сен оқымаған хат...
Біз екеуміз ғашықтар болмасақ та болар еді. Жай ғана жақын достар болсақ қандай керемет болар еді ия? Мұңайған кезіңде сен маған қоңырау шалар едің.Мен барлық шаруамды тастап жаныңа барар едім.Сен тіземе басыңды қойып, кезекті ғашықтық дертің туралы сөз етер едің. Ал мен сенің қап қара қайратты шаштарыңды саусағыммен тарамдай отырып,үнсіз ғана тыңдар едім.Саған арнап апельсин тортын пісірер едім.Тұмауратқан кезіңде үлкен мөлдір шыны бокалға таңқурай қосылған шай демдер едім.Сен тоқыма жамылғыға оранып алып, ыстық шайды ақырын үрлеп ішер едің.Ал мен саған білдіртпей ғана сыртыңнан сүйсіне қарап отырар едім.Әр сенбі күні мойнымызға сары қызыл шарф орап алып, сенің сүйікті футбол командаң Галатасарайдың мачын көретін едік .Қарсылас қақпаға кірген әр доп үшін, балаша қуанар едік… Керемет болар еді ия? Екеуміз дос болсақ… Осының өзі маған жеткілікті еді.Тым құрығанда бір сәт жаныңда болар едім..Cенен мұншалықты алыста болмас едім Сарғая сағынбас үшін сені аз уақыт болса да көре алар едім.аз.Аз уақыт болса да аспанды еске түсіретін тұп тұнық көздеріңе қарап жанымды жылытар едім.
Айтқым келетін сөздер бар, сыр шертетін хикаялар.естеліктер… Күшім жетсе шіркін, бұрынғы кінәсіздігімді түсіндіре алсам.Тек қана тыншымаған жан айқайым ғана қалды енді.Сөйлей алмасам да жүрегімнің түбіне көміп тастаған сөздерім.
Қанша жапа шектірсең де, жүрегімнен жұлып алып тастай алмадым сені.
Өкінесің бе деймісің, Жоқ, ешқашан.
Істеген нәрселеріме өкінбеуді біраз жыл бұрын үйрендім.Не болса да шешімімді өзгертпеуді үйрендім.Бірақ ішімде, қарсы тұруға күшім жетпеген, жүрегіме жайылуына кедергі бола алмаған бір сезім бар: сағыныш деген…
Маған не болып жүр өзі… Білмеймін…
Сағындым сені… Сағыныш жүрегімді тілім тілім етіп тастады.
Қайда қалды сол кездегі ішімде тау тау болып үйіліп жатқан тәккәпарлығым?
Енді баяғы күйім мүлдем жоқ.Көздерімде жанған жалын әлдеқашан өшкен.Жүрегімнің бұрынғы бұлқынысы да жоқ.Өз өзінен жиіркенген жанымды әзер алып жүрген құр сүлдерім ғана қалды.Қазір не істеп жатыр екенсің? Білмеймін.Білсем де қарсы шығар қауқарым жоқ.Білемін......қазіргі кезде басымнан нелер өтіп жатса да, бәріне өзім кінәлімін…
Айтқым келетін сөздер бар, сыр шертетін хикаялар.естеліктер… Күшім жетсе шіркін, бұрынғы кінәсіздігімді түсіндіре алсам.Тек қана тыншымаған жан айқайым ғана қалды енді.Сөйлей алмасам да жүрегімнің түбіне көміп тастаған сөздерім......ӘТТЕҢ ЕКЕУМІЗДЕ БІР ЖЫНЫСТАН БОЛМАҒАНДА БӘРІ БАСҚАША БОЛАРМА ЕДІ КІМ БІЛЕТ… деп аяқтап жіверседе болады екен
бірақ жалпы, тіс қаққан айғырлар жаңа келген юзерлерді үркітіп жібереді.