"Шахтер" алға,"Ақтөбе" қалма!

Футбол, тек қана футбол!: Шахтер алға,Ақтөбе қалма!
Бүгінгі түн, яғни 28-нен 29-на қараған түн миллиондаған қазақстандықтар үшін (бұлай айтсам қателеспейтін шығармын) ұйқысыз түн болды. «Шахтер» қарсыласының атақ-дәрежесіне қарамай мықты ойнады. Жеңілді. Бірақ шотландықтарға бұл жеңіс оңай келген жоқ. Жеңген кездегі қуанғандарын көрсең, бейне бір «Барселона»-ны ұтқандай, балаша қуанды. «Шахтер» жеңілген жоқ, тәжірибе жинады. ИншАллаһ, «Лига Еуропа»-да осыған дейін жинаған тәжірибелерінің арқасында жеңістерге жетер. Қазақстан құрамасы жетпеген жетістікке жетіп, қазақ елінің бір адамдай тақым қысып жанкүйер болуына себеп болған «Шахтер» командасына көп рахмет! Бүткіл қазақ жұрты бір болып, бір тілекте болды. Алға «Шахтер», алға қазақ футболы!
Енді «Ақтөбе» де қуаныш сыйлап, екі бірдей командамыз еуропа бәйгесінде қатар шапса,қалай қуанар едік. Аллаһ футболшыларымызға қуат берсін, жеңісті ойындары,қуанышты сәттері көп болсын! Әмин…
Бөлісу:

4 пікір

burkitshi
ойнағандары маған ұнады
Ispek92



Барселонаны жеңгендей болған түрлерін қара ептілердің
nurik_muzei
шотландық футбол мәнерінің ерекшелігі жылдам ойнау болып табылады… егер «Келтиктің» орнында «Барса» болса жеңіп кетуіміз мүмкін еді… себебі «Барса»футболшылары «жатып алған» қорғаныста ештенені жарытпайды…
torgai
Састырдық қатты. Біздікілер жылдамдықтан ұтылып жатты. Содан соң позицияны беріп қойғандары тағы бар. Стандарттарымыз керемет енді.