Стақандастарым. Тәрен

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Тәрен

«Марқұм Паниковскийді ардақты әке, аяулы жан болды деп айта аламыз ба? Әрине, айта алмаймыз!» ©«Алтын бұзау»

«Ақыр аяғы — Тәренмен ішіп жүр». Бұл сөз біздің ауылда — әлеуметтік баспалдақтың төменгі соңғы сатысына тігіліп түскеніңді білдіреді. Бұл үкімнен кейін сені ендігәрі тіпті қазан көтерісуге де шақырмайды. Өзіңді бір-түрлі, баррикаданың басқа жағына секіріп түскендей сезінесің. Тәренмен отырған күннен бастап, «аластатылғандар» кастасының құрметті мүшесі ретінде сенімен ешкім амандаспайды. Тиіспейді де. Тіпті, Туаймайтеннің тас қараңғы түнінде бір қора ақшаны құлақшыныңа әдейі іліп қойып, өзің өлердей мас боп келе жатсаң да ешкім тиіспейді.

Иә, иә, әуелде мен де аса хердірменді охуйрман сияқты, Тәренді жұрт жазықсыз жазғырады деп ойлағам. Жоқ, халық айтса қалт айтпайтыны рас боп шықты. Тәрен шынымен — нашар адам екен. Бұл ептібайымайд әдейі мас боп қалады да, ертеңіне қалтамда ақша болып еді деп бәле жабады екен. Жапқанда да, тіпті млитсәға дейін баратын көрінеді.

Дәруіштің жұпыны көшелері қытымыр ауа райымен және қирап тұрған бастың ауруымен араласып, өлеғалудың тез әрі ауыртпайтын әдісі бола ма екен өзі деп ойлап келе жатқам. Бұрнағы жылы Аид амигоға басаурудан аттанып кеткен Нұрмақ айтып еді, алысқа бармайтынымды біліп, зымырап келе жатқан мәшінеге басымды тоса қойдым деп. Айтқанда — түсімде аян беріп айтты нақ, көшені мүрделер кезіп жүретін жағдайға жете қойған жоқпыз әлі, ептібайымайд!

Үйлер арасында қалып қойған моладай сұрқай Талшын әжесстің үйінің қасынан өте бергенде, теректің түбінен біреу: «фіш, эу, фіш» деп, ебедейсіз ысқырды. Тәрен екен. Қылмойын жарықтықты күн сәулесіне шағылыстырып әрі-бері жалаңдатып көрсетті. Жетіп бардым. Неткен керемет адам: сәлем күтпестен-ақ, тай кесе болуға — бір уыс балшық жетпей қалған үлкен кесені кенересіне келтіре құйып кеп жібергені! Құяр-құймастан қағып салдым! Әлем кенет күңгірт жамылғысын лақтырып тастап, жадырап сала бермесі бар ма!

— Құлауға әзер келе жатқаныңды көріп...-деді Тәрен енді өзіне құйып жатып.

— Рахмет! — дедім мен ырзалықпен.

— Осы ауылда шайтан бар десем ғой, сенбес едің — деді Тәрен тіскебасарды икемдеп жатып, — бірақ таң атпай — кеше әкеліп қойған жигулидің су жаңа төрт шинасы жоқ боп кеткені рас.

— Таң атпай болса, үш жарымнан бастап бас жазатын Қабайдан басқа шайтан жоқ қой бұл ауылда! — дедім мен әзілдеген болып.

— Сол ғой, сол! — деді Тәрен күрт өзгеріп, — сол! Сен де білесің ғой Қабайдың таң атпай тұратынын! Көке бала, сондайын білем деп айтшы! Участковыйға!

— А? Не? Қайдағы участковый?

— Жаптырып тастадым ептібайымайд Қабайды! Мойындамай жатқан көрінед, сен көрдім десең — тырп ете алмас ед те!

Өле қалса, шіруге көп уақыт кетпейтін арық иегінен салып жібергім келіп, қолымды сермегені — сермедім де, жұрт айтатын бәлеқорлығы мезетте есіме түсіп, тиюге аз қалған жұдырығымды бұрып әкеттім. Ондай да болады екен. Шынымен, құрыған адам екен нақ!

Сөзімді, кезінде Абош Крыловтан тігіп кетіп аударған мына өлең жолымен аяқтағым келеді:

Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын,
Қошеметшілердің амалын.
Сонда да солар қайда жоқ?
Ептеп айтса, ересің,
Саның соғып артынан
Өкінгенмен пайда жоқ…


* Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

9 пікір

Aya
па шіркін-ай… Тамаша.
Korkem
Мынаның қарқыны өзгеше екен
aikarakoz
иии өзімен-өзі ішіп, ешкімге зиянын тигізбей жүрген кідәй жүрегім-ай
Ispek92
мынау керемет шықты енД,
aza
Мұны қалай оқығанымды ұмытпаймын
AL-ASTER
Тәрен мен Сатыбалды екі қолмен ұстауға келетін кесемен арақ ішіп отырған уақытта, мен қастарында үндемей еріп жүрген болатынмын. Рас, осы хәдеби шедеврді оқып отырған кезде.
edige
Бәрекелді Сатеке.
Бұл «таржергеніңе» емес, әсерлете, елестете жеткізгеніңе…
Daniar-Alan
Абош Крылов
ыххаха )))