Кім қай дене мүшесін сақтандырғысы келеді
Бұрындары үй, темір тұлпар деген сияқты дүние-мүлік сақтандырылса, қазіргі таңда даусын, көзін, итін, мұрнын яғни дене мүшелері мен жануарларын сақтандыру сәнге айналған. Бүл үрдіс әсіресе шет елде қара пиар ретінде пайдаланылады. Мәселен Американдық актер Бен Терпин 1920 жылы 25 мың долларға көзін, әзілқой Кен Додд 4 млнга тісін сақтандырған. Атақты футболшылардан Зинедин Зидан, Майкл Оуэн 85 мың долларға, Майкл Джексон 5 млнға аяқтарын сақтандырған. Ағылшын әншісі Мэрилин Монро да керемет даусы бола тұра, даусын емес, 10 мың АҚШ долларына аяғын сақтандырыпты. Әлемде қыз-келіншектер арасынан ең алғаш төсін сақтандырған әйел ол –Софи Лорен. Ал Дженифер Лопестің бесінші нүктесі яғни жамбасын сақтандыру үшін 300 млн ақшасы кеткен.
Ал атақты цирк промоутерлері ағайынды Ринлиндер өздерінің көрсетілімдерінде өнер көрсететін піл мен мүйізтұмсықты қайтыс болудан және ауырып, еңбекке қабілеттілігін жоғалтудан сақтандырған. Лондондағы бір кішігірім италия мейрамханасының иесі жарнамалау мақсатымен «Мадам Тюссо» мұражайына үстел басында стакан ұстап отырған өз мүсініне тапсырыс береді. Мүсіннің ұнағаны соншалық, ол оны Даниядағы көрмеге апармақ болады. Ол мүсінді тасымалдау және көрмеге қою кезеңінде 5 фунт сыйлықақы төлей отырып, 2500 фунтқа сақтандырған. Біздің Қазақстанда көлік пен дүние-мүлік ғана сақтандырылады екен. Жақында студияға қонақ ретінде әнші Шәкизада келді, содан сұрағанымды мен өмірімді сақтандырып қойғанмын деп жауап қатты. Міне айта берсек осындай қызықтар көп, ал сіз өзіңіз дене мүшеңізді сақтандырар ма едіңіз?
ия. миымды!
Дене мүше тұрмақ, өмірімді де сақтандырмас ем.