Фанаттың сатқындығы
Футболдағы фанат ұғымы қалай өзі? Белгілі бір клубқа жан-тәнімен жанкүйерлік етуі ме? Жалпы футболға Отан ұғымы керек пе? Басқа елге, клубқа жанкүйерлік етудің несі айып? Гаста адамдардың неліктен бір жаққа фанат болатынын ашып түсіндіре алатын шығар, бәлкім. Мені мазалап отырған сұрақ — өз елінің клубына жанкүйер болмағанды сатқын деу лайықты ма?
Өткен аптада «Шахтер» — «Селтик» ойынында шотландықтарға жанкүйерлік танытқан қазақ жігіті туралы естіген шығарсыздар. Сол жігіт вконактедегі парақшасына жауап жазыпты. Егер атын шығаруды мақсат етті десек, онда Жәнібектің жолы болды. Алайда, көпшіліктің алдында сүйкімсіз болды. Тіпті, Отанын сатты деп кесіп айтамын. (Бұл сөзім үшін мені айыптауларыңызға болады).
Бала күнімізде «а», "ә" сыныбы болып жарысатынбыз. Одан қала берді басқа сыныптармен бәсекелесеміз. Аймақтық жарыстарға барсақ, өзіміздің мектепке болысамыз. Ауданда аймаққа, облыста ауданға… Осылай кете береді. Төбелессек те көше-көше болып күш сынастық. Көрші ауылдың балалары келгенде күні кеше ғана өзіміз ұрған немесе таяқ жеген жігіт үшін тұратынбыз. Сол көрші ауылдың балаларымен бірге ауданға бара қалсақ, басқа аймақтан келгендерге біріге доқ көрсетеміз. Аудан, облысқа әртүрлі жарысқа барғандар мұны жақсы түсінеді. Мұның себебі — адамдардың бірігуге мұқтаждығы.
Елестетіп көрейікші: аймақтық жарысқа бардың делік. Ауылдастарыңа болысудың орнына әңгімең көптен бері жарасып жүрген көрші ауылдың жігіттеріне жақтастың. Сонда не болатын еді? Әлбетте, одан кейін көшеге шыға алмай қалатыныңа мен кепіл. Бекерден бекер «ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деп үйретпеді бізге.
Жоғарыда бала күніміздегі жағдайды келтірдім ғой. Қазіргі кезде де соның ұлғайған нұсқасы. Маған Месси ұнайды, «Барселонаны» жан-тәніммен сүйемін. Қазақстандағы анау-мынау деген фанатқа дес бермеймін. Бірақ, «Шахтер» каталондық клубпен ойнаса, қарағандылықтарға жақтасамын. Осы пікірге көптеген жанкүйерлер қосылады деп ойлаймын. Бұл жердегі мәселе мемлекеттік деңгейге шығып кеткен.
Футболы жақсы дамыған елдерде бір-біріне қас клубтар болатыны белгілі. «Реал Мадрид» пен «Барселона», «Реал» мен «Атлетико»(Екеуі де мадридтік клуб), «Барселона» — «Эспаньол», (Каталондық клубтар), «Челси» — «Арсенал», «МС»-«МЮ»… Тізе берсең өте көп. Осы клубтардың жанкүйерлері әлемдік аренаға шыққанда, «жауларына» болысатыны белгілі. (Арасында Жәнібек секілділер табылатын шығар).
Мен — жамбылдықпын. Жоғарғы лигада әулиеаталық жалғыз клуб бар. Сондықтан, мен «Таразға» жанкүйермін. Шынымды айтсам, мен «Тараздың» ойынын көп көрмеймін. Бірақ, жамбылдық клубтың жеңілмегенін қалаймын. Қазіргі кезде «Шахтер» Еуропа аренасына шықты. Қарт құрлықтың жасыл алаңы ыңырана қозғалып, қазақ даласына көз тастады. Олай болса, мен неліктен «Шахтерді» қолдамауым керек? Иә, «Тараз» бен «Шахтер» кездессе, алғашқысына жанкүйер болатыным анық. Бірақ, бұл жердегі мәселе басқаша. «Шахтер» шетелдің клубымен кездесіп отыр. «Селтик» біз үшін ағайын болуы мүмкін, алайда «Шахтер» бізге ауылдас!

ана жігіт глор емес, нағыз фанат. клубтық деңгейде фанат болып көрмеген адам түсіне алмайды мұны бәрібір. мысалы мен Ақтөбенің ғана фанатымын. Астана мен Шахтерға жыным келетін болғасын екеуінің де сүрінуін тіледім. ал енді қазір Шахтерды қолдауға мәжбүрмін. өйткені биыл сәтті ойнаса рейтинг көтеріледі де, Ақтөбе биыл чемпион болса келесі жылы оған оңай болады.
ана жігітті кінәлау орынсыз деген ойдамын. ол нағыз фанат.
Иә, бұған дейін ел біріншілігіне ешкім назар аудармаған. Шын фанаттар ғана өз клубтарына өңеш жыртып қайтатын. ал, жалпы көпшіліктің«Ей, біздікілерді қойшы» ұстанымын ұстағаны ақиқат.
Мына Селтиктің қазақ жанкүйерін біз еш танымаймыз. сондықтан да оған пәлен деуге хақымыз жоқ. Ол былтыо Барсаны ұтқанда шынайы қуанған шығар. Тіпті, осы Селтик Ресейге келгіп Спартакты жеңген кезде спортбарларда отырған жандардың барлығына тегін сыра алып берген де болар. Ал, ел шетіне жау тиген кезде мұрты көкке шаншылып, «Жау қайда?» деп мұрындап сөйлемесіне кім кепіл?
Осыдан шығатын қорытынды, команда әлсіз болса да, оның фанаттары мықты болса, ол футбол клубтың беделі мен атағы өседі!
Манчестер Юн — Челси: Манчестер Юн с форой (0) 1.62
УГЛ Манчестер Юн — УГЛ Челси: УГЛ Манчестер Юн с форой (0) 1.72
итого 2.79
Негізі фанат болсаң, көп нәрсені ұғар едің, өмірге деген көзқарасың өзгереді. Фанатизм, егер дұрыс бағытта болса, адамды жақсы тәрбиелейді. Бірақ әр бір елде әр қилы. Мысалы, Түркияның фанатизмі шектен шыққандық.
«Атырау» шыққанын қолдамау «мен үшін пох, не болсаң ол бол» дегенмен бірдей ғой. Егер еліңнің клубы шығып, оны қолдамасаң онда ол елде тұрмай-ақ қой. Белгілі бір қаланы ғана қолдаймын деу деңгейінің сол қаланың айналасында ғана екенін көрсетеді.
Қосыламын мына пікірге. Өз еліңнің командасын қолдау керек.
1) Мына заманда жеме жемге келгенде көп нәрсе ақшаға келіп тіреледі.
Мен фанатпын ба, басқамын ба — оны сол аяда жүрген адамдар береді бағамды.
2) Сен не адамның деңгейін қатты анықтап қоятын ба едің? Тәжірибең көп болды ғо шамасы.
3) Сен кім едің маған қай жерге тұруға кеңес беретін? Бір клуб үшін жыртыласың ба, бар Глазгоға, соңғы ақшаңды сарп етіп, тап ертең Шахтер сенің және шын фанаттарының қолдауына зәру болады. Бұл ақиқат.
Вобщм, көтіңді қыс бала.
Францияда Қазақ футболы(!) қарқын алып келеді
Ютубтағы видео кодын осылай қойсаң шығады
Шива осы күнді көруді жазсын