
Гимнді орындаған Лондондағы «Әулие Мартин» шіркеуінің академиялық хоры, сүймелдеген Королдік филармониялық оркестр. Сөздері қарапайым. «Бұл үздік командалар, Чемпиондар, Үлкен спорттық оқиға» деген мағынадағы сөздер ағылшын, француз және неміс тілдерінде қайталана береді.
Енді бірнеше күннен соң Чемпиондар Лигасының кезекті маусымы басталады. Футбол жанкүйерлері жаз бойы асыға күткен ойындар. Ең үздік командалар мен ең мықты споршылардың өнеріне куә боламыз. Әттең, қазақ жанкүйерлері үшін бұл әуенді тек теледидардан естуге ғана тура келеді. Бірақ, кім білсін, келесі маусымда біз де стадионда қосыла шырқап тұрармыз.

15 пікір