19 пікір

Gulistan
Мен естігенде, құладым ше..
rymbek
Қазақша креатив деген осы
asaubota
мұны ол басында бір жерде орысша айтып пе еді? 2-3 ай бұрын бастығым айтып келді дәл осының орысшасын. тойда ма бір жерде естіпті обшым Тұрсынбектен.
Emilia
Күлкілі емес ешқандай
Gulistan
Мәселе дөп басуында, кісінеу міндетті емес.
torgai
Базар жоқ. Дер едім. Аты өзгеріп кетті. Әсіресе «Тыныштыққа үйреніп қалған. Улап-шулап шошытпаңдар!» дегені жаман кетті
asaubota
мен әзіл деңгейі жоғарылау және футбол фанаты болғандығымнан бұл түк ұнамады, дегенмен бөлістім
Edu
Футболистердің бар деңгейі сол болса мың жерден айқайлағанмен белден жоғары секіре алмайсың.
Ойнай алмайтыны содан боп жүргендей Қайрат ерекше мәз болған екен.
Anar70
менің де ұлым футболшы, футбол десе ішкен асын жерге қояды… бірақ сол Президент, Жаттықтырушылар деген азаматтар((((( көп нәрсені шешеді.
Adiletshu
Anar70
Әділет, сен де футболист екенсің ғой)))))))))))))))))))
Adiletshu
Футболист емеспін
User
Дым қызық емес.Бұған тек футболды түсінбейтіндер ғана күлед.
MickThatsMyNick
Нағыз футбол фанаты табанды болуы керек, сосын командасы әлсіз болса да, қанша ұтыла берсе де оған болысудан жалықпауы тиіс, өз командасына беріктігі осы жерден байқалады. Әйтпесе көбіміз мықты командаға болысатын әдетіміз бар. Оның үстіне естуімше, Ақтөбеден басқа қалаларда футболға билет бағасы арзандау екен. Аптасына 200-300 теңге шығарып тұрғаннан ештеңе де кетпейді. А бірақ бармай-ақ қойыңдар, көп барып кетсеңіздер билет бағасын біздікіндей қымбаттатып жіберуі мүмкін, енді өздерің қараңдарщищ.)
Zilola
Маған негізі Тұрсынбектің әзілі анча ұнамайды, бірақ елдің бәрі жақсы көреді ғо.
rymbek
Тұрсынбек дұрыс айтады. Қазақстан бойынша жанкүйерлік мәдениет керемет дамыған деген Ақтөбенің өзінде қисықтар жетеді. Бірақ, жанкүйерлік соңғы нәтижеге өте көп ықпал етеді. Футболшылар, олар да етпен сүйектен жаралған адам. Қараңыз, Ақтөбенің ойындары, осы жылға дейін евроаренада барлығы 36 ойын ойнаған екен. Соның жартысы Ақтөбе орталық стадионында. Ол стадионда Ақтөбе тек 2 рет ұтылды. Вердерден (ол жылы Вердер мықты болған Озил, Торстен Фрингс, Уго Алмейда, Мертезакер, Писсаро) сосын биыл Динамо КИевтен. Бірақ осы ұтылған ойындарда бәрібір Ақтөбе клубы күшті ойнады. Айтпағым, егер жанкүйерлер Ақтөбедегідей тұрақты болса, ол кезде футболшылардың өзінің ісіне деген ойы басқаша болады. Қай жылда да Ақтөбеде стадионда Қазақстан деңгейі бойынша өте көп жанкүйер жиналатын болды. Есімде, 2004 жылы Ақтөбе Орал командасымен ойнап жатқан, сол кездің өзінде 5000 адам жиналатын. Ол кезде Ақтөбе чемпионда емес, орта деңгейдегі команда болатын. Сол жылдары емес, қазірдің өзінде 5000 жанкүйер келсе қуанатын клубтар көп.
Сондықтан да стадионға келейік, қолдау көрсетейік, тіпті ұтылып жатса да, жазғырмай қолдау көрсетейік. Сол кезде ғана нағыз футбол көресіз.
MickThatsMyNick
Жалпы Тұрсынбек осы әзілімен өзінің жанкүйер еместігін, ҚПЛ-ды бақыламайтындығын көрсеткен сияқты, мүмкін осы әзілі концертке келген орта жастағы азаматтарға бағытталған шығар, футболға жиі барып тұрыңдар дегендей.) Құдайға шүкір жанкүйерлік қазір 3-4 қалада қарқынды дамып келеді.