Стақандастарым. Ақыншаның үш ерлігі. #3
Хераклдың аңыздарда айтылмай қалған он үшінші ерлігі бар көрінеді. Типінақ, бір патшаның секске тоймайтын қаптаған қыздарын таң атқанша айыздарын қандырыпты деседі. «Лібә, — деуші едім мен, — лоқ оқырманға адамның мықты екенін дәлелдеу үшін тігіліп он екі ерлік ойлап тапқшана, тек осы аңызды айтса да болар еді ғой!».
Сол сияқты, Ақынша стақандасымның генийін, монументалды ұлылығын тек осы, үшінші ерлігімен-ақ жеткізуге болмас па еді деп қ ам жеп қалдым.
Очм, дүкенде шалатуған дүкенші мен оның құсық таразысы ғана қалған қат замандарда орын алған охуйға болса керек. Хуйлық Мақтымның зәресін алып болады әбден:
— Ойбай, Орынбордың Айтуаровкасын беске білеміз! Құдаларың сол жақтан болса — бөшкелеп ішкізуге дайындал! Кемінде 50 бөтелке дайындап қой!
— Ептібайымайдтың-ай,-дейді Мақтым налып, — дүкенде қураған бұтақ та жоқ: 15 бөтелке әрең таптым; қайдан ғана алайын енді, қайдан ғана алайын!
— Ой шешесс, масқара болдым дей бер онда, сынап кететін болды — дейді хуйлық тіпті қоздырып.
— Неге сынайды? Бір жылқы жығып отырмыз. Мәнтілеріне сиырдың жартысын және алдым… Көлге апарып кәуап істейміз тағы, оған екі қойдың кәлләсі қиылды. Жол-пұлдарын өзіміз көтереміз. Кәндитер қызым шайдың құралдарын толтырып тастады. Меніңше жаман емес қой… — дейді Мақтым хуйлықтан гөрі өзін жұбатып.
— Ой, оларға тек қияр қойсаң да жарайд, бірақ арақты көл қылмасаң қабақтары ашылмайд, білеміз ғой! — дейді жұрт тіпті өршіп.
— Тап шешелеріңді сендердің! — деп ақырады сонда Мақтым атып тұрып, — тап енелеріңді сендердің! Әкелеріңді, құда-құдағи, құдашаларыңды сендердің!
— Әжемді ұмыттың — дейді Қатша жеңгей кекетіп.
— Әжеңді абысындарымен қосып! Маған Ақыншаны тауып беріңдер!
Аса херметті охуйрманның назарын, Мақтым амиго Ақыншаны «шақыртыңдар» деп емес, «тауып беріңдер» деп бақырғанына аударғым келеді. Ақынша амиго бұл кездерде ұшарын да, қонарын да қойым білетін адамның қамытын киген кісі болса керек. Әрі-бері ешкім таба алмағасын, Мақтым иті Ақтабанды ертіп, өзі шығады. Алты сағаттың жүзі болғанда қала сыртындағы тастанды жеркепелердің бірінен Ақыншаның әлде өзін, әлде мүрдесін табады. Аузына «зәмзәм суын» тамызып, тірілтіп алып, жеркепенің жанындағы шошқа фермасының есігінің алдында тарихи кездесу болады. Бұл кездесу жергілікті тарихтың аналында «Ақтабан шұбырынды, алкоголь сұлама» деген атпен қалған екен, шешесстің.
Маңыздылығы жөнінен Аңырақай шайқасы мен Күлтөбедегі бастаңғы шегіп кететін бұл эпохалды кездесуде, Кантемиров дивизиясының бұрынғы қатардағы жауынгері Мақтым мен, Түркістан әскери округының бұрынғы сержанты Ақынша амиго, 48 сағаттың ішінде кем дегенде 40 бөтелке арақ не соған балама сұйықтық табуға уағдаласады. Келісім-шарт қарабайыр қол алысу мен, сол жердегі қарға-сауысқандардың куәлік етуімен бекітіледі. Үнді киносындағыдай, тап сол кезде шайдай ашық аспанды бұлт торлап, нажағай ойнап кетті дейді ел артындағы аңыз.
… Келісілген 48 сағаттың 46-ыншы сағаты өтіп, Мақтымның тасынан маза кетіп, жұрт «Ақынша сияқты алқашқа сенген сен де ақымақ» деп, енді сыпсыңдай бергенде, есік алдына УАЗ тоқтап, ішінен екі жәшік коньягі бар Ақынша амиго секіріп түседі. «Араққа зар бов отырғанда, емге жоқ коньякты қайдан таптың?» деп таң қалады жұрт Ақыншаны қаумалап.
