Үлкендерге реніш

Үлкен адамдардан естіп келе жатқан ақылдарым: «Бұл заманда честныйлық деген керек емес», «Слишком ақкөңіл болған дұрыс емес», «Честный болсаң ешнәрсеге де жетпейсің»
Шын жүріп, таза еңбекке ғана арқа сүйеп дәулетті болу қиын, бірақ мүмкін нәрсе. Пара ала алмайтын, тіпті өмірдің өзі олар айтпақшы үйрете алмайтын жандар болады. Ал үлкендер оларды маған бейшаралар, неудачниктер етіп көрсетеді, олардан үлгі алма дейді.
Алдыңа адам келетін жұмысқа тұр дейді, біреу келіп алдыңа іс айтатын жұмыс дұрысы дейді. Санэпидем, прокуратура, министрліктерді мысалға келтіреді.
Ренжимін мен оларға, жастары жарты ғасырға келген адамдардан мен ондайды естігім келмейді. Олар маған барынша таза жүр, артыңда балаларың мақтанардай, жақсы ісің мен атың оларға азық болардай адам болуға тырыс десе екен деймін. Олар өйтіп өте сирек айтады. Дастархан үстінде, жиылыстарда «Бәленше қалай акиматқа кірді солай байып кетті ғо» сынды әңгімелер. Адамдардың маскасы деген, маскарады деген жай айтылмаған дүние болды, шынымен де бәрі бәрі бәрі өтірік пен байлықтың тақырыбынан аспайды. Барлық заманда да солай болған, солай бола береді.
Бөлісу:

11 пікір

ken
Барлық заманда да солай болған, солай бола береді.
Онда несіне ренжисің?
danakyz
адал, адалдық деп айта берш…
ereke_enu1
Иә, уақыт өте адамдар бұрыннан сондай екен ғой деген ойға келесің. Адамгершілігін байлық-бақтан жоғары қоятын адамдар көп болсын!
torgai
Олар айта берсін. Сен өз дегеніңді істей бер.
Adiletshu
Алматыда 60-тан асқан бір құдамыз бар. Кезінде бандит болған. Үстінің бәрі тату. Сол кісінің әңгімелерін тыңдағанды жақсы көремін. Тек жақсы нәрселер айтады. Басқа шалдардың қасына отырсаң шіріген әңгіме айтады. Ұят
MERmukhanov
Думбадздені неге ник еттің екен, өзіңнің атың ерекше ғой
Blogshy
Оны Абай да түзей алмай, ең соңында " Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ" демеп пе еді?
edige
Үлкендерге ренжитін кездер барлығында да болады…
Ақсақал деуге лайықсыз қаншама адамдар бар.
Өз ұл-қызы қалып жоғарыға кеткен туысының ұл-қызын жамандайтын...«Келіннен билігі өтпейді» деп ұлына жекіп, «Күйеу баланы мықты ұста» деп қызына ақыл айтатындар… еййй көп қой тізе берсе…
Ертең өзіміз де сол қатарға барамыз… сол кезде осы сабақ еске түссеші
zhanibek
Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім»,-деп айтатын бұрынғылар жоқ. Жарты ғасыр жасап көрмейді дүние деген иттің к.тін, жеп жүрғой біреуінің біреу етін.Онымен қоймай ұрпағында озі сияқты ит болсын деп азғырар үлкендер иттің басынан көп өкінішті
kydyrbai
Адамдарды жеңе алмайсың. Сен не істесең де жұрттың баласынан оза алмайсың. Ең бастысы өз мақсатың,өз биігің болу керек. «Аққа құдай жақ» деген, адал жүрем деген ниетіңнен қайтпа, пайдасын көрмесең, зияны болмас, бұл өмірде қайтпаса, о дүниеде Аллаһтан қайтар…
temir1986
Ол да өзіңдей ит болсын, азғыр азғыр деген тірлік қой. Енді сен бір түзу жүрейін десең айналаңнан итше қамап ақыл айтқанда тура жолдан қалай тайғаныңды сезбей де қаласың.