Стақандастарым. Император Клавдий
— Үш жүз сестерций — деді Клавдий астындағы жәлапты жәукемдеуін тоқтатпастан.
Шошып кеттім шешесс.
— Марстан қорықсаңшы, Клавдий! — дедім мен жалбарына, — қураған бұтағы да жоқ даладағы қуып кеткен халықтар үшін — үш жүз сестерций? Араның ашылайын депті!
Клавдий ойланып қалды. Ойланып қалғанда, жезөкшені айдауын тоқтатпастан ойланып қалды. Лібәдтің бетінде ләззаттың нышаны да жоқ, рақаттанбаса қойыма керек пе екен осы.
— Лібә, сен олай деме! Анау жөйіт деген халық пензесс нақ! Көрім саудагер халық, көпестері ақшаңды салықпен бір-ақ жылда шығарып беред!
Мен шын ашуланайын дедім.
— Білә, сенатта сөзіңді сөйледім; жорықтан олжалаған қатындарды қыздай астыңа және салып беріп жүрдім! Ақыр аяғы — досың емеспін бе: басқа-басқа, маған сатқаның не қылғаның! Сенатта бір-ақ сөзің ғой мені Жөйітстан патшасы деп жариялау!
Клавдий болса, ыдысыма өз ыдысын еркімнен тыс шашып-төгіп соғыстырып алды да, шарапты ағызып-тамызып қағып салды. Айтпақшы, бұл кезде де — әлгі бейшара жезөкшені итеруін тоқтатқан жоқ. Мен құлықсыз ұрттаған болдым да, көңіл-күйімді — дамбал тұсымнан сырғып бара жатқан жерінен әрең ұстап қалып, шығып кеттім.
Көне рұм моншасының алдында ешкім жоқ екен. Ана жер, мына жерде қастандық ойластырып тұрған бірді-екілі ептібайымайд болмаса, былай тыныш екен. Білә, бір кезде қуыстан Муңкә шыға келді де (ол не істеп жүр десейш, мал әжеңң!):
— Ой білә, уайымдама нақ! Негізі, Таяу Шығыс — құрыған жер! Білә, өткен жылы болдым ғой мен о жақта! Зайып ал нақ: аспаннан күн құрғатпай аян түсед те жатад, екінің бірі өзін әулиемін дейд! Очм, Аспан Әміршілері сол жердің аспанын жақсылап тесіп алған, жергілікті хуйлықтарға пензесс ақылды бірдеңелер лақтырып қойып, өздері бұттан кетіп жатад…
… Талықсып ұйықтап кеткен екем. Түсімде сөз бастаған Муңкә өңімде жалғастырып жатыр екен. Жымидым. Муңкә сияқты дос — тіпті түсіңде де тастамайд!!!
* Иллюстрация: Василий Шульженко
Сааааааааааааааат, сізді жааааааааааааақсы көреееееееееееем. Не деген жазу машығы
машығының ғашығы