Сүйтсе, Ақынша өткенде вокзалда бықсып жүргенде, әскерилердің пойыздан жәшік-жәшік коньяк түсіріп жатқанын көзінің шетімен көріп қалған екен. Әрі қарай — фантастика: вокзалдағы көңілдес қатыны Таяны түнімен төсекте әбден жазалап, ақысы ретінде — оның кез-келген жаққа қоңырау соғуға болатын қызметтік арнайы телефонынан бір-ақ рет қоңырау шалуды сұрайды. Келесі түннен дәмесі бар Тая келіседі. Сонымен, Таяның телефонын алып, жергілікті Әуе Қорғанысы бекетіне қоңырау шалады. Сәлем-сауқтасыз:
— Коньяк есть? — дейді.
— Есть… А вы кто?
— Слушай внимательно! Сейчас к тебе подъедет машина. Туда два ящика коньяка, понял?
— Так точно: два ящика коньяка!..
Осылайша, әкімшілік-әміршілдік жүйеге түскен сызатты, бюрократиялық жүйедегі ақауды шебер пайдалана білген Ақынша стақандасымның мен білетін үш ерлігін жеткізіп, үстімнен Anar70 домыбрасымен бірге түскендей жеңілдеп қалдым. Әлбетте, ер есімін ел есінде қалдырудың басқа да шараларын жасап жатырмыз. Мысалы келесі жылғы мектеп бағдарламасына «Ақтабан шұбырынды, алкоголь сұлама» келісім-шартын енгізуді ұсынып отырмыз, молотовриббентропсстар өңшең.
* Иллюстрация: Василий Шульженко
ерлік! Ақыншанікі де ерлік
Орайы келген соң, мен де бір шындыққа негізделген уахуйғаның сюжетімен бөлісейін:
Бірде ГРУ-дың дүркіреп тұрған тоқсаныншы жылдарында, бір Печон деген ағайыным Алматыдан қалта-қалта азық түлік арқаланып келіп, "інім, мә мынаны қалтаңа салып қой" деп 200 теңге бергені есімде қапты.
«Бұл қалай» десек, қалтасы тесік студент Печон браттың бұл мәрттігінің сыры мынада екен:
Алматыдан пойызға "қоян" боп мініп, ауылға келе жатқан екен, «Ауылдан күтіп алған братаным төлейді пұлын» дегеніне жолсеріктер көнбей, «түсіп қал» дейді. Печон «Жемеңдер, нақ, қойымды істейсіңдер ме?» деп түспей қояды. ӘЛгілер үндемей купеге кіріп кеткеніне Печон мәз боп тұрғанда, оқыстан купесінде бықсып ішіп алған проводниктер атып шығып, братанымызды тамбурге итеріп, есікті ашып тұрып, жүріп бара жатқан пойыздан лақтырып жібермек болады.
Бірақ екі қолымен әзер тұтқаны қармап үлгеріп, Пичон, тұтқаны тас қылып ұстаған күйі бірдеңе қылып оң аяғымен ашулы жолсерікті көкірек тұсынан бір теуіп ішке қарай топ еткізіп, қайта кіреді де, артынан ентелеп келе жатқан «боевигінің (пол жуатын көмекшісі)» құлақ шекесіне жұдырығын сәтті қондырады. Тоңқалаң асып жатқан шаламас жолсеріктерге «Ептібайымайтдар, ойнаған екенсіңдер сендер. Осыдан ауылға жетейін, алды арттарыңнан ЛОМ-ның бастығы Түгеншиев бригадирлеріңмен қосып айдавалад, сосын ГРУ-дағы амиголарым қалған тесіктеріңнен айдайд, алқашатаңаналар» — дегенде "ұры көті қуыс" деген әлгілер шошып кетеді.
Шошығаны сол, әлгілер «артық кеттік, кешірші» деп шайын қойып, орын беріп, жалбарынад.
«Ашуы» әлі басылмаған Печон, кешірім бермей, қатайып отырған-сымақ болады.
Таң жақындап, ауыл таяулай бастағанда, жолсерік көздері мөлтеңдеп, қай тесіктен шыққаны белгісіз мыж-мыж болған майда қағаз ақшалар толған целофан қапшықты ұсынады.
Образға қатты кірген Печон, оған да көнбейді.
Ақыры, ауылға жарты сағат қалғанда, жолсерік әлгі мыж-мыж ақшасының үстіне 100 АҚШ долларын (90-жж едәуір ақша) қосып, «Бырат, бер бір ашуыңды» дегенде, көңілі «жібіген» Печон, әлгіні кешіріп, ақшаны алып, пероннан түскенде, алдынан ЛОМ-ның бастығы да, ГРУ-дың жігіттері де шықпайды.
«АЛды-артыма қарамай тайып отырдым, нақ-ыха-ыха-ыха» -" деп күліп есіне алады, көпті көрген быратанымыз.
Сананың санын көтеріп тұрып, тартжвеіп, сол үшін құрбаннан құн талап етудің ешқашан сөлекеті болмаған.
Аршаттың «Блеф» дейтіні осы шығар